Секіртпемен секіру жаттығулары. (8 сынып)

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Секіртпемен секіру жаттығулары

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

а) Секіртпемен секіру техникасын үйрету Дененің жылдамдық, ептілік, иілгіштік, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту.

ә) Қауіпсіздік ережесін есте сақтап секіруді үйрету. Дене даярлық сапасын арттыру.

б) Секіру барысында оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Өтетін орны: Спортзал

Пайдаланатын құралдар: Секірптелер, ысқырық, доптар, секундомер

Уақыты: 15.12.2014 ж

Сыныбы: 8 А

қ/с

Сабақтың мазмұны

Ұзақтығы

Әдістемелік ескертулер

I

Дайындық бөлімі. Ұйымдастыру кезеңі

15′ минут

Сапқа тұру. Кезекші, топтың сабаққа дайындығы және түгелдігі жөнінде рапорт беруі.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы; мақсаты; міндетімен таныстыру.

Командалық жаттығулар:

оңға,солға, тіке артқа бұрылулар.

Жүру жаттығулары:

Спорттық жүріс

Жүру кезінде арақашықтықты сақтау.

Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен,

Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру,

Қолды алға созып, тізені сәл бүгіп. Қолды екі жанға қойып жүру,

Табанның сыртқы және ішкі қырасымен жүру.

Секіру жаттығулары:

Қос аяқпен , оң аяқпен, сол аяқпен секіріп жүру

Жүгіру жаттығулары:

Алаңды айнала жүгіріп жүріп, алаң диагоналы бойынша жылдамдыққа жүгіру

Жалпы дене жаттығулары:

Оқушыларды үш топқа бөліп жалпы дене жаттығуларын жасатамын

Оқушылар киіміне, тәртібіне, бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару.


Ара қашықтықты сақтау.



Еркін жүгіру.

Спорттық киімдерін тексеру.

Жаттығу орындалысын қадағалау

II

Негізгі бөлім

25′ минут

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс - шараның алғашқы баспалдағы. Секірулер аяқтың және дененің жоғарғы жақ бөлігінің бұлшық еттеріндамытып шынықтырады, тыныс алу мен щқан айналу жүйелерінің қызметын жақсартады.

1.Сыныпты сапқа тұрғызу, санау арқылы екі топқа бөлу.

2.Допты екі аяқпен қысып тұрып белгіленген сызыққа барып , секіртпемен секіріп қайта орнына келу.

3.Секіртпемен секіру, қайта оралу

4.Көп болып жүгіру
Оқушылар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерде айналып кері қайтатын белгі қойылады.

5. Қырықаяқ ойыны.

Қауіпсіздік ережесін сақтау


1.Ұлдар мен қыздар тобы тең болуына мән беру.

2.Бірінші оқушы допты екі аяқпен қысып белгіленген сызыққа барып, секіртпемен секіріп қайта орнына оралуы тиіс, екінші оқушы жалғастырады.

3.Бірінші оқушы секіртпемен секіріп белгіленген сызыққа барып қайта айналып жүгіріп келеді. Келесі оқушы жалғастырады.

4.Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп,өз командасына оралады да,озінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды.Енді олар жүгіріп,белгіні айналып өтіп,тағы да өз командасына оралады.

Әр топ өз ойыншыларының белдеріне ұстап белгіленген орындықты айналады,қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді

III

Қорытынды бөлім

5′ минут

Алаңды айнала, кең, қолды жоғарыға көтергенде кең тыныс алып, қолды түсіргенде тынысын шығару.

Оқушыларды сапқа тұрғызып секіру жаттығулары туралы әңгімелеу.

Бағалау

Үйге тапсырма. Секіру жаттығулары

Жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды атап өту,

Бағалау










© 2010-2022