Шағын орталық балаларына арналған Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шағын орталық балаларына арналған

Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»

Мақсаты: Балаларға жек бас күтімі және оның ережелері мен маңызын, қажеттілігін түсіндіру,

өзіне деген дұрыс көзқарас қалыптастыруына ықпал ету.

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі денсаулық шарасын бәріміз бірге өткізетіндіктен, оған аса

ұйымшылдықпен қатысайық. Қазақ халқында «Дені саудың-жаны сау» -деген қанатты

сөз бар. Осы мәтелдің мағынасын кім, қалай ұғынады екен, кәне өз ой-пікірімізді

ортаға салып көрейікші.

Тазалық: Сәлеметсіздерме, балалар, мен Тазалық деген тарланмын,

Кір-қожалақ балаға, қол жеткізбес арманмын.

Ойы да таза, бойы да таза балғынның,

Жанына серік болып,қалғанмын.

Жүргізуші: Мына отырған Райымбек, анау тұрған Мерлан,

Кішкентайынан ақылды, тазалыққа мойын бұрған.

Сүйкімді мынау Аягүл,момақан ғана Ақерке,

Киімдеріне шаң жуытпай,шаштарын тараумен әуре.

Қадыржан мен Байкен, Нұрасыл мен Берден

Қолы басын күніне бес жуатын Гүлден.

Аят,Саят,Бекзат,Нұрқадыр мен Фархат

Тазалық пен тәртіпті, келе жатыр жалғап.

Тазалық: Ауру-сырқаудан аулақ боп, жадырап жүрем десеңіз,

Айтқаныма құлақ сап,мұқият оны тыңдап ал,

Жақсылыққа үйір боп,жамандықпен күресте,

Жаны таза өрендер, сондай кезде шыңдалар.

(Осы кезде үсті-басы алқам-салқам, бет-аузы айғыз-айғыз,кір-қожалақ бала есіктен басын қылтитып):

Түсінбеймін сендерге, бес рет жуып беттеріңді,

Жұқартып алмайсыңдар ма еттеріңді.

Мен ешқашан қалмаймын қастарыңнан,

Дос болсаңдар менімен,сипап жүрем бастарыңнан.

(Кір бала үсті-басын қасып,тазалыққа жақындай түседі)

Тазалық: Әй,кір бала!

Байқап сөйле, Мұндағы отырған балалардың барлығы да тазалықтың жанашырлары.

Сондықтан да,біз сенің ортамыздан кеткеніңді,қалаймыз.

Солай емеспе, балалар!

(Балалар «ия» деп жауап береді)

Кір бала: А-а-а! Солай ма?

Сендер менен оңай құтылғыларың келеді-ә,

Кейінгі кезде менің де қатарым көбейді.

Еріншек пен жалқау, олақ пен салақ,

Дос болғысы кеп жүр,ісіме менің қарап.

Түрлі-түсті көйлегім,сәнім деймін,

Келтіреді тірлігімнің мәнін деймін.

Қол жууға уақыт жоқ, сондықтан да,

Тамақты да асығып, төгіп жеймін.

(Кір бала бөлмедегілермен қол беріп амандасады. Оны сыртынан бақылап тұрған Тазалық, балалардың қолын сүлгімен сүртіп, лас адамдармен бас изеп қана амандаса салуын айтады. Кір баланы Тазалық желкесінен алып, сыртқа шығарып жібереді. )

Кір бала: Балалар, қасыма келіңдер, дос болайық. Лас өмірді мақтан етіп, бәріміз бірге ән

салайық.

(Лас бала өрмекшінің биін билей бастайды)

Жүргізуші: Кәне, балалар, өрмекшіні қуалық,

Кірлеткен жерді тап-таза етіп жуалық.

Қолдағы сыпырғышымызбен қоқыстарды жинастырып, бөлмемізді тазалайық.

Тазалық: Біздің балалар тазалық пен реттілікті, ұқыптылықты жақсы көреді. Олар күнделікті

таңертеңгілі денелерін шынықтырып, беті-қолдарын жууды әдетке айналдырған.

Кір бала: Жо-жо-оқ! Мен оған көнбеймін! Сенгім де келмейді!

Жүргізуші: Жарайды,жақсы. Сен сенбесең,оған сенің көзіңді оңай жеткіземіз. Балалар, деніміз сау

болып, таза жүруіміз үшін не істеуіміз қажет?

(Балалар жауап береді)

Казір мен сендерге жұмбақ айтамын. Сендер оның жауабын табыңдар.

Жылпылдап, қолда тұрмайды,

Ақ көбік болып,зырлайды.

Кір-қоқысқа жаны қас,

Түк қалдырмай қырнайды (Сабын)

Арқалығы сүйектен

Жапсырылған қылы бар

Тістен көрсе кірлерді,

Тұра алмайтын жыны бар. (Тіс тазалайтын щетка)

Қалта түбінде орным бар,

Мақсатым айқын орындар.

Көз бен мұрын суын сүртем,

Мұның не екенін табыңдар? (Қалта орамалы)


Қатар-қатар тісім бар,

Шашыңмене ісім бар. (Тарақ)


Жүргізуші: Балалар,тазалық сақтауға қатысты көп біледі екенсіңдер. Енді,тағы да бір сынақ

ойынына көшелік.Біз ұзақ жол сапарларға шыққанда өзімізбен бірге қандай заттарды

алып жүреміз?

Кәне,кім біледі?

Балалар: Біз жол қоржынымызға сабын,сүлгі,тіс щеткасы мен ұнтағын, айна мен тарақ салып

аламыз.

Жүргізуші: Дұрыс.Балалар,бүгін бізге қонаққа дәрігер апайымызда келіпті. Енді осы қонағымызға

сөз берейік.

(Дәрігер балаларға тазалық жөнінде өзінің ақыл-кеңесін айтады.)

Жүргізуші: Кім айтады балалар,

Қорытынды сөзді қаймықпай?

Қылығын кейбір салақтың,

Қайталап жүрмеңдер айнытпай.

Тазалық әрі адалдық,

Өмірдің бұлар тірегі.

Жақсы болмағы өреннің,

Әр ата-ана тілегі,-дей отырып, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік,»-деген даналық қағиданы есімізден шығармайық.

© 2010-2022