«Мен-чемпионмын» спорттық-сайыс сабағы

Раздел Физкультура
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ«Мен-чемпионмын» спорттық- сайыс сабағы

МИНИСТРЛІГІ


«Әулиеағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Директордың оқу Мектеп директоры

ісі жөніндегі Джакубаева У Б

орынбасары Байдельдаев І Қ _____________

____________ «11» ақпан 2016ж.

«11» ақпан 2016ж.


«Мен - чемпионмын»

(спорттық - сайыс сабағы)


Мұғалімдер: Ауғанбаев С, Нартбаев Р.


Тақырыбы: «Мен-чемпионмын»

Мақсаты: Оқушылар арасында салауатты өмір салтын

насихаттай отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға

тәрбиелеу. Дене сабағында алған білімдерін іс жүзінде

жүзеге асыру. Патриоттық сезімдерін қалыптастырып,

спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Достық

қарым қатынастарын нығайту.

Көрнекілігі: Қабырға газеттері, жалаушалар, шарлар.

Керекті құралдар: Доптар, уақыт өлшеуіш, секіртпе, арқан, ысқырық,

дартс, төсеніштер, қап.

Өтілетін орны: Спорт зал

Жарыстың барысы:

1-кезең. Баскетбол добын кедергілер арасынан алып жүріп,

себетке допты салу (доп себетке түскенше лақтыру).

2-кезең. Футбол добын қақпақылдай кедергілер арасынан алып

жүріп, белгіленген межеден қайтып келу.

3-кезең. Жүгіріп келіп секіртпемен 10рет секіріп, 3рет дартсты

көздеп ату ( ұпайлары саналады).

4-кезең. Қаппен жүгіріп келіп төсеніштен алға қарай аунап

түсіп, белгіленген межеден айналып келіп қайтадан

аунап түсіп орнына келу.

5-кезең. Капитандар сайысы. Әр топтың капитаны белгіленген

межелерге жүгіріп келіп - қайту ( уақыты есепке

алынады).

6-кезең. Екі топтың арасында арқан тартыс өткізу.

Жарыс қорытындысын әділқазылар мен төрешілер

есептеп шығарады. Жеңіске жеткен команда

марапатталады.


© 2010-2022