Дене шыныктыру сабагындагы уй тапсырмасы

Дене шынықтыру сабағындағы үй тапсырмасы. Дене шынықтыруға басты қажет нәрсе үй тапсырмасы болып табылады. Оларды орындау – окушылардың бірден –бір өздік басқарудың болмауынан ерекшеленеді. Сонымен қатар денсаулық бала кезден жанұяда қалыптасады. Бұдан ата –аналардың алдында баланың денесін шынықтыруда үлкен жауапкершілік қалыптасады. Оқушыларды өздігінен дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға үйрету – дене шынықтыру мұғалімдерінің басты бір міндеттері. Комплекті дене шынықтырудың басқар...
Раздел Физкультура
Класс 12 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дене шынықтыру сабағындағы үй тапсырмасы.

Дене шынықтыруға басты қажет нәрсе үй тапсырмасы болып табылады. Оларды орындау - окушылардың бірден -бір өздік басқарудың болмауынан ерекшеленеді. Сонымен қатар денсаулық бала кезден жанұяда қалыптасады. Бұдан ата -аналардың алдында баланың денесін шынықтыруда үлкен жауапкершілік қалыптасады. Оқушыларды өздігінен дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға үйрету - дене шынықтыру мұғалімдерінің басты бір міндеттері. Комплекті дене шынықтырудың басқармасы бұл сұрақ бойынша дәл және нақты талаптарды анықтайды. Түсіндірмелі жазбада былай делінген: оқушылар өздігінен жаттығулар орындау тапсырмасын сабақ үстінде алады. Олардың сақталуы дене сапасының дамуына бағытталуы керек, қарапайым қозғалмалы әрекеттерді сабақта қайталау меңгерген. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру жүйелі түрде асады. Үй тапсырмасының басты бағытты оқушылардың денсаулығын шындау, дене қозғалысының дамуы мен қозғалу дайындығының дәрежесін көтеру, сабақты бекіту. Дене шынықтыру мәселесі бойынша үй тапсырмасы оқушылардын күн тәртібінің ажыратылмас бөлігі ретінде көрінеді және ол күнделікті өмірде дененің шынықтыруға талпындырады. Қазіргі таңда денсаулық сабағына тез дайындалуға, бір отырғанда үйге берілген барлық дене шынықтыру жаттығуларын орындауға болмайтынын оқушылар біледі. Сабаққа дайындалу - яғни күнделікті тәңертеңгі жаттығуды жасау, ойлау жұмысы кезінде минуттық шынығу жаттығуларын орындау керектігін ұмытпау, күнде - күнде сол туралы белгілі бір уақытта әнгіме жүргізіп, соның ішінде дене шынықтыру мұғалімінің тапсырмасының орындалуын қадағалау керек. Өз мектептерінде үй тапсырмасын жетілдіруші дене шынықтыру мұғалімінің есіне оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде орындау әдеті үй тапсырмасының көмегінсіз жүзеге аспайтын мәселе екендігін еске саламыз. Бұл жолдағы басты қадам - оқушылардың қызығушылығы. Әрқашан үй тапсырмасы, яғни олардың белгілі мақсатта орындалу жетістігі оқушылардың бойына ерекше қызығушылық тудырады.Қандай тапсырмалар оқушылар үшін негізделеді? Жаттығуларды таңдай отырып, олардың үйде орындалу мүмкіндігін есте сақтау қажет және де олардың орындалуына сабақ үстінде жылдам бақылау жүргізу қажет. Әрине жаттығулардың оқушының денені шынықтырудағы дамуымен денені шынықтырудағы дайындықтың жоғарлауына жеткізетін пайдасын есте сақтау қажет. Бұған қарамастан мектепке балалар қазіргі таңда алты жастан барады. Оларға үйге берілген жаттығу, балалардың қабылдау мүмкіндігіне байланысты беріледі. 1- 3 сынып оқушылары үшін қозғалу координаты сондай қиын болмау керек және жақсы меңгеру қажет. Мектепте дене шынықтыру сабағынан үй тапсырмасын күнделікті және уақытша қылып бағдарламадағы сабақ жоспарларына енгіземін. Күнделікті үй тапсырмасынан бірнеше мысал келтірейін.

1. отырып тұру.

2. скакалкамен секіру.

3. арқамен жатып кеудені көтеру

4. арқамен жатып аяқты тура көтеру

5. алға иілу

6. тартылу

Бір жаттығу туралы толық айтайын, бұл принцип бойынша қандай жаттығулар орындалады. Арқамен жатып кеудені көтеру кезінде аяқтар бекітіледі.

4 сынып. қ.ж.-қолды белге қоямыз. Көтерілу саны саналады. 3-5 рет көтеру өте жақсы.

5-6 сыныптар үшін қ.ж. қолды кеудеге қоямыз. 5 сыныпта көтерілу саны саналады , 6 сыныпта көтерілу саны 1 минутта анықталады.

7-8 сыныптар қ.ж.қолды басқа қоямыз. Көтерілу саны саналады.

9-10 сыныптар қ.ж. .қолды басқа қоямыз.

9 сыныпта кеудені көтеру саны 1,2 минутпен өлшенеді

10 сыныпта жалпы саны есептеледі.

Үй тапсырмаларын тексеру үшін бақылау сабақтарын мен әр тоқсанның аяғында өткіземін. Бір сабақта мен екі жаттығу тексеремін. Көбінесе салыстыра отырып тексеру әдісін қолданамын. Оқушыларды екі топка бөлемін.(бірінші топ шұғылданады,екінші топ бақылайды әрі санайды, сонан сон орындарымен ауысады). Жанұя жағынан көмек пен бақылау болмаса оқушылардыңүйге берілген өздік жұмыстарын толыққанды орындауы кейде ғана болмақ. Өз балаларына көмектесу үшін ата - аналары мектептегі дене шынықтыру сабағы туралы толық білу керек. Ата-аналарға балалармен бірге қалай ылғи шаңғыға бару керектігін ,жүгіру керектігін, таңғы жаттығу жасау керектігіне кеңес беру керек. Жазылған барлық үлгілер қалыпты нәтиже береді. Денелері шыныққан балалар аз ауырады және кез-келген ауруға қарсы тұра алады деп ойлаймын.

«Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі Турдыгулулы М.

© 2010-2022