Баяндама дене тәрбиесі Пән бойынша оқытушылардың құзіреттілігін арттыру жолдары

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қармақшы аграрлы - техникалық колледжі

Пән бойынша оқытушылардың құзіреттілігін

арттыру жолдары»


Қармақшы аграрлы - техникалық колледж

Дене тәрбиесі пән оқытушысы: Г.Шерипова

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
ал оқуды, ізденуді тоқтатқан да оның мұғалімдігі де жойылады»
К. Д. УШИНСКИЙ

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ.
Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек. Ол бес жылда бір рет өткізілетін білім жетілдіру курстары мен аттестация арқылы дамып отыруы тиіс. Осыған орай жасалған арнайы жоспар бойынша жүзеге асырылып отыруы керек. Оның қатарына жүйелі өтетін ашық сабақтар, түрлі сайыстар, байқаулар, конкурстар, сыныптан тыс жұмыстар, пәндік олимпиада, ғылыми жоба және ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу кіреді. Сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі курстар мен семинарларға қатысу да мұғалімнің білімін көтерудің жолдары болмақ.
Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі - білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұр. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім -мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер, шығармашыл ұстаз керек. Елбасының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» - деген болатын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен еді. Демек, бүгінгі таңда педагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады.
Сабақ - біртұтас жүйе және педагогикалық шығарма, сондықтан да ол бір тұтастығымен, бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен, мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерекшеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде - оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, экологиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек.
Сонымен қатар психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы шарт. Әрбір пән мұғалімінің ешкімге тәуелсіз кәсіби бағыты болуы керек. Сонда ғана мұғалім мен ұжым қызметінің желісі оқу - тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үлес қоспақ.
Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ.
Әрине, ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсатым деп есептеуі керек.
Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны - мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр.
Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу - ұрпақ тәрбиешілерінің абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс. Сонда мектеп те, мұғалім де бала үшін қызмет етпек.



© 2010-2022