Екі аяқпен 5-6 заттың үстінен секіру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Денсаулық Бөлімі: Дене тәрбиесі Тақырыбы: «Екі аяқпен 5-6 заттың үстінен (15-20см) секіру.» Мақсаты: Заттардың арасымен жүру, жүгіруге заттардан аттап жүруге және секіруге жаттықтыру.                     Бір тізбекте болып келе жатып, команда бойынша екі тізбек жасап жүруге жаттықтыру.                     Көлбеу қойылған тақтай үстімен тепе-теңдік сақтап жүруге, гимнастикалық орындық                     үстінде қысқа се... Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушылық Бір қатар сапқа тұрғызу,  дене түзілісін бақылау және түзелу. Заттардың арасымен жүру, заттарды аттай жүру, қолды шынтақтап бүгіп, денені сәл алға қарай еңкейтіп, бір тізбекте, бір қалыпты жүгіру, жүгіруді жүріске аймастыру.   Қатарға сап түзеп тұрады.     Заттардың арасымен жүреді, жүгіреді. Ұйымдастыру-іздестіру Секіртпемен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары: 1.Б.қ.- екіге бүктелген секіртпенің екі ұшынан ұстап қолды төмен түсіріп тұрады. 1- секіртпені керіп, қолды алға созу. 2- жоғары көтеру. 3- қолды алға созу. 4б.қ.-қа келу.(6-8 рет орындау). 2.Б.қ .- аяқ иық деңгейінде секіртпені желке тұсында ұстап тұру. 1-3 – оңға бұрылу. 4-б.қ.-қа келу.Осылайша сол жақпен орындау. Әр жаққа 5-6рет орындау. 3.-Б.қ.- аяқты сәл алшаққойып тұрып, секіртпені екі шетінен ұстап, қолды арқа жақта ұстау. 4.Б.қ.- негізгі...     Жаттығуларды қателеспей жасауға тырысады.                       Жетекшінің көмегімен негізгі жаттығуларды орындайды.                                         Ойынға белсенді қатысады. Ойындардың шартын орындай отырып ойнайды. Рефлексивті-түзетушілік «Кім кетті?» қимыл-қозғалысы аз ойынын ойнату. Тыныс алу жаттығулары орындалады. Ойын барысында белсенділік танытады. Жатығуларды жетекшімен орындайды. Күтілетін нәтиже: Нені білуі керек: Секіртпені бастан жоғары көтеріп және желке тұсында ұстап гимнастикалық                               орындық  үстінен тепе-теңдік сақтап, аяқтың ұшымен жүріп өту. Нені игерді: Екі аяқпен 5-6 заттың үстінен (15-20см) секіру Нені жасайды:Бір-бірінің артынан адымдап, аласа заттарды аттап жүру.                            Жаттығуларды  дұрыс жасайды.    
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Екі аяқпен 5-6 заттың үстінен (15-20см) секіру.»

Мақсаты: Заттардың арасымен жүру, жүгіруге заттардан аттап жүруге және секіруге жаттықтыру.

Бір тізбекте болып келе жатып, команда бойынша екі тізбек жасап жүруге жаттықтыру.

Көлбеу қойылған тақтай үстімен тепе-теңдік сақтап жүруге, гимнастикалық орындық

үстінде қысқа секіртпенің екі ұшынан ұстап, қолды жоғары бастан асыра көтеріп аяқтың

ұшымен жүгіріп шығып, жүгіріп түсу. Гимнастикалық орындық үстінде қол ұстасып, бір

қырымен жүру, секіртпемен еркін секіру.

Керекті құралдар: гимнастикалық орындық, көлбеу қойылған тақтай, қысқа секіртпе, доп,

5-6 зат, ойыншықтар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Бір қатар сапқа тұрғызу, дене түзілісін бақылау және түзелу.

Заттардың арасымен жүру, заттарды аттай жүру, қолды шынтақтап бүгіп, денені сәл алға қарай еңкейтіп, бір тізбекте, бір қалыпты жүгіру, жүгіруді жүріске аймастыру.

Қатарға сап түзеп тұрады.

Заттардың арасымен жүреді, жүгіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Секіртпемен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:

1.Б.қ.- екіге бүктелген секіртпенің екі ұшынан ұстап қолды төмен түсіріп тұрады.

1- секіртпені керіп, қолды алға созу.

2- жоғары көтеру.

3- қолды алға созу.

4б.қ.-қа келу.(6-8 рет орындау).

2.Б.қ .- аяқ иық деңгейінде секіртпені желке тұсында ұстап тұру.

1-3 - оңға бұрылу.

4-б.қ.-қа келу.Осылайша сол жақпен орындау. Әр жаққа 5-6рет орындау.

3.-Б.қ.- аяқты сәл алшаққойып тұрып, секіртпені екі шетінен ұстап, қолды арқа жақта ұстау.

4.Б.қ.- негізгі тұрыс, секіртпенің екі ұшынан керіп ұстап қолды төмен түсіріп тұру.

5.Б.қ.- етпетінен жату, секіртпені екі ұшынан керіп, бастан жоғары көтеру.

6.Б.қ.- аяқты алға созып отыру, секіртпені желке тұсында ұстау.

7.Б.қ.- қолды бастан асыра созып, шалқадан жату.

1-қолды, аяқты жоғары көтеріп, аяқтың ұшын секіртпеге тигізу.

2-б.қ-қа келу.(6-8реттен орындау).

8.Б.қ.- қолды бастан асыра созып, шалқадан жату.

1-қолды жоғары созу, аяқты жоғары көтеріп, аяқты секіртпенің жағына өткізу.

3.-б.қ-қа келу. (6-8рет орындау).

9.Б.қ.- негізгі тұрыс, екі бүктеулі секіртпені төмен ұстап тұру.

1-2-қолды жоғары көтеріп, секіртпені арқаға түсіру.

3-4 б.қ.-қа келу (6рет)

10.Б.қ -аяқ алшақ , секіртпені екі бүктеп ұстап тұру.Секіртпені еденге параллель түрде айналдырып, секіртпе арқылы оң (сол) аяқпен кезек-кезек секіру. (5-6рет орындау)

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

Гимнастикалық орындық үстінде қол ұстасып, бір бүйірмен жүріп өту.

Еденде жатқан секіртпе үстінен және екі бала секіртпені екі шетінен ұстап, екі жаққа теңселтіп қозғап тұрған секіртпенің үстінен еркін секіру.

Қимыл-қозғалыс ойындары:

«Шеңбер бойындағы доп», «Түйілген орамал», «Жалаушаға кім бұрын жетеді?»

Жаттығуларды қателеспей жасауға тырысады.



Жетекшінің көмегімен негізгі жаттығуларды орындайды.






Ойынға белсенді қатысады.

Ойындардың шартын орындай отырып ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

«Кім кетті?» қимыл-қозғалысы аз ойынын ойнату.

Тыныс алу жаттығулары орындалады.

Ойын барысында белсенділік танытады.

Жатығуларды жетекшімен орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Секіртпені бастан жоғары көтеріп және желке тұсында ұстап гимнастикалық

орындық үстінен тепе-теңдік сақтап, аяқтың ұшымен жүріп өту.

Нені игерді: Екі аяқпен 5-6 заттың үстінен (15-20см) секіру

Нені жасайды: Бір-бірінің артынан адымдап, аласа заттарды аттап жүру.

Жаттығуларды дұрыс жасайды.



© 2010-2022