Поурочный план по физической культуре на казахском языке на тему Волейбол 7 класс

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Ұлан аудандық білімі беру бөлімі

«С.Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ

«Бекітемін»:

Мектеп директоры:

Б.А.Құмарбеков

«15» 04. 2015 .













Дене шынықтыру пәнінен тізбектелген сабақтар жоспары

«Келісілді»:

Оқу -ісі жөніндегі директордың орынбасары: Г.Т.Садуакасова

«15»04.2015.



7-сынып

Волейбол 4- сағат

Пән мұғалімі: Қайсенов Нұрбек Баскенович

2015-2016 оқу жылы

Сабақ жоспары

Пәні: дене шынықтыру

Сынып:7

1- Сабақ

Сабақ өтілетін уақыт: 8.50.-9.35.

Орны: спортзал

Барлық оқушы саны:10 Жасы:13

Қатысқаны: 10

Сабақ тақырыбы

Спорттық ойын- Волейбол.

Жалпы мақсаттар

Волейбол туралы жалпы түсінік алу. Ұжымдық сезім, тез зейін қою, шапшаң ойлау, дағдыларының қалыптасуы.

Түйінді идея

Ізденіс тапсырмалар арқылы волейбол тарихын тереңірек білу, меңгеру.

Стратегиялар

«Кір жаятын жіп», «Бағдаршам», «Түрткі болу», «Постер жасау» «Жарық жұлдыз».

Көрнектіліктер

Компьютер, плакаттар, фотоаппарат, түрлі-түстіқағаздар.

Дереккөздер

А.Асарбаев.Б.Төтенаев «Мектепте волейболды оқыту». Әдістемелік нұсқау. Алматы-1990 ж. . Б.Төтенаев, С.Тайжанов «Дене тәрбиесі 7 сынып». Алматы «Атамұра» 2001 жыл. Жақсылықова Г.Т.,Каженова А. М., Исмагилова Н.З. « Интербелсенді әдіс - тәсілдер». Әдістемелік құрал. Өскемен 2014 жыл.

Оқыту нәтижелері

Волейбол ойыны туралы түсініктер қалыптасады. Ұжымдық, топтық жұмыстарға дағдыланады.

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



1-кезең

Қызығушылықты ояту


10-12 мин



Сапқа тұрғызу. Сабаққа дайындығын тексеру. Рапорт тапсыртқызу.

«Түрткі болу» әдісі арқылы сұрақтар қойып,

сабақтың тақырыбын жалпы мақсатын оқушылармен анықтау

АКТ пайдалану

Қозғалыс жаттығулары. (жаттығулар комплексі) Қосымша 1

«Нөмірленген қағаз қиындылары» арқылы оқушыларды топқа бөлу

Сапқа тұрады.

Зейін қойып тыңдау.

Оқушылар волейбол добын көру арқылы сабақтың тақырыбын айтып мақсатын анықтайды.

Спорт жетекшісін қайталап жаттығу жасайды.

Бірдей сандар жазылған қағазы бар оқушылар бір топқа топтастырылады.(1,2,3топ)

2-кезең: Мағынаны ажырату

25 мин

АКТ пайдалану

Сергіту сәтін орындау.(Қамажай)

«Кір жаятын жіп» стратегиясы.

Төменгі 6 сұрақ үш конвертке бөлініп, ілінеді.

1. Волейболдың шығу тарихы

2. Қазақстандағы волейбол

3. Ойын барысындағы нақты қозғалыстар

4. Қорғаныс әдістері

5. Волейбол ойынының адам баласына пайдасы қандай?

6.Ойын ережелері

Сұрақтар бойынша постер жасау.

Волейбол ойыны жайлы мәліметтермен оқушылар білімін толықтыру.


Музыканың сүйемелдеуімен жаттығу орындайды

Үш топтың жетекшілері конверттерді алады.


Үш топ сұрақтарды жекелей топта талқылап,

постер жасайды

Әр топтан оқушылар шығып қорғайды.

.

Формативті бағалау: «Бағдаршам»

«Бағдаршам» арқылы оқушының түсіну деңгейін

білу

Әр оқушы түсінгендерін түсті үлестірмелі дөңгелекшелермен көрсетеді

3-кезең: Ой-толғаныс


5 мин

Алған мәліметтері бойынша ойын ережелерін меңгеру. 6-ты ойыншыдан топқа бөліп, волейбол алаңына тұрғызу. 1-6 ойыншының тұру және ауысуын көрсету. «Пионербол» ойыны арқылы ережеге сәйкес ойын элементтерін көрсетеді.

Волейбол алаңында тұру ережесін меңгереді.Түсінбегенін мұғалімнен сұрайды.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар

Үйге тапсырма

2 мин

Волейбол добының алу түрлерін оқып білу. Қазіргі кездегі еліміздегі волейбол ойынының жетістіктері ақпараттар, бейне көріністер.

Берілген тапсырма бойынша мәліметтер іздеу.

Бағалау

2 мин

Жиынтық бағаларын қою топ басшыларына тапсырылады.

топ басшылары бағалайды.

Рефлексия

1 мин

Кері байланыс

«Жарық жұлдыз» стикерлерге не түсінгендерін жазу тапсырылады.

Алған білімдерін, стикердегі әр сызықтың астына жазып, жұлдызға жетуге тырысады. Стикерге аттарын жазып тапсырады.

Қосымша №1

Сапқа тұру оңға солға бұрылу,спорттық жүріс,жеңіл жүгіру

Оң және сол бүйірмен жүру.Тізені жоғары көтеріп жугіру.

Аяқты артқа лақтырып жүгіру.Спорттық жүріс.Баяулау, тынысалу жаттығуы.

Қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.Қолды белге ұстап, өкшемен жүру.

Қолды желкеге ұстап жартылай отырып жүру.Қолды тізеге ұстап толық отырып жүру.

Қолды тізеге ұстап секіріп жүру.Жалпы дене жаттығуларын спорт жетекшісі жасатқызады.(оқушы)

1.Б.К 1- қол алуы 2-жоғары 3-жанында 4.б.қ. қолды жазып сермеу.2.Б.К қол кеуде алдында 1-2 бүгіп 3-4 қолды жазып сермеу. 3.Б.К оң қол жоғарыда сол қолды ауыстырып сермеу.4.Б.К қолды айналдыру 1-4 алдыға 5-8 артқа. 5.Б.К қол буынына жаттығу. 6.Б.К аяқ иықпен бірдей болу керек. Оң қол жоғарыда сол қол белде 1-2 сол жаққа 3-4 оң жаққа жантаямыз. 7.Б.К қол белде 1-алдыға 2-артқа 3-сол жаққа 4-оң жаққа еңкею. 8.Б.К аяқтың алшақтығы иықпен бірдей еңкейіп оң қолмен сол аяққа жеткізу. Диірмен. 9.Б.К 1-3 отыру 2-4 тұру. 10.Б.К қол белде орында секіру. 11.Б.К турникке тартылу.

Сабақ жоспары

Пәні: Дене шынықтыру

Сынып: 7

2- Сабақ

Сабақ өтілетін уақыт: 10.40-11.25.

Орны: спортзал

Барлық оқушы саны:10 Жасы:10

Қатысқаны: 10

Сабақ тақырыбы

Волейбол

Жалпы мақсаттар

Жоғарыдан, төменнен допты беруді және қабылдауды үйрену. Ойын ережесін түсіну.

Түйінді идея

Ойын үйретудің ең тиімді тәсілі.

Стратегиялар

«Сұрақтар түймедағы», «Кім епті», «Бағдаршам», «Басбармақ», «Блоб ағашы»

Көрнектіліктер

Волейбол добы, ысқырауық, секундомер, ноутбук.

Дереккөздер

Б.Төтенаев, С.Тайжанов «Дене тәрбиесі»,7 сынып». Алматы «Атамұра» 2001 жыл.А.Асарбаев., Б.Төтенаев «Мектепте волейболды оқыту». Әдістемелік нұсқау. Алматы-1990 ж. Жақсылықова Г.И., Каженова А.М. Исмагилова Н.З., «Интербелсенді әдіс- тәсілдер». Әдістемелік құрал. Өскемен 2014 жыл.

Оқыту нәтижелері

Оқушы волейбол добын жоғарыдан, төменнен беруді және қабылдауды меңгереді. Оқушылар допты беру, қабылдау ойнау техникасына шыңдалады. Команда жұмыс жасауға дағдыланады.

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



1-кезең.

Қызығушылықты ояту

10-12 мин

Сапқа тұрғызу. Сабаққа дайындығын тексеру. Рапорт тапсыртқызу. Өтетін сабақтың жалпы мақсатын оқушылармен анықтау.

Саптағы жаттығулар. Қосымша №1

Сапқа тұрады.

Зейін қойып тындау.

Сапттық жаттығулар жасайды.

Орныңда тұрып жасайтын жаттығуларды жасату.

Шеңберге тұрады. Спорт жетекшісін қайталап жаттығу жасайды.

«Сұрақтар түймедағы» стратегиясы. Волейбол ойындары туралы сұрақтар беру. Қосымша №2

Берілген сұрақтарға жекелей жауап береді, бірін-бірі толықтырады.

Формативті бағалау: «Бағдаршам» 2 мин

2-кезең: Мағынаны ажырату

25 мин


Суреттер бойынша жұптасу(волейбол добы, тор)

АКТ пайдалану. Сергіту сәті (Қаражорға)

«Кім епті» стратегиясын пайдалану арқылы жоғарыдан, төменнен допты беруді және қабылдауды үйрену.

Әріптеспен жаттығулар орындату.

Қосымша№3

Спорт суреттері бойынша жұптасады.

Сергіту сәтін орындайды.

Жұп болып жұмыс істейді.

-екі оқушы допты жоғарыдан,төменнен беруді және қабылдауды үйренеді.

1) Түсіну

2) Көру

3) Орындау

.

Конфет арқылы 2 топқа топтастыру.

Топқа бөлінген оқушылардың ойын ережесін түсінуі, ойын ойнауы.

Конфет таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.

Волейбол ойынын ойнайды.

Формативті бағалау: топ басшысының бағалауы.

3-кезең: Ой-толғаныс

5 мин

Волейбол ойыны жайлы мәліметтермен білімдерін толықтыру. «Басбармақ» стратегиясы.

Оқушылар волейбол ойынының тәртібін қайталап ойнайды.

Бір- бірімен ой бөліседі.

Өздерінің ойын кезіндегі қателіктерін ескеруі.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар

Үйге тапсырма

2 мин

Волейбол жайлы бейне материал қарастыру, қосымша ақпараттар жинау.

Күнделіктеріне жазып, түсініксіз сұрақтарды сұрайды. Өткен тақырып бойынша қосымша мәліметтер әкелу.

Бағалау

2 мин

Бағалау парағындағы бағаларды ескере отырып, жиынтық бағаны шығару

Бағалау парағындағы критерийлерді ескере отырып, бір-бірін бағалайды.

Рефлексия

1 мин

Кері байланыс . «Блоб ағашы»


Қосымша №1

Оңға, солға, айналып бұрылу.Секіріп бұрылу.

Қозғалыс жаттығулары:

Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен жүру. Спорт жүрісі. Жүгіру:

Арнайы жүгіріс жаттығулар жасау

Тізені кезекпен көтеріп жүгіру. Екі қол артта, өкшені артқа сермеу.

Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру. Оң жағымен жүгіру. Сол жағымен жүгіру.Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу. Теріс қарап жүгіру. Жылдам жүгіру. Спорттық жүріс. Тыныс алу жаттығуы.

Орныңда тұрып жасайтын жаттығуларды жасату.

1.Б.К 1- қол алуы 2-жоғары 3-жанында 4.б.қ. қолды жазып сермеу.2.Б.К қол кеуде алдында 1-2 бүгіп 3-4 қолды жазып сермеу. 3.Б.К оң қол жоғарыда сол қолды ауыстырып сермеу.4.Б.К қолды айналдыру 1-4 алдыға 5-8 артқа. 5.Б.К қол буынына жаттығу. 6.Б.К аяқ иықпен бірдей болу керек. Оң қол жоғарыда сол қол белде 1-2 сол жаққа 3-4 оң жаққа жантаямыз. 7.Б.К қол белде 1-алдыға 2-артқа 3-сол жаққа 4-оң жаққа еңкею. 8.Б.К аяқтың алшақтығы иықпен бірдей еңкейіп оң қолмен сол аяққа жеткізу. Диірмен. 9.Б.К 1-3 отыру 2-4 тұру. 10.Б.К қол белде орында секіру. 11.Б.К турникке тартылу.

Қосымша №2

  1. Волейбол ойынында неше тұрыс бар?

  2. Қабылдау түрлерін ата

  3. Волейбол ойынында қаншы ойыншы болу керек? Олардың міндеттерін ата

  4. Допты ойынға қосудың неше түрі бар?

  5. Ойын неше партиядан тұрады? Ойын партиясының саны өзгеруі мүмкін бе?

  6. Ойын қандай есеппен аяқталуы керек? Ары қарай созылуы мүмкін бе?

Қосымша №3

Поурочный план по физической культуре на казахском языке на тему Волейбол 7 класс Поурочный план по физической культуре на казахском языке на тему Волейбол 7 класс




© 2010-2022