Толағай - спорттық сайысы

Мақсаты: Білімділік:Спорт жйлы білімдерін толықтыру, әлемдік спорт шеберлерімен таныстаыру. Тәрбиелік: Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін ояту, Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.Спорт арқылы елімізді әлемге танытуға шақыру. Дамытушылық: «Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рубежин жалпы орта білім беретін мектеп- балабақшасы




«ТОЛАҒАЙ»

спорттық жарысы



Өткізгендер: тәлімгер Кужабаева А.М


2013-2014 оқу жылы

Мақсаты: Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін ояту, Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.«Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: Толағай жазуы, спортқа байланысты нақыл сөздер, жалауша, кедергілер, шарлар.ҚР мемлекеттік туы, Гимн,

Өтілетін орны: Спорт зал

Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, матрас, орындық,круг т.б құрал жабдықтар.

Жарыс өтілетін спорт залды дайындау

1.Спорт залдың санитарлық-гигеналық талаптарға сай жуылуы,тазалануы.

2.Залды жарыс талабына сай дайындау.

3.Жарыста қолданылатын спорт құралдарын реттері бойынша дайындап қою.

4.Жарыс кезінде көмектесуге, құралдарды құруға, жинауға көмекшілерді дайындау.

Өту барысы:

Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар!1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне қарсы бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Оқушылар ортаға шығады.Оларды жасырын нөмерлер арқылы 2 топқа бөлеміз.

1 команда: «Бәйтерек»

2 команда: «Атамекен»

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Кітапханашы- Вердиханова Индира Кеңесовна

2. «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы - Скоробогатова Юлия

3. 10а сынып оқушысы Аманкулова Гаухар

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

Бүгінгі спорттық сайыс 7 конкурстан тұрады.

1. «Желаяқтар» сайысы

2. «Футбаскет» сайысы.

3. «Қаңбақ шар» сайысы.

4. «Мұртты кенгуру» сайысы.

5. «Пингвин» сайысы.

6. «Алтын қасық» сайысы

7. «Тар жол» сайысы

1 конкурс: «Желаяқтар» сайысы.

Балалар желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, қайтарда жүгіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Желаяқтар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

2 конкурс: «Футбаскет» сайысы.

Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп барады да, қабырғаға ұрады.

Қайтар жолда жүгіріп келу керек. (Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

3 конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы.

Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып,

қайтар жолда жүгіріп кету керек.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Қаңбақ шар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!

4 конкурс: «Мұртты кенгуру» сайысы.

Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші

жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

5 конкурс: «Пингвин» сайысы.

Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре

сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады)

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

6 конкурс: «Алтын қасық» сайысы.

Қасыққа салынған теннис добын түсірмей мәреге жеткізу, қайтар жолда жүгіріп келу.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Алтын қасық» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады

7 конкурс: «Тар жол» сайысы.

Велосипед камерінің ортасына 2 оқушы кіріп, мәреден айналып келу керек.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Тар жол» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады

Әділ қазылар: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі - салауаттылық. «Толағай» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау, еліміз тыныш, елбасымыз аман болсын ағайын!

1-жүргізуші: Толағай әнін орындауын қабыл алыңыздар!

«Толағай»

Біз толағай, біз толағай,

Тау көтерген баладай.

Ұмтыламыз жеңіске,

Қиындыққа қарамай.

Алға достар, бастаңдар,

Ақ көңілдер аспандар.

Бас иеді біздерге,

Асу, асу асқарлар,

Қ-сы: Толағай, Толағай, Толағай! (хормен)







© 2010-2022