Футбол ойынындағы допты тоқтату әдістері

Сабақтың тақырыбы: Футбол ойынындағы допты тоқтату әдістері Сабақтың мақсаты: Футбол ойынында допты тоқтату  түрлерінің  әдіс-  тәсілдерін  үйрету;  Оқушылардың шапшаңдық, төзімділік дағдыларын қалыптастыру, футбол  спортына  деген қызығушылығын арттыру ; Сабақта орындалатын жатттығулар негізінде жылдамдық , ептілік қасиеттері арқылы оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу; Өтетін орны: Спорт алаңы Сыныбы: 9 «В»  Уақыты: 10.05.14 Сабаққа керекті спорт жабдықтары:  ысқырық, секундөлшем, доптар, кедергілер Саб. бөл Мазмұны уақ. мөл Әдістемелік нұсқау Дайындық бөлімі Сыныпты сапқа тұрғызу. Кезекші  міндеті. Сәлемдесу,сыныпты түгендеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.         3     Оқушылар киіміне, тәртібіне, бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару Қауіпсіздік ережесін айту         2.Сапта бұрылу жаттығулары: А)оңға ә)солға б)айналу Бір лектен екі лекке тұру; Екі лектен бір лекке тұру;         3       Саптық ...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№5 орта мектеп


Ашық сабақ


Дене шынықтыру

(ер балаларға)

Тақырыбы: Футбол ойынындағы допты тоқтату әдістері

9 «В» сыныбы

Футбол ойынындағы допты тоқтату әдістеріФутбол ойынындағы допты тоқтату әдістері

Өткізген : Нұрпейсов М.С.


2013- 2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Футбол ойынындағы допты тоқтату әдістері

Сабақтың мақсаты: Футбол ойынында допты тоқтату түрлерінің әдіс- тәсілдерін үйрету;

Оқушылардың шапшаңдық, төзімділік дағдыларын қалыптастыру, футбол спортына деген қызығушылығын арттыру ;

Сабақта орындалатын жатттығулар негізінде жылдамдық , ептілік қасиеттері арқылы оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу;

Өтетін орны: Спорт алаңы

Сыныбы: 9 «В»

Уақыты: 10.05.14

Сабаққа керекті спорт жабдықтары: ысқырық, секундөлшем, доптар, кедергілер

Саб. бөл

Мазмұны

уақ. мөл

Әдістемелік нұсқау

Дайындық бөлімі

Сыныпты сапқа тұрғызу.

Кезекші міндеті. Сәлемдесу,сыныпты түгендеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.





3



Оқушылар киіміне, тәртібіне, бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару Қауіпсіздік ережесін айту





2.Сапта бұрылу жаттығулары:

А)оңға

ә)солға

б)айналу

Бір лектен екі лекке тұру;

Екі лектен бір лекке тұру;





3




Саптық жаттығуларды көрсетіп, дұрысорындалуын қадағалау;






Жүру бағытында орын

далатын жаттығулар:

а)Қол жоғары аяқтың ұшы

мен жүру;

ә)Қол желкеде өкшемен жүру;

б)Қол белде, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру;

в)Қол желкеде жартылай отырып жүру;

г)Толық отырып жүру;

е(Спорттық жүріс;





4

Жүру тәсілдерінің дұрыс орындалуын қадағалау






Жүгіру бағытында орында

латын жаттығулар:

а)Оң жақ қапталмен қолды алға айналдыра жүгіру;

ә)Сол жақ қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру;

б)Тізені жоғары көтеріп жүгіру;

в)Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;

г)Артпен жүгіру;

е)Тыныс алу жаттығулары

5

Ара қашықтықты сақтау.Алақанға тізені тигізу.Кеудені тік ұстау.

Алаңды толық пайдалану еркін жүгіру

Жалпы дамыту жаттығулары:

А)Желке, иық және қол бұлшықеттеріне жаттығу

лар жасау

ә)Жота және бел бұлшықет

теріне жаттығулар жасау;

б)Аяқ бұлшықеттеріне жаттығулар жасау;

5


Тыныс орнықтыратын және дамытатын жаттығуларға баса көңіл аударамын




Шеңбердің ортасында тұрып. Сабақтың тақырыптық негізгі жаттығуларын көрсетіп түсіндіру.

Допты тоқтату. Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс- әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді . Допты тоқтату кезінде ең бастысы - ол ойыншының аяғынан кері серпіліп кетпеуі. Домалап келе жатқан допты табанның ішкі жағымен тоқттқанда дененің салмағы тірейтін аяққа түседі. Тоқтататын аяқ шамалы ғана ілгері шығарылады да , допқа тиген мезгілде тірейтін аяқ деңгейіне дейін кейін шегеріледі. Доптың инерциялық күші азайып, тоқтатылады. Ұшып келе жатқан допты аяқ жетпейтіндей жағдайда кеудемен тоқтатып , жерге түскен соң әрі қарай аяқпен теуіп алып кете береді.

20

Топты екі тізбек қылып қарама-мқарсы тұрғызамыз.

-допты бір- біріне жерлетіп беріп , қарсы тұрған ойыншы аяқтың оң, сол ішкі жағымен тоқтатып қайтарып беру;

- допты қолмен жоғары көтеріп беріп, қарсы тұрған ойыншы оң, сол аяқтың ішкі жағымен теуіп қайтарып беру;

-допты қолмен жоғары көтеріп беріп, қарсы тұрған ойыншы санымен тоқтатаып қайтарып беру:

-допты қолмен жоғары көтеріп беріп, қарсы тұрған ойыншы кеудесімен тоқтатаып қайтарып беру:

- шеңбер жасап тұрып, екі топқп бөлініп, бірінші топ шеңбер сыртында , ал екіншісі шеңбер ішінде болады.

Бірінші топ допты жоғары көтеріп тастап, қозғалыс кезінде екінші топ допты санмен , кеудемен және аяқтың ішкі жағымен қайтарып беру жаттығуларын жасату.

Бірінші топ пен екінші топ орын ауыстырып жаттығу жасайды.

Екі топқа бөліп , кіші футбол ойынын ойнату.


Қорытынды бөлім

Ағзаны бастапқы қалыпқа түсіруге арналғған және тыныс жолдарына әсер ететін жаттығулар жасау, залды айнала жүгіру;


-сапқа тұрғызып, өтілген сабақты қорытындылау;

-кемшіліктер мен жетістіктерді атап өту;

-үйге тапсырма: допты тоқтату түрлерін қайталау;

- оқушылармен қоштасып, залдан саппен шығу


© 2010-2022