Оқушылардың қысқы президенттік сынаманы тапсыру есебі

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2015-2016 жылдың қысқы Президенттік сынамасын тапсыру

бойынша есебі

Қаңтар айының 23 күні мектепшілік Президенттік сынама өткізілді. Сынамаға 4,7,9,11 сыныптар оқушылары қатысты. Президенттік сынамалар нормативтерін орындауға әзірлік оқушылар мен спорттық инвентарьларды даярлау арқылы жүзеге асырылды.

Сынымаға 100% қатысты. Барлығы 54 бала қатысты, соның ішінде президенттік көрсеткішіне сай тапсырған бала жоқ, ұлттық деңгей көрсеткішін 4 сынып оқушылары - Адайбай Нұрлан, Адал Айназ, Серік Балнар; 7-сыныптан - Айбекұлы Али, Қайратова Алтынай, Сындар Құрмет; 9 сыныптан - Дүйсенбек Бағжан, Азмаганов Алишер, Төлеген Әділет, Класхан Нұрым; 11-сыныптан - Тұрсынжан Мұратбек, Тукенова Диана көрсетті. Ұлттық деңгей көрсеткішін көрсеткен оқушылар саны - 12 бала.

Президенттік сынамалар бойынша тікелей жауапкешілігі - дене тәрбиесі оқытушылары, медқызметкерлеріне жүктелді. Сынаманы тапсыру кезінде жарақат алған оқушылар болмады. Медициналық анықтамасы бойынша «9» сынып оқушысы Мейрамбек Мадина босатылды.

Ату пневматикалық винтовкадан ату - тік таянып тұрған қалыпта тіреуге сүйеніп N-нысана бойынша 5 метрлік қашықтықтан атумен өткізілді. Ату уақыты 15 минут. Шаңғы мен жүгіру шамалы немесе орташа бедерлі жол салынған жердегі ара қашықтықта ауа температурасы 15 С градустан төмен болмаған кезде өткізілді. Сынаманы тапсырған оқушылар мәліметі төмендегідей:

Сынып

Жалпы саны

Тапсырмаған оқушылар саны

Тапсырған оқушылар саны

Ұлттық деңгейді тапсырғандар

Президенттік деңгейді

1

4 сынып

12

-

12

3

-

7 сынып

12

-

12

3

-

2

9 сынып

17

1

16

4

-

3

11 сынып

13


13

2

-

Барлығы

54

1

53

12

-



© 2010-2022