Конспект урока по казахскому языку Менің заттарым 3 класс

урок по разделу мои принадлежности, разработан по кембриджской технологии. тема урока "Мои предметы" Социальное взаимодействие в ходе занятий играет важную роль в обучении. Общение в ситуации «ученик-учитель», «ученик-ученик» составляет значимую часть построения значения и развития понимания. («Руководство для учителя»). Поэтому я стремлюсь к созданию доброжелательной и благоприятной среды внутри классного коллектива для достижения максимального успеха в обучении детей. На своем уроке я создаю ...
Раздел Физкультура
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: Менің заттарым

Сабақтың мақсаты:

1Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді білу

2 Сөздерді дұрыс айтып, жаза білу дағдыларын қалыптастыру

3 Сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру барысында жаға сөздерді қолдану

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық, топтық-әңгіме, сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: ресурстар, бағалау парағы, компьютер.

Күтілетін нәтижелер: оқушылар жаңа сөздерді біледі, топтық, жұптық жұмыс түрлеріне белсенді қатысады, берілген сөздерді дұрыс жаза, айта біледі.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

1 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2 Кіріспе: оқушыларға топтық жұмыс, жұптық жұмыс туралы түсінік беру. Рефлексия туралы түсінік беру

II Дайындық кезеңі. Ынтымақтастық атмояферасын қалыптастыру:

Екі топқа бөлу. Әр оқушыға суреттің қиықшаларын үлестіру, суреттерді құрастыру. Әр топтан спикер дайындалады. Бағалау парағымен, бағалау критерияларымен таныстыру.

Топтарды ұйымдастыру үшін «Достар» бнейнеролигін көрсету. (АҚТ)

Бағалау парағын интерактивті тақтада көрсету, алдарына үлестіру

Аты-жөні

Мәтінмен жұмыс(+/-)

Аудару (жұптық, топтық)

диалог

кластер

Қорытынды баға

1


2


3


Бағалау критериялары:

«5» - сабаққа үнемі белсенді қатысып, тапсырмаларды өз деңгейңнде толық орындағаны үшін, жауаптары толық, сөз қоры ауқымды

«4» - сұраққа жауабы толық ьолса, берілген тапсырмаларда аздаған қателіктер болса, сөз қоры жақсы болса, сұрақ қоя алса.

«3» - сұраққа жауаптарында қателіктер болса, орындалған тапсырмаларында қателіктер болса, сөздік қоры төмен болса.

III Ой қозғау стратегиясы:

Сыныпқа бір оқушы қыз кіреді. Қолында ноутбук, ұялы телефон, сөмке бар. Сұрақ-жауап әдісін қолдану. (Диалогтік оқыту)

-Балалар бұл кім?

-Бұл Оля.

-Оляның қолында не бар?

-Оляның қолында ноутбук, қол сағаты, телефон, сөмке бар.

-Сөмкеде не бар?

-Сөмкеде дәптер, кітап, сызғыш, қалам, өшіргіш бар.

-Сонымен, балалар, бұл нелер?

-Бұл заттар.

-Кімнің заттары

-Оляның заттары.

Сабақтың тақырыбы: Менің заттарым.

Бүгін сабақта біз не істейміз?

IV Негізгі бөлім (өзін-өзі реттеу)

1 Кластер бойынша білімдерін жаңғырту.

Тапсырма:

1 Топтық: кластерді сөйлету

2 Жекеше: кестеге білген және білмеген сөздерді жазып шығу керек.

Кестені толтыру (Инсерт стратегиясы)

Білемін

Білгім келеді


Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, талдау, сөз тіркестер құрастыру.

Оқу құралдары-

Ұялы телефон-

Заттар-

Қол сағаты-

Ойыншықтар-

Қонжық-

Қуыршақ-

Сөре-

V Қуаныш сәті: алдын-ала оқушылардың арқаларына қолдың суреті жабыстырылады, әр оқушы өз сыңарын тауып алу керек (макеты рук находят по цветам, тренинг направлен на активацию коллабаративной среды т.к. учащиеся будут в паре с менее знакомым себе учеником)

VI Оқулықпен жұмыс: (ой қозғау стратегиясы)

166 беттегі мәтін бойынша жұптық жұмыс.

Ресурс:

Бұл бөлме. Бөлмеде менің заттарым бар. Шкафта киімдерім, үстелдің үстінде компьютерім тұр. Кітап сөресінде кітаптарым және дәптерлерім бар. Үстелде менің заттарым жатыр.

Тапсырмалар:

1 Жұптық: әр сөздің үстіне білемін (+), білмеймін(-) белгілерін қою. (спикерлер баға қояды)

2 Топтық: (-) сөздерді тақтаға жазады.

3 Жұптық: мәтінді аудару.

4 Топтық: мәтінді кеспе сөздер арқылы жаңадан құрастыру (өзін-өзі реттеу). (Спмкерлер бағалайды)

VII Сергіту кезеңі: «Жаттығу» клипіне қарап қайталау.

VIII Оқулықпен жұмыс: (жұптық) 167 беттегі диалогты аудару, оқу.

Ресурс 2.

Грамматика. Септеулік шылау: Үшін-для. Ережесін түсіндіру, бірнеше мысал келтіру.

Ресурс 3. Жнеке орындайтын тапсырма. Әр оқушыға үлестірме карточка беру. Сөйлемдерде сөздердің орны ауыстырылған, дұрыс құрап дәптерге жазу.

(Сын тұргысынан ойлау) «Қатені ұста»

Жіңішке, жуан сұрақтар қою, оларға жауап бере алуға үйрену.

-Бұл не?

-Дәптер қандай?

-Мынау не?

-Кімнің ұялы телефоны?

-Ұялы телефон қандай?

(Спикерлер баға қояды)

IX Қорытынды:

1 Сурет арқылы кластер құрастыру. Топпен орындау. Бір оқушы тақтаға шығып қорғайды.

2 Бағалау парағына баға қояды.

3 Рефлексия жаздыру.

X Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді қайталау, диалогті мәнерлеп оқу.

© 2010-2022