Сабақ жоспары Бой жазу жаттығулары 3 сынып

Раздел Физкультура
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бой жазу жаттығулары
Күні:
Пәні: Дене шынықтыру
Сыныбы:
Өтілетін орны: Сынып бөлмесі
Сабақтың тақырыбы: Бой жазу жаттығулары
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бой жазу жаттығуларын орындау тәсілдерін үйрету
ә) Дамытушылық: Ептілікті, қимыл - қозғалыс әрекетін дамыту
б) Тәрбиелік: Төзімділікке, өзара достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Құрал - жабдықтар: Ысқырық, доп, таяқша
Сабақтың барысы:
І.Дайындық бөлімі.
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Рапорт қабылдау
Жалпы қозғалыс жаттығулары, денені қыздыру.
а) Жүріс, аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның ішкі қырымен және сыртқы қырымен.
б) Жай жүріс. Спорттық жүріс
Жүгіру жаттығулары.
а) Оң иықпен және сол иықпен тіркеме адым айқастыра жүгіру, артпен жүгіру.
б) Тізені көтере жүгіру, тізені шапалақтап жүгіру.
в) Елікше секіру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Бой жазу жаттығулары
1.«Допты бер де отыр» ойыны.
Белгіленген сызықтан аспай допты көтеріп беру, кеудеден немесе бастан асыра лақтыру. Допты тосып лақтырып отыра қалу, келесі бала тосып алып, допты қайта лақтыруға дағдыланады.
Допты тура лақтыру. Жақын жерден кеудеден алыстаған сайын бастан асыра лақтыру қажет. Бұл әдіспен допты тосып және беру жаттығуларын арттыру шарт.
Ойын шарттары: Лақтырылған допты тоса алмаған жағдайда қайта алып келіп ойынға қосу. Сызықтан аспау. Соңғы бала допты алып жүгіре орын ауыстыру.
Допты кедергіден алып жүру. Доппен жүру жаттығулары. Бір қолмен допты ұра жүгіру жаттығуы.
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу. Бой жазу жаттығулары: жай жүріспен жүру.
Аяқ - қолға, бұлшық еттеріне арналған жаттығулар, қалыпқа келу жаттығулары.
Бағалау.
Үй тапсырмасы

© 2010-2022