Урок для Физкультура на тему Толағай

Раздел Физкультура
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайысы.


Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін дамыту. Оқушыларды және ата - аналарды спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.

Керекті спорттық құралдар: доп, секіртпе, шелек, картон,

Сайыстың барысы:

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Толағай» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Уа халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың дені сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.

Жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жүргізуші:

Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Жүргізуші:

Ендеше «Толағай» сайысымызды бастайық. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

І кезең: «Таныстыру»
ІІ кезең: «Кенгуру сайысы»
ІІІ кезең: «Кім жылдам» сайысы
IV кезең: «Көпірден өту»
V кезең: «Ептілік сайысы»
VI кезең: «Секіртпемен жүгіру»

Жүргізуші:

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен танысып өтейік:

1.

2.

3.

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Жүргізуші:

Әр таңды бақытпенен аттырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Жүргізуші:

Енді ортаға сайысқа қатысатын топтарды шақырайық.

______________ отбасын

_______________ отбасын

______________ отбасын

_______________ отбасын

_______________ отбасын шақырамыз.

Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»

Бейбарыс тобы топтың ұраны: (4 адам)
Жеңістерге бет алдық
Спортта сұлтан атандық
Жетсін деп топ мақсатқа
Бейбарыс деп атадық
Бейбарыс тобы алға, алға

«Қыран»тобының ұраны. (4 адам)
Қыран тобы алға биіктерге самға
Толағайда топ жарып жеңістерді
Жалға алға, алға, алға

Тұлпар тобының ұраны: ( 4 адам)
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Кеңгуру» сайысы» Оның шарты мынадай: Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып есеп шығару.

ІІІ кезең: «Кім жылдам» сайысы (Крукты айналдырып барып жұмбақ шешу)
IV кезең: «Көпірден өту» (Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу)
V кезең: «Ептілік сайысы» (Шашылған картопты жинау)
VI кезең: Секіртпемен жүгіру (Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)
Әр кезең сайын әділқазылар алқасы бағасын беріп отырады.

Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау.

Жүргізуші:
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші сайысымыз өз мәресіне жетті. Келгендеріңізге көп - көп рахмет!


© 2010-2022