Футбол. Домалап келе жатқан допты тоқтату

Раздел Физкультура
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Футбол. Домалап келе жатқан допты тоқтату

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды футбол ойынына қызықтыру, домалап келе жатқан допты тоқтату әдіс тәсілдерін үйрету, шыдамды әрі шымыр азамат болуға, топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Сыныбы: 10 «ә»

Қажетті құралдар: Баскетбол добы, уақыт өлшегіш, ысқырғыш т.б.

Өтетін орны: Мектеп спорт залы

Р/с

Сабақтың мазұны

Уақыт

Әдістемелік нұсқаулар, ескертулер

1

І. Кіріспе бөлім.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сапқа тұрғызу, мәлімдеме қабылау. Сәлемдесу, түгендеу. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

А. Қыздырыну жаттығулары:

-Оңға бұрыл, - солға бұрыл, - кері бұрыл, - жүру - аяқтың ұшымен қолды жоғары көтеріп жүру, - өкшемен қолды желкеге қойып, - қол белде аяқтың сыртымен, ішімен жүру, - жүгіру. - қол белде оң, сол жағымен жүгіру, - арқамен алға қарай жүгіру, - қол алда тізені биік көтеріп жүгіру, - қол артта өкшені биік көтеріп жүгіру. Саппен жүріп келе жатып, залдың ортасына 3 қатарға сапқа тұру. Б. Орнында тұрып жасалатын жаттығулар: - басты оңға, солға 4 санға айналдыру, - қолды артқа, алға айналдыру, - қол иық үстінде иық буындарын айналдыру, - оң қол жоғары сол қол белде кезекпен екі жаққа иілу, - қол белде бел буынын оңға, солға 4 рет айналдыру, - қол жанына созылған, аяқ иық деңгейінен алшақ 4 рет алға иіліп, оң қолды сол аяқ ұшына, сол қолды оң аяқ ұшына тигізу. - 1 - екі қолды жоғары көтеру, 2 - аяқ ұшына тигізу, 3 - қол алға созылған отыру, 4 - бастапқы қалыпқа келу. -Бастапқы қалыпта аяқ иық деңгейінен алшақ алға иіліп, сол аяқты оң қол ұшына, оң аяқты сол қол ұшына тигізу.

15 мин

Оқушылардың тәртібін, киімдерін және тазалығын қадағалау.

Жалпы дене дайындығын тексеру, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

Бір қалыпты сап бұзбаймыз.

Денені түзу ұстап, басты көтереміз.

Жаттығуды дұрыс орындауларын қадағалау.



2

ІІ. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру. Футбол ойынының ережелері туралы түсінік.

1) Ойынды тек арнаулы аяқ киім киіп ойнау керек.

2) Ойын үстінде басқа ойыншыны итеруге, әдейілеп иықпен қағып жіберуге болмайды және т.б.

Футбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату.

Футбол ойыны тік төрт бұрышты:ұзындығы 100 метрден 110 метрге дейін жететін, арнайы көгалдандырылған алаңдарда өтеді. Ойыншыларға алаңда допты қолмен ұстауға рұқсат етілмейді. Допты қолмен тек қақпашы ғана айып алаңында ұстауына болады.

Команда құрамында 11 ойыншы болады. Алаңда барлығы 22 ойыншы ойнайды.

Допты тоқтатудың түрлі әдістері бар. Ең негізгісі - допты тоқтатқанда қайта серпілмейтіндей етіп тоқтату. Ол үшін ұшып келе жатқан доптың түсетін жерін дұрыс анықтау қажет.

Домалап келе жатқан допты табанмен де тоқтатуға болады. Ол үшін аяқтың ұшын сәл жоғары көтеріп, доппен түйіскен сәтте аяқтын ұшын төмен түсіру арқылы баса қою.

Жоғарыдан түсіп келе жатқан допты тотату үшін аяқты белгілі мөлшерде көтеріп, доппен түйіскенде сәл түсіре қою керек.

Футбол. Домалап келе жатқан допты тоқтату. Екі жақты ойын. 11 x 11









25 мин



Сабақ тақырыбын түсініп алуларына баса назар аудару.

Ойынды ойнау ережесін қатаң сақтау керектігін ескерту.

Ойын жаттығуларын жасау барысында оқушылардың бір- біріне кедергі келтірмеуі, бұйрық берілгенге дейін өз беттерімен артық қимыл жасамауларын қадағалау.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу.

Бағалау.

Үйге тапсыма беру.





5 мин

Оқушылардың реттілікпен киініп, тыныштықпен шығуларын бақылау.






© 2010-2022