Сыныптан тыс спорттық жарыс Президенттік бессайыс

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қиржибаев Тимур Айтқазинович

«Қаракөл орта мектеп-бақшасы» КММ-сі

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Жеңіл атлетика

«Президенттік бессайыс »

(сыныптан тыс спорттық жарыс)

Мақсаты: а) оқущылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру;

б) Мықты көпсайысшыларды анықтау «Президенттік көпсайыс» спорттық ойындарына қатысатын құрама команда мүшелерін анықтау.

Тәрбиелік мәні: Спорттың адам өмірі үшін, оның жетілуіне, әсемдікке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелейтінін жеткізу.

Міндеттері: а) спортшылардың денсаулығын нығайту.

б) Президенттік сынама және жеңіл атлетика спорт түрін насихаттау.

в) Жүгіру, секіру техникасы мен тактикасын жетілдіру.

Қатысушылар: 8 «А» 8 «Б» 9 «А» 9 «Б»

Түрі: командалық жарыс.

Әдісі: сайыс

Өтетін орны: спорт зал

Керекті құрал-жабдықтар: Пирамидалар, метр өлшегіш, уақыт өлшегіш, жалаушалар, эстафета таяқшалары, суреттер, плакаттар.

Жарыс барысы: Оқушылар сапқа тұрғызылады.Ән ұран айтылады. Құттықтау сөз сөйлеу. Спорт денсаулық кепілі, жан азығы екенін, спортпен шұғылданған адамның мүсіні сұлу, шымыр болатынын айтылады..

I. Мұғалім әр командадан рапорт қабылдайды.

ІI. Жарысымыздың қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.

ІII. Қауіпсіздік және жарыстың ережелерімен таныстыру

IV. а) Эстафета 5x3 ұлдар, 5x2 қыздар жүгіру.

б) 3х10 қайталап жүгіру.

в) Бір орында тұрып ұзындыққа секіру. г) Шалқалап жатып дене көтеру д)Гимнастикалық орындықтан асып секіру

V. Жеңімпаздарды анықтау.

1) Эстафета ұлдар: 5х3 жүгіру.қыздар;5x2 жүгіру. 5 ұл спорт залдың шеңберімен 3 рет айналып, бір-біріне таяқшаны бере жүгіреді Қыздар 2 айналым жасайды.Таяқшаны түсіріп алған команда ереже бойынша жарысты жалғастыру тиіс(жерге түскен таяқшаны тек беруші көтералады).Уақытты аз көрсеткен команда жеңімпаз атанады.

4) 3х10 қайталап жүгіру. Басталады төменгі сөреден, арасы 10м тұрған пирамидкаларды айналып аз уақыт жұмсаған команда жеңген болып есептеледі.

3) Бір орында тұрып ұзындыққа секіру тегіс табанға жұмсақ жерде өткізіледі. Секіретін жерге секіру сызығы мен қашықтық сызықтары белгіленеді. Жерге екі аяқпен түсу керек. Секіру көрсеткіші секіру сызығынан бастап, аяқтың не қолдың тиген жеріне дейінгі қашықтық болып саналады. 4) Шалқалап жатып дене көтеру гимнастикалық төсенішке орындалады. Аяқ тізеден 90 градус бұрыш жасап бүгіледі. Екі қолын желкеде ұстап, екі аяғының басын көмекші оқушы басып тұрады. Бұйрық берілген кезде секунд өлшеуші де іске қосылады.1 минут ішінде денені бір неше рет барынша көтеру қажет 5) Гимнастикалық орындықтан қос аяқпен асып секіру.1 минут ішінде неғурлым көбірек секірген қатысушы жеңімпаз атанады

Әділқазылар командалардың ұпай санын есептегенше ән жолданады.

Жарысқа қатысқан командаларды марапаттау үшін әділқазыларға қорытынды сөз кезегін береміз. Командаларға мақтау қағаздар, сыйлықтар табыс ету.

Сонымен «Президенттік бес сайыс» жарысымыз аяқталды.

ШҚО.Үржар ауданы. Қарақол ауылы

2015 оқу жылы








Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Қарақол ауылы

© 2010-2022