Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Биыл ақпан айының қарлы күндерінде Павлодар қаласындағы № 9 жалпы орта білім беру гимназия –мектебі  75 жылдық мерейтойын  өткізгелі жатыр. Осыған орай тағылымы мол білім ошағының тарихы , әр жылдардағы түлектері туралы есімізге түсіруді жөн көрдік. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие берген , жақсы қасиеттерді бойына дарытып , адамгершілік рухта бағыт-бағдар берген мектептің мақтанышы - алғашқы түлектері.  Мектеп түлектерінің арасында көптеген белгілі ғалымдар: Қ.Қ.Ахметов биолог...   Қазақстанның ағарту ісіне үлес қосқан , өзінің саналы өмірін балалар тәрбиесіне арнаған мектеп түлектері : Ж.С. Асылов, М.З. Байкенова , О.А. Иост, С.В .Захарова , Ж.Ұ.Абыкешова .
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Р.Б.Асылова, Д.Ж.Нұрахметова № 9ЖОББМГ қазақ тілі мұғалімдері.

Биыл ақпан айының қарлы күндерінде Павлодар қаласындағы № 9 жалпы орта білім беру гимназия -мектебі 75 жылдық мерейтойын өткізгелі жатыр. Осыған орай тағылымы мол білім ошағының тарихы , әр жылдардағы түлектері туралы есімізге түсіруді жөн көрдік.

Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие берген , жақсы қасиеттерді бойына дарытып , адамгершілік рухта бағыт-бағдар берген мектептің мақтанышы - алғашқы түлектері . Елге өлшеусіз қызмет істеген ,мемлекет және қоғам қайраткерлері : Д.К Ахметов. экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының премьер- министрі(2003-2007) , ҚР Қорғау министрі(2007-2009), Павлодар(1993-1997), Солтүстік -Қазақстан (1997-1999) облыстарының әкімі және тағы да басқа лауазымды қызметтерде болған.

Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

О.А. Науразбаев әке жолын қуып, ұстаз болды. 1963-1986 жылдары Павлодар педагокикалық институтында орыс және шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы ретінде қызмет атқарған. Қ.А Тоқтаров. ҚҚСР-ның самбо күресі бойынша үш дүркін чемпионы, Павлодар облысы бойынша алғашқы спорт шебері.

Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

«Сүйер ұлың болса , сен сүй , сүйінерге жарар ол»- ұлы Абай айтқандай көптеген 9-шы мектеп түлектері еңбектің түрлі майданында қызмет еткен. Атап айтсақ: М.Н. Жылқыбаев еңбек жолын Чернорецк жетімдер үйінде тәрбиеші қызметінен бастап, Ы.Алтынсарин атындағы № 3 облыстық қазақ гимназия -интернатының директорына дейін қызмет атқарған. «Құрмет» орденімен , « Еңбек ардагері »медалімен , « Қ.Р. еңбек сіңірген ұстазы » атағымен марапатталған.

Мектеп бітірушілердің ішінде республикаға танымал медицина қызметкерлері , абзал жандар атанған Г.К.Аубанова Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің директорының қызметін атқарған . Ғ.Н Исенова.медицина ғылымдарының докторы, көптеген ғылыми еңбектерінің авторы . Г.К .Смирницкая-Макпалиева. қалалық аурухананың үздік дәрігерлерінің бірі. Байкенова М.З. облыстық емханасының бөлім меңгерушісі. Г.К. Мақажанова - жоғары дәрежелі дәрігер.

Мектеп түлектерінің арасында көптеген белгілі ғалымдар: Қ.Қ.Ахметов биология ғылымдарының докторы, Ж.К. Шаймарданов -биология ғылымдарының докторы, Р.Д .Ашимбетова- филология ғ.к., Г.К .Аубанова - социология ғ.к. , И.Н. Князева - өнертану ғ.к., С.К. Кунязова - экономика ғ.к. т.б.

Қазақстанның ағарту ісіне үлес қосқан , өзінің саналы өмірін балалар тәрбиесіне арнаған мектеп түлектері : Ж.С. Асылов, М.З. Байкенова , О.А. Иост, С.В .Захарова , Ж.Ұ.Абыкешова .

Мектеп қабырғасында білімге деген ерекше құштарлығымен көрінген: Арынов Т.Н. (белгілі заңгер),Абаева Б.К., Айдаров Т.О. ,Айтжанов Кемел(«Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ-та белгілі оқу орнын бітіріп «ЕNRC» компаниясында еңбек етуде),Алиакпаров Б.А.тағы басқалар.

Әр жылдары аталған мектепті бітірген ,өмірдің әр саласында жемісті еңбек етіп жүрген,мектеп түлектерінің үлкенді- кішілі ұлағатты істері туралы мақтанышпен айтуға болады.Олар : Желнов М.А., Жумагажинов Д.Ж.,Капсаматов Н.Л., Машрапов А.Н.,Сатабаев Қ.Т.,Сатабаева Р.К., Сүйенов Б.Қ., т.б.

Мектеп түлектерінің ішінен танымал азаматтар қатарынан: атақты «Ертіс»футбол командасының бас жаттықтырушысы Т.М.Байсуфиновты, қаламгер, «Ақиқат»журналының бас редакторы А.И. Жақсыбаевты атауға болады.

Мектеп атақты спортшыларымен де әйгілі :Гудемчук Анастасия акробатикадан әлем чемпионы, Камитова Камила халықаралық турнирлердің жеңімпазы т.б.да атақты спортшылар.

Енді бірер күнде өмірдің әр қиясында жүрген, 75 жылдың ішінде оқыған мектеп түлектері жиылып,бас қосады.Бұл шара бүгінгі ұстаздардың ,бүгінгі ұрпақтардың рухын көтерер, үлкен бір салтанатты да, тәрбиелік ,ұрпақ сабақтастығы шарасы болады деп сенудеміз.



© 2010-2022