Коучинг сессия «Сабақтастық-мектеп жүйесін жетілдіру негізі»

Коучинг сессияның тақырыбы: «Сабақтастық-мектеп жүйесін жетілдіру негізі» Мақсаты:             Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, сабақтастық арқылы оқушылардың жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді  тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. Сабақтастық  мектеп жүйесін жетілдірудің  басты  элементі екендігін  анықтау.   Міндеттері: ü  оқу мен тәрбие  үдерісіне тиімді тәсілдерді енгізеді; üҚарым-қатынас қиындықтарын жеңілдетеді;    üМұғалімдердің  жүйелі жұмыс жасау үлгісін көрсетеді;    üСабақтастықты тиімді ұйымдастыруда психолог жұмысының жүйесін ұсыну. К
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг сессияның тақырыбы:

«Сабақтастық-мектеп жүйесін жетілдіру негізі»

Мақсаты:

Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, сабақтастық арқылы оқушылардың жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. Сабақтастық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі екендігін анықтау.


Міндеттері:

 оқу мен тәрбие үдерісіне тиімді тәсілдерді енгізеді;

Қарым-қатынас қиындықтарын жеңілдетеді;
Мұғалімдердің жүйелі жұмыс жасау үлгісін көрсетеді;
Сабақтастықты тиімді ұйымдастыруда психолог жұмысының жүйесін ұсыну.

Күтілетін нәтиже:

- Сабақтастықты жетілдіруге ықпал етеді;

-тәжірибеде қолдану арқылы оқу,оқыту үдерісінде оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен әрекеті, белсенді қарым-қатынас қалыптастыра алады;

- пікір алмасу, талқылау, зерттеу барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға мұғалім түрткі болып отырады .

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Сабақтастық -оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын, мұғалімдер жұмысын жетілдіретін пәрменді тетік.

Ресурстар:

Маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.

Психологиялық дайындық

«Менің жетістігім»

тренингі

(3 мин)





«Менің жетістігім...» тренингі

(Коучингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығына жүрек пішініндегі стикер таратылып, «Менің жетістігім...» деген тірек сөзге «Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдеріңізді пайызбен бағалаңыз» Әркім жазған пайыздары туралы пікірлерін айтады.)

Тренингтен кейінгі түйінді сөз:

Сұрактар:

Сіз неге осы пайызды көрсеттіңіз?

Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз? (теориялық білім мен практикалық білімдеріңіздің жеткілікті болғанымен, өздеріңізді бағалауда орташа деңгей көрсеттіңіздер. Мұның өзі қанағаттанбау дегенді білдіреді. Олай болса...)

«Өзіне - өзі қанағаттанбау - жақсы қасиет."

Қадыр Мырза Әлі

Топқа бөлу

(2 мин)

«Шульманның іліміндегі «Бас, Қол, Жүрек» үрдісіне байланысты 3 топқа бөлу.

Практикалық жұмыс

(дайындыққа 7 мин, қорғауға 3 минут)


«Қаздар сабағы» видео ролик қарау.

(3мин 20 секунд)

1-сабақ «Бірге болу»

2-сабақ «Қатарды сақтау»

3-сабақ «Орын алмасу»

4-сабақ «Қолдау көрсету»

5-сабақ «Жалғыз қалдырмау»



Кері байланыс

(3 мин)


Әр топқа ақ бет беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза оқушы. Осы оқушының бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?

Әзірленуге - 7 минут; қорғауға - 3 минут

Видео роликті қарап, топқа сұрақ беріледі.


  1. 4-сыныпта білім сапасы қанша пайызды құрау қажет және көрсетілген сапа оқушыға қаншалықты әсер етеді деп ойлайсыз?

  2. Неліктен 5-сыныпқа келген оқушы І тоқсанда төмендеп, келесі тоқсандарда ілгерілейді? (Нақты мысалмен себебін көрсетсеңіз.)

  3. Қазіргі таңда мектебіңіздегі сабақтастыққа байланысты жүргізіліп жатқан жұмысты бағалап, өз пікіріңізді қоссаңыз.

Әзірленуге - 7 минут; қорғауға - 5 минут

Не үйретті, қалай үйретті, неге үйретті сызбасын топ мүшелері толтырады.

Қорытынды:


Психолог коучинг барысындағы жұмыстарды бағалап, қорытындылайды.


Дереккөздер:


ғаламтор мәліметтері.


© 2010-2022