Конспект урока: Ұлттық ойын Қуып жет

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: № ____

Мұғалімі:_________________________

Өткізілетін күні:_____________

Класы: _____

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын: " Қуып жет"

Мақсаты: -Қозғалыс белсенділігін білім негізінде қалыптастыру, икемділікке, ептілікке, өзін-өзі сенімділікке тәрбиелеу.

- Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа салауатты өмір салтын сақтауға баулу.

Қолданылатын спорт құралдары: ысқыруық , кедергілер , секундомер.

Даярлық бөлім: 15 мин.

Сабақ мазмұны

Методикалық нұсқаулар, ескертпелер

1.Сапқа тұрғызу. Рапорт. Сәлемдесу, сабақ тақырыбымен таныстыру.

1.Оқушылардың сыртқы спорттық киімін, жалпы көңіл-күйін бақылау, тексеру.

Саптағы жаттығулар:

А) Оңға

Ә) Солға

Б) Кері айнал

Жүгіру жаттығулары:

Спорттық жүріспен, жүгіріспен.

Қарама-қарсы жүгіру.

1.Спорт залда дене қыздыру, жүру, жүгіру жаттығуларын орындау: Саптық жаттығулар

Жүру түрлері: а)қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру; ә)қолды жанына созып, өкшемен жүру; б)қолды белге қойып, аяқтың сыртқы-ішкі жағымен жүру.

а)қолды бүкпей, түзу ұстау; ә)басты түзу, арқаны тік ұстау; б)басты көтеріп, тізені сәл бүгу.

Негізгі бөлім 25 мин

Ұлттық ойын.қуып жет.

Допты қуып жет
Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түстерін көлемін ажырата білуге баулу.
Ойынның шарты:бұл ойынға 5-6 бала, мұғалімніңбасқаруымен қатыса алады.Мұғалім доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек. к/құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.

Ойын шарты: жүгірудің негізгі тәсілі жүгіргенде,денені дұрыс ұстау білу,кеудені сәл алдыға еңкейтіп,екі шыңтақты бүгіп,екі қолды кезекпен ілгері-кейін сермеп отыру қажет.Қаш-қа жүгіру үшін дайындық жат-ры орындалуы тиіс.Мәселен- ұзақ қаш-қа жүгіру керек болса,онда дайындық кезінде қаш-ты жоғары қарқынмен жүгіріп шығу керек.Егерде қысқа қашықтыққа жүгіру керек болса,онда қаш-ты жоғары қарқынмен жүгіріп шығу қажет.

Қорытынды бөлім 5 мин.

1.Бір қатарлы сапқа тұру.

1.Демалуды бастапқы қалыпқа келтіру, оқушылардың психологиялық, эмоциялық көңіл - күйлерін бірте - бірте азайту, сабаққа ынтасын қалыптастыру.

1.Сапқа тұрғызып жетістіктері мен кемшіліктерін айту. Бағалау. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. Класпен қоштасу, класқа жіберу.

1.Оқушының жетістігін, ынтасын баға қою арқылы

бағалау.



© 2010-2022