Сабақ. Эстафеталық жарыс түрі

Раздел Физкультура
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Сабақ. Эстафеталық жарыс түрі

Эстафеталық жарыс 3-4 сыныптар арасында.

Манаспаев Руслан Муратович

Дене шынықтыру мұғалімі

Дөң орта мектебі, Хромтау ауданы

Сабақ. Эстафеталық жарыс түрі





2014 жыл





Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтыннасихаттау және дене тәрбиесі пәніні деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында спорттық жарыстар арқылы оларды икемділік пен ептілікке, алғырттыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Салауатты өмір-салтымыз», «Шынықсаң шымыр боларсың», «Ептілік пен икемділік-басты шарт», «Өзіңді күт, жаттық, талаптан!», «Бақ шаппайды, бап шабады» қанатты сөздер. Шарлар.

Қажетті спорттық жабдықтар: баскетбол добы, спорттық ысқырғыш, қапшақ, картон, скакалка, арқан, т.б.

Жарыс барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар мен көрермендер! Бүгін біз 3-4 сыныптар арасынд олардың икемділіктері мен ептіліктерін байқау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дене тәрбиесі пәнінен эстафеталық жарыс өткізбекпіз. Сондықтан да әдеттегідей кіріспе бөлімін өткізуге назар аударайық:

  1. Сыныптарды сапқа тұрғызу.

  2. Сыныптардың рапорт тапсыруы.

  3. Сыныптардың сәлемдесуі.

  4. Сыныптарды екіге бөлу.

Негізгі бөлім:

  1. Бастапқы бөлім 3-сынып оқушылары екі тпқа бөлініп тұр.

3-сыныбының командасы «___________________» деп, ал 4-сыныбының командасы «___________________» деп аталады.

Енді бүгінгі сайысымызды қадағалап, тиісті бағасын беретін құрметті әділқазы алқасымен таныстыруға кезек береміз. Олар:

  1. _______________________________________________________

  2. _______________________________________________________

  3. _______________________________________________________

Құрметті сайыскерлер, енді баршаңызды жарыс жоспарымен таныстыруға рұқсат беріңіздер. Барлығың мұқият назар аударып тұрыңыздар. Сонымен бүгінгі сайысымызда:

  1. Артпен жүгіріп барып, артпен жүгіріп қайту.

  2. Оң аяқпен секіріп барып, сол аяқпен секіріп қайту.

  3. Толық отырып барып, толық отырып қайту.

  4. Баскетбол добын шекіп барып, кальцоға салу.

  5. Қапшықпен секіріп барып, секіріп қайту.

  6. Картонмен барып қайту.

  7. Баскетбол добын аяқ астынан өткізу.

  8. Скакалка ойыны.

  9. Екі команда ортаға шығып, арқан тартысу.

Ал енді барлық оқушыларға сәт-сапар дей отырып, сайысымызды бастаймыз.

Сайыс барысы:

Сайыс түрі

3-сынып

4-сынып

1

Артпен жүгіріп барып қайту.

2

Оң аяқпен секіріп барып, сол аяқпен қайту.

3

Толық отырып барып қайту.

4

Баскетбол добын аяқ астынан өткізу.

5

Қапшықпен секіріп барып қайту.

6

Кардонмен барып қайту.

7

Баскетбол добын аяқ астынан өткізу.

8

Скакалка ойыны.

9

Екі команда ортаға шығып арқан тартысу.

Жалпы ұпай саны.

Орны.


Сайыс соңы да жақындады. Енді барлығыңның асыға күтіп тұрған сәттерің жалпы ұпай саны мен нәтижесін жариялау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Қорытынды бөлім: Командалар мен жекелеген белсенді оқушыларды марапаттау. Осымен бүгінгі біздің ептілік пен икемділікке арналған жарысымыз аяқталды. Бүгінгі жеткен нәтижелермен тоқталып қалмай әрқашан жаттығып, өз денелеріңді шынықтырып, салауатты өмір салтын насихаттай берейік. Келесі кездескенше сау болыңыздар!







© 2010-2022