Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі - барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы - қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның оның берері көп . Ата - бабаларымыз "тәні саудың - жаны сау" - деп бекер айтпаған.

Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты- қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылатыны баршаға аян. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда кең-байтақ елімізде дене тәрбиесіне ерекше мән берілуде.

Ондағы негізгі мақсат - салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елдің ертеңі - сауатты, білімді, дені сау жастар. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.

Халқымызда бірінші байлық - денсаулық деген ұлағатты сөз бар, ал сол денсаулықтың кепілі - спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген ынта - жігерді арттырады.

Сонымен қорыта айтқанда, өмірдің басты өлшемі - салауаттылық, салауаттылық - өмірдің заңы. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.



Орынбасаров Б.О. -оқытушы-бапкер

Қарағанды облысы Приозерск қаласының «Достық» балалар - жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК





© 2010-2022