Конспект урока: Кім жүйрікі

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: № класы: 2 «ә» Мұғалімі: Мұхтарұлы Миржан Өткізілетін күні:_____________ Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік» Мақсаты: Оқушылардың денсаулықтарын одан әрі нығайту, ағзаның қимыл-қозғалыс мүмкіндіктерін арттыру және қозғалыс үйлесімдігін дамыту, ойын барысында сақтық шараларын сақтаудың маңызын түсіндіру Міндеті: - Ептілік, ширақтық деңгейін одан әрі дамыту; - Шапшаңдықты жетілдіру; - Салауаттылыққа, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу Спорт құралдары: ысқырық, секундомер, төсеніш

Сабақ мазмұны/дайындық бөлім 15 мин.

Методикалық нұсқаулар, ескертпелер

  1. Сыныпты сапқа тұрғызу. Рапорт. Сәлемдесу, сабақ тақырыбымен таныстыру.

Қауіпсіздік ережесі.

1.Оқушылардың сыртқы спорттық киімін, жалпы көңіл-күйін бақылау, тексеру. Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

Спорт залда дене қыздыру, жүру, жүгіру жаттығуларын орындау: Саптық жаттығулар

1.Нақты нұсқау беру.

2.Жүру түрлері: а)қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру; ә)қолды жанына созып, өкшемен жүру; б)қолды белге қойып, аяқтың сыртқы-ішкі жағымен жүру.

а)қолды бүкпей, түзу ұстау; ә)басты түзу, арқаны тік ұстау; б)басты көтеріп, тізені сәл бүгу.

3.Шеңбер бойымен жүгіру, арнаулы жүгіру жаттығулары: а)тізені жоғары көтеріп жүгіру; ә)аяқты артқа бүгіп жүгіру б)жүрелей отырып секіру в)қарғу г) шапшаң жүгіру

Жылдамдықты дамыту а)тізені жоғары көтеру ә)жауырынды алға ұстап, басты тіктеу; б)қол еркін в)қолды артқа сермеу г)жарысып жүгіру

4.Төрт қатарға тұру, жалпы дамыту жаттығулары.

1. Санау арқылы жүргізу 2.Ұжымдық қатынас дағдыларын қалыптастыру

5. Б.Қ - қалыпты деңгей: 1- басты алға ию 2- басты артқа шалқайту 3- басты солға 4- басты оңға

1.Жай санау арқылы жүзеге асады. 2.Мойын бұлшық етін дамыту

6.Б.Қ- қалыпты деңгей 1- қолды алға созу 2- қолды жоғары көтеру 3- қолды алға созу

1. Жаттығуды сауатты жасауды қадағалау

2. Қолды қозғалту қабілетін дамыту.

7.Б.Қ - қалыпты деңгей 1- қолды алға, артқа айналдыру

1.Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.

8. Б.Қ - қалыпты деңгей 1. Қолды жоғары созу сол, оң жаққа иілу

1.Аяқты түзу ұстау, қолды бүкпеу керек.

9.Б.Қ - қолды артта құлыптап ұстау үш рет алға иілену

Икемділік қабілетін дамыту, аяқ, қолды бүкпеу керек.

Негізгі бөлім 25 мин.


«Кім жүйрік»: Оқушылардың спорттық шапшаңдығын бақылайтын ойын түрі. Бұл ойынға шапшаңдықты және ептілікті қажет ететін әр түрлі ойын элементтерін қосуға болады. Ойынның ережесі оқушылар үш топқа бөлінеді. 1. Баскетбол добымен кедергілер арасымен жүріп өтеді және баскетбол себетіне доп салу.

2. Тарақанша жүріспен ішкі қуысына доп салып жүгіріп келу.

3. Допты желкеде ұстап жүгіріп, қайтарда желкеге қойып секіріп келу.

4. Допты кедергілер арасымен еденге соғып апарып тастап, қайтарда оң аяғын қолға ұстап келу және екінші ойыншы кедергі арасымен сол аяғын қолымен ұстап жүгіріп, қайтарда тастап кеткен добын еденге соғып алып келуі керек. Ойын соңғы ойыншы аяқтағанша жалғасады.

5. Ойыншыларға 4 кедергі беріледі. Әрбір кедергінің ара - қашықтығы 1 метр. Топтың ойыншылары алғашқы кедергіге қолын соғып, орнына қайта келеді де екінші кедергіге қарай қарай қайта жүгіреді. Қолын тигізгеннен кейін орнына келіп үшінші кедергіге барады. Осылайша алғашқы ойыншы 4 кедергіге барып келгеннен кейін ойынды екінші қатысушы жалғастырады.

Ойынның басты мақсаты-команданың немесе топтың, жұптың тез арада белгіленген межеге келуі. Жылдамдықты талап ететін ойын түрінде оқушы балалар өздерінің барлық күш-қимыл ресурстарын көрсетеді.

сақтық шараларын ескерту

Ойын ережесін қадағалау

1.Бір қатарлы сапқа тұру.

1.Демалуды бастапқы қалыпқа келтіру, оқушылардың психологиялық, эмоциялық көңіл - күйлерін бірте - бірте азайту, сабаққа ынтасын қалыптастыру.

1.Сапқа тұрғызып жетістіктері мен кемшіліктерін айту. Бағалау. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. Класпен қоштасу, класқа саппен ұйымдасқан түрде жіберу.

1.Оқушының жетістігін, ынтасын баға қою арқылы бағалау.

Қорытынды бөлім 5 мин.










© 2010-2022