Баскетбол ашық сабақ 9 класс

Раздел Физкультура
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтық жоспар


Сабақтың тақырыбы: Спорт ойындары. Баскетбол «Екі, үш ойыншы қозғалыста допты беру, ұстау арқылы шабуыл жасап себетке жақындау»

Мақсаты: а) Дамыту; қимыл-қозғалысын әдісін дамыту, допты лақтыру әдісін жетілдіру

ә) Білім беру; тақырып бойынша білімдерін жетілдіру, допты игеру қимылын көрсету

б) Тәрбиелік; берілген тапсырмаларды ұқыпты орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу


  1. Өтілетін орны: спорт залы


  1. Өткізілу уақыты: 04.02.2016 ж 10.00-10.45 45 минут


  1. Керекті құралдар: ысқырық, уақыт өлшегіш, баскетбол доптары, секірме жіп, т.б


  1. Сынып: 9 ә

Сабақтың бөлімдері

Сабақтың өтілу барысы

уақыты

Әдістемелік нұсқау


Дайындық бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу

Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу

Оқушыларды журналға белгілеу

Өтілетін тақырыппен таныстыру

Техника қауіпсіздік ережесін және жеке басының гигиенасын еске салу

Спорт жаңалықтарын шолып өту

Жүру; Аяқтың ұшымен, өкшесімен, табанның сыртымен, ішімен, жартылай және толық отырып жүру, спорттық жүріспен жүру.

Жүгіру; бір қалыпты жүгіру, екпінмен жүгіру, оң жақ, сол жақ қырымен адымдап жүгіру, артпен алдыға, тізені биік көтеріп, аяқты артқа сілтеп, ирелеңдеп жүгіру.

Бір орында тұрып жасалатын жаттығулар; басты бұру, екі қолды алма кезек сермеу, қолды қайшылау, қолды кеудеге ұстап екі жаққа керілу, саусақтарды ашып жұму, оңға, солға, алдыға иілу, артқа шалқаю, аяқтың басын айналдыру, керіліп-созылу жаттығулары, отырып-тұру , қолға тіреліп денені көтеру, секіру жаттығулары.

Үй тапсырмасын тексеру

Шалқадан жатып, денені көтеру немесе аяқты 450 -қа ұстау

10-12 мин

2 мин


3 мин

2 мин

3 мин

5-6 рет

7-8 рет

10-15 рет

2 мин

Спорт киімдерінің дұрыстығына назар аудару

Тәртіпке тазалыққа көңіл бөлу


Денені дұрыс ұстап жүруге дағдылану

Дұрыс тыныс алып, жүгіруге үйрену

Жаттығуларды дұрыс, әрі әдемі орындауға тырысу

Аяқты, қолды дұрыс қою

Негізгі бөлім

Допты әріптесіне орнында тұрып беру және қағып алу.

Допты орнында тұрып торға түсіру.

Допты қозғалыс кезінде беріп, қағып алу.

Допты қозғалыс кезінде беріп, қағып алып себетке тастау.

Допты алып жүріп әріптесіне беру себетке түсіру.

Екі ойыншы допты беру, қағып алу арқылы себетке жақындап торға түсіру.

Үш ойыншы допты беру, қағып алу арқылы себетке жақындап, торға түсіру.

Стритбол ережесімен екі жақты ойын немесе сабақ тақырыбына сәйкес қозғалмалы эстафеталық ойындар

22 мин



6 мин

Допты бергенде қолды алға қарай созылуын қарау.

Әріптесіне допты дәл беруін қадағалау.

Қағып алу кезіндегі әдістеріне назар аудару

Қолды алдыға созып ұстау

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Тыныс алуды қалыпқа келтіру

Сабақты талқылау, бағалау

Зейінді қалыпқа келтіру

Үйге тапсырма беру

Оқушылармен қоштасу

Залдан шығу

5 мин

Жалпы тәртіпке назар аудару

Мұқият тыңдау


© 2010-2022