Конспект урока: Аударыспақ ойыны

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: №_____ Класы:_______ Мұғалімі:________________________________ Өткізілетін күні:_____________ Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойын: "Аударыспақ ойыны" Мақсаты: -Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу. -ағзаның қимыл-қозғалыс мүмкіндіктерін арттыру және қозғалыс үйлесімдігін дамыту Міндеті: - Ептілік деңгейін одан әрі дамыту; - Шапшаңдықты жетілдіру; - Салауаттылыққа, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу Спорт құралдары: ысқырық, секундомер, төсеніш Даярлық бөлім: 15 мин.

Сабақ мазмұны

Методикалық нұсқаулар, ескертпелер

Сыныпты сапқа тұрғызу.

Рапорт қабылдау.

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабақ тақырыбымен таныстыру. Мақсатын түсіндіру.

Спорт залда дене қыздыру жүру, жүгіру жаттығуларын орындау.

А)Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру.

Ә)Қолды желкеде,аяқтың өкшесімен жүру.

Б)Қол белде,аяқтың сыртымен жүру.

В)Қол белде,аяқтың ішімен жүру.

Г)Қолды алдыға созып,жартылай отырып жүру.

Д)Қол желкеде,бақаша секіру.

Жүгіру жаттығулары:

А)Қолды алға айналдыру оң бүйірмен жүгіру.

Ә)Қолды артқа айналдырып,сол бүйірмен жгіру.

Б)Қолды созып,тізені жоғары көтере жүгіру.

В)Қолды жамбасқа қойып , өкшені тигізе жүгіру.

Г)Аяқты алға қарай созып жүгіру.

Орында орындалатын қозғалысты жаттығулар:

А)Сол қол жоғарыда,оң қол төменде,қолдарды серпе артқа,1-2- сол қол жоғарыда,3-4- оң қол төменде.

Ә)Қол иықта,1-2- қолды алдыға айналдырамыз.

Б)Саусақтарды айқастырамыз.1-2- алдыға айналдырамыз.,3-4-артқа айналдырамыз.

В)Қол кеудеде,1-2-бүгілген қол артта,3-4- ашылған қолды артқа серпе қозғау.

Г)Қол желкеде,1-кеудені солға бұру,2-кеудені оңға бұру,3-4- қайталау.

Д)1-қол жоғарыда, 2- қол аяқ ұшында,3- отырамыз,4-тұрамыз.

Жалпы сабаққа психоэмоционалдық, физикалық дайындықтарын тексеру

Жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау

Жалпы қадағалау

Қол мен аяқ қозғалысын қадағалау

Берілген тапсырма жаттығуларын орындалуын қадағалау, үйрету.

Негізгі бөлім: 25 мин

"Тартыс" - ұлттық ойын
Ойынның ережесі:
Ойыншылар тепе - тең екі топқа бөлінеді, екі - екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір - біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін - бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір - бірімен орын ауыстырады.

Ойын ережесімен таныстыру

Сақтық шараларын қолдану және ескерту

Қортынды бөлім: 5 мин

1.Бір қатарлы сапқа тұру.

1.Демалуды бастапқы қалыпқа келтіру, оқушылардың психологиялық, эмоциялық көңіл - күйлерін бірте - бірте бәсеңдету

1.Сапқа тұрғызып жетістіктері мен кемшіліктерін айту. Бағалау. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. Класпен қоштасу, класқа саппен ұйымдасқан түрде жіберу.

1.Оқушының жетістігін, ынтасын баға қою арқылы бағалау.



© 2010-2022