Үстел теннисі Теннис тарихы

Раздел Физкультура
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үстел теннисі

Теннис тарихы
Үстел тенисi (пинг - понг) - арнайы ережелерге сәйкес ойын үстелiнiң үстiнде жұмыртқа тәрiздес шарды қалақшаның көмегiмен ұрғылап ойнауға негiзделген спорт түрi. Оның пайда болуы туралы пiкiрлер кереғар. Бiрi Азияда - Қытай немесе Жапонияда туындаған десе, ғалымдардың көпшiлiгi оны XIX ғасырдың II жартысында Англияда король теннисiнiң бiр түрi ретiнде дүниеге келдi деп есептейдi. Оған дәлел - XVI ғасырдың өзiнде - ақ Англия мен Францияда өте қызықты, ережесiз ойынның болғандығы туралы деректер. Үлкен тенистегiдей тор қалақшамен: әйелдер ұзын сәндi көйлек, ерлер смокинг киiп ойнаған ескi суреттер әлi сақталған. Бiр қызығы, алғашында еденде, бертiн келе бөлекше орналасқан үстелдерде ойналып, кейiннен екi үстел бiрiгiп, ортасына тор керме орнатылған екен. Бұл ерекше ойын Еуропада пайда болды дегенмен, әлi күнге дейiн әлем бойынша қытайлықтар бiрiншiлiктi бермей келедi.
1926 жылы Германияның Берлин қаласында үстел теннисiнiң федерациясы құрылып, осы жылы Лондонда тұңғыш әлем чемпионаты өткiзiледi. Алғаш чемпионат өткiзiлген күннен бастап тамашалауға келген жұрттың саны 10 мыңнан асты. 1936 жылы аталмыш спорт түрi «үстел теннисi» деген атауға ие болды.

Үстел теннисі - спорт ойынының бір түрі. Үстел теннисі салмағы 2, 40 - 2, 53 г, шеңбері 11, 4 - 12 см целлулоид доппен арнайы үстел үстінде қалақпен ойналады. Үстелдің дәл ортасына биіктігі 15, 25 см тор тартылады, үстелдің ұзындығы 2, 74 м, ені 1, 525 м, биіктігі 0, 76 м. Үстел қоңыр, көк бояулармен боялады. Допты тордан асыра соғып, үстел бетіне бір рет тигізіп қарсылас жағына түсіру керек. Үстел теннисін екі не төрт адам ойнайды. Бір ойын 21 ұпайға дейін ойналады. Бірақ есеп айырмасы екеу болуға тиіс. Мысалы, 22: 20, 25: 23, т. б. Ресми жарыстарда әрбіреуі 20 миниралтан 3 не 5 рет ойналады. КСРО - да үстел теннисі 1925 жылдан басталды. 1950 жылы Үстел теннисінің федерациясы құрылды. Алғашында жекелей, ал 1952 жылдан командалық біріншілік өткізілді. 1954 жылы КСРО үстел теннисі федерациясы халықаралық теннис федерациясына мүше болды. Қазақстанның алғашқы біріншілігі 1953 жылы өткізілді, КСРО чемпионаттарында республика теннисшілері 7 - орын, жасөспірімдер 6 - орын алды. Республикамыздың үстел теннисінің спортшылары Ә. Серікбаева, В. И. Переверзов, А. Тоқпанов, А. Оспановалар спорттың бұл түрін дамытуға зор үлес қосты.
Қазақстанда үстел теннисiнiң қалыптасуы XX ғасырдың 50жылдары Украинадан келген үстел теннисiнiң маманы Анатолий Ицкевичтiң есiмiмен тығыз байланысты. Елiмiздiң тәжiрибелi жаттықтырушысына айналған Анатолий Хаританович Ицкевич әлемге қазақтан шыққан тұңғыш үстел теннисiнiң қарлығашы Әлия Серiкбаеваны сыйлады. Қаракөз қазақ қызы небәрi 9 жасында алғаш қолына қалақшасын алып, «Медик» спорт залында үстел теннисiнiң дәнiн бойына сiңiредi. Болашақ әлем чемпионы мен жаттықтырушының тағдыр жазған кездесуi Әлияның Болат есiмдi ағасының сол шақта жеткен жетiстiктерiнiң арқасы болатын. Араға көп уақыт салмай, Алматыдағы №39 мектептiң 4сынып оқушысы Әлия Серiкбаеваның бейнесi «Физкультура және спорт» журналының бiрiншi бетiнен жарқырап шыға келдi. Балауса қазақ қызының келбетiн бүкiл одақ сүйсiне тамашалады. 1964 жылдан бастап Әлия қыз елiмiздiң атынан КСРО жартылай финалында «ең жас ойыншы» есебiнде қатысты. ХХ ғасырдың 60 - 70 - жылдарында үстел теннисi олимпиадалық ойындар қатарында болғанда, Қазақстанның Әлия Серiкбаевадай өз чемпионы болар едi. Сол кездегi «Казахстанская правда» газетi: «Кiм бiлер, бәлкiм, бiрнеше жылдан соң жас спортшының есiмi Қазақстаннан алыс шартараптарға жайылар…», - деп жазды.
Расында да, бiртуар шебер қыз ұстаз ұғындыруын лезде қағып алып, ойын қажет ететiн мiнездi, қайтпас қайсарлықты, жылдамдықты, нәзiк саясатты терең меңгерiп, ультрашабуылшы маманға айналды. Орта бойлы алғыр қыздың үстел теннисiне деген айрықша сүйiспеншiлiгi Алланың берген дарыны болса керек. 15 жасында КСРО құрамасының сапында, 17 жасында Киевтегi мектеп спартакиадасында спорт шеберi атанады. Ол: «Менiң екi туылған күнiм бар, бiрi - төлқұжаттағы, екiншiсi - Қазақстанның энциклопедиясында» - деген сөздердi керемет мақтанышпен айтады. Есiмi Қазақстаның үлкен энциклопедиясына жазылған, халықаралық деңгейдегi алғашқы қазақ спорт шеберiнiң жетiстiгi жыл санап өсе түстi. Әлия Серiкбаева өзi сүйген спорт саласына үлкен қызы, алғашқы әйелдерге арналған «Сезон» журналының шығарушысы - Жәмиләны машықтады, өзгелер оны «кiшi Серiкбаева» деп атап кеттi.
Үстел теннисiнiң жаңа буыны қалыптасып, спорт мектепинтернаттарында оқып - жаттықса да, әлi күнге дейiн ешкiм де Әлия апамыздан асып түсе алмады. Тiптен, 1997 жылы өткен ересектер арасындағы Мельбурндегi ойында ол Қазақстанның жалғыз спорт шеберi болып қала бердi. Қаншама жыл Қазақстанның үстел федерациясы вице - президентi қызметiн үлкен жауапкершiлiкпен атқарды.
Кез - келген қоғам ұдайы iлгерi басып отыруы тиiс. «Шәкiрттен ұстаздан озар» демекшi, Әлия Қаһарман қызының iзiн жалғастырушы қазақ спорт шеберлерi жоқтың қасы. Әлия апамыз өз сөзiнде: «Менiң жеңiстерiм ұдайы менiң бағыма орай қиындықсыз берiлетiн, егер бар ынтамды салсам, одан да биiкке шығар ма едiм…», - дейдi. Оның бұл сөзiне қарап, қалайша Әлия апамыздың орнын басар спортшы жоқ деген ойға қаласың… Мәселен, 1993 жылы Қазақстан үстел теннисiнен 43 - орында болса, өткен жылы ол 79 - орынға төмендеген. Бұл сұрақ төңiрегiнде үстел теннисiнiң маманы Қуаныш Идиарұлының айтуынша: «Бiздiң мемлекет тек бокс пен күреске ғана жеткiлiктi мөлшерде қаржылай демеу көрсетiп, үстел теннисi сияқты спорт түрлерi шеткерi қалып қояды, оның үстiне мамандар да азайды», - дейдi.

ТҮЙIН СӨЗ

Қазақстанның спорт федерациясы үстел теннисi сынды спорт саласына дұрыс көзқарас танытып, мемлекет тарпынан қолдау көрсетiп жатса құба - құп. Тәуелсiз ел болып, тереземiз теңелген соңғы жиырма жылда үстел теннисiнiң ойыншылары бiрде - бiр рет әлемдiк деңгейдегi чемпионаттарға қатыстырылмаған. Бұл спорт ойыны елiмiзде одан әрi дамып, Әлия сынды әлем чемпиондары дүниеге келерiне сенгiмiз келедi. Қазақстан Республикасының құрамасы әлемдік жарыстарға қатысса, жүлделі орындарды иеленсе екен деген үлкен үміт бар.

© 2010-2022