Шаңғы тебу 9 cынып

Раздел Физкультура
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Шаңғы тебу
Сабақтың мақсаты: Шаңғы спортының мазмұнын, ережелерін, ерекшеліктерін шаңғы тебудің әдіс - тәсілдерін, шаңғыны күтіп ұстауды теория жүзінде үйрету. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ,
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері, ақпараттық технология, түсіндіру, ассоциация әдісі, баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, жалаушалар, жетондар, теледидар, шаңғы, плакаттар, сөзжұмбақ, эмблемалар, оқулықтар
Пән аралық байланыс: математика, физика, әдебиет, тарих, информатика.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,
Психологиялық тренинг.
Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе,
Жаңа достар тапқың келсе,
Көңілім сергек болсын десең,
Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,
Арманыңа жеткің келсе,
Үлгілі болам десең,
Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Өз еркіңе тоқтау салып, спортпен шұғылдан!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Шаңғы құрылымы және өлшемдері: шаңғы табаны, шаңғы таяғы, шаңғы бәтеңкесі. (өлшемдердің дұрыстығын теледидардан қарап тексеру)
Қауіпсіздік ережелері.

ІІІ. Негізгі бөлім: Қызығушылықты ояту.
Қысқы спорттың түрлері: 1. Шаңғы спорты, 2. Конькимен сырғанау, 3. Хоккей ойыны.
Шаңғы спортының түрлері: 1. Мәнерлеп сырғанау, 2. Биатьлон, 3. Трамплиннен секіру. 4. Тау шаңғысы, 5. Қос сайыс.
(әр спорт түріне тоқталып түсінік беріп кету)
Категориялық топтастыру.
Шаңғы тебудің әдіс - тәсілдері: 1. Таяқсыз жүру, алма - кезек екі адымды жүріс (табиғи жүріс), бір мезгілдегі екі адымды жүріс, конькиші жүрісі. 2. Шырша әдісі, жартылай шырша әдісі, саты әдісі. 3. Соқа тәсілі, сырғанай түсу.
(шаңғы тебудің әдістеріне жеке - жеке тоқталып видеодан көрсету)

ІV Жаңа сабақты бекіту.
Сөзжұмбақ шешу: ШАҢҒЫШЫ 1. Тауға шығу әдістерінің бірі? (шырша) 2. Биікке көтерілу әдісінің бірі? (соқа) 3. Шаңғы құрылымының бірі? (бәтеңке) 4. Шаңғы неден жасалады? (ағаш) 5. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мезгілдерге арналған өлеңдерінің бірі? (қыс) Оқушылардан білетін шумақтарын сұрау. 6. жұмбақ. Қайқылығына қарамас, Жалпақ табан қара ағаш. Қар болмаса ауладан. Шығуға да жарамас. (шаңғы). 7. Биіктіктен түсу тәсілі? (саты)
«Шаңғымен бағдарлау» дидактикалық ойын:
Жалауша арқылы сұрақтарға жауап беру:
1. Шаңғымен бұрылуды көрсет. 2. Шаңғыны алып жүру әдістерін көрсет.
3. Шаңғы таяғының өлшемі қандай? 4. Шаңғы табанының өлшемі қандай?
5. Шаңғы сабағының қандай қауіпсіздік ережелерін білесің? 6.(фото) шаңғымен бұрылудағы қателікті көрсет? 7. Шаңғы сабағының қандай қауіпсіздік ережелерін білесің? 8. Шаңғымен сырғанау түрлерін ата.
Еліміздегі шаңғы спортынан мағлұматтармен таныстыру. Азиада - 2011 қысқы спорттық ойындарынан мәліметтер келтіру, Елбасының шаңғымен түскен фотолары арқылы Шымбұлақ тау шаңғысы базасына тоқталу. СОЧИ - 2014 Олимпиада ойындарына еліміздің туын ұстап баратын Ердос Ахмадиевтің «Айтуға оңай» бағдарламасына берген сұхбатын теледидардан қысқаша көрсету, еліміздің спортшыларына жеңіс тілей отырып оқушыларға СОЧИ - 2014 эмблемаларын тағу.

© 2010-2022