Мектептен тыс іс-шара «Жұлдызды эстафета»

«Жұлдызды эстафета» (Қазақстан Республикасының Тәулсіздік                                                     мерекесіне арналған спорттық жарыс) Мақсаты: а)оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру;                                                                                                           ә)Отанды сүюге,елін,жерін қорғауға,достық пен  ұйымшылдыққа тәрбиелеу;                                          б)оқушылардың денсаулығын нығайту,қимыл-қозғалыс мәден...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жұлдызды эстафета»

(Қазақстан Республикасының Тәулсіздік мерекесіне арналған спорттық жарыс)

Мақсаты: а)оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен

білімін арттыру; ә)Отанды сүюге,елін,жерін қорғауға,достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу; б)оқушылардың денсаулығын нығайту,қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

түрі: командалық жарыс.

әдісі: ойын.

Өтетін орны: спортзал.

Керекті құрал-жабдықтар: баскетбол добы, кедергілер, үрленген үлкен доп, шығыршық, секіргіш, кегли, волейбол доптар, орындық, ысқырық. т.б.

Қатысушылар: Жас мұғалімдер және 10-11 сынып оқушылары.

Барысы:

Жүргізуші: Қуаныш кеудемізді керней берсін,

Құлашын болашаққа сермей берсін.

Тек алға,жаса,жаса, Қазақстан.

Тұғыры Тәуелсіздік өрлей берсін.

Армысыздар,қадірлі ұстаздар,оқушылар,жарысқа қатысушылар және көрермендер!

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Жұлдызды эстафета» атты жарысқа қош келдіңдер! Бүгінгі жарысқа қатысатын командаларды ортаға шақырамыз.

Жарысымыздың қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.

1.Жарысымыздың шартымен таныс болайық.

2.Сәлемдесу. (аты,ұраны, төс белгісі).

3.Эстафеталық ойын ойнату.

4.Жеңімпаздарды анықтау.

Эстафеталық ойындар.

  1. «Шегірткелер».

Шарты: Әр топтың ойыншысы секіргішпен секіріп,шығыршық жатқан жерге дейін барып,секіргішті сол жерге тастап,әрі қарай шығыршықпен секіріп жалғастырады. Белгілен жерге жеткен соң шығыршықты қолына ұстап,айналып кейін қарай жүгіріп келеді.

  1. «Кім жылдам» этафетасы.

Шарты: ойыншы кеглиді қолға ұстап, шығыршықты айлана жүгіріп өтіп,эстафетаны келесі ойыншыға береді де,өзі саптың соңына тұрады. Эстафетаны бірінші болып бітірген команда жеңіске жетеді.

  1. «Кенгуру».

Шарты: Ойыншы волейбол добын екі аяқтың арасына қысып алып, 2 баскетбол добын қолына алып белгілі орынға дейін секіріп,қайтарда жүгіріп қайтады. Жаттығуды бірінші болып бітірген команда жеңіске жетеді.

  1. «Өткелден өту» эстафетасы.

Шарты: Топ капитаны белгіленген орыннан бұйрық бойынша айналмалы шығыршықпен жүгіріп шығып, келесі ойыншыны алып өткелден өткізеді. Ойынды бастаған ойыншы сөре сызығында қалады. Екінші ойыншы келесі ойыншыны алып өткізеді солай жалғаса береді. Жеңіске өткелден бірінші болып өткен команда жетеді.

  1. «Бір жоғары,бір төмен» ойыны.

шарты:белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы допты басынан асырып екіншіге,екінші аяғының арасынан үшіншіге,үшінші басынан асырып төртіншіге бір жоғары, бір төменнен соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып,команданың басына жүгіріп келіп,тұра қалып бұрынғыдай етіп ойынды жалғастыра береді. Ойынды бірінші бастаған ойыншыға дейін қай команда бұрын бітірсе,сол команда жеңіске жетеді.

  1. «Кім шапшаң» ойыны.

Шарты: үрленген үлкен доппен кедергилер арасымен секіріп келіп келесі қатысушыға допты беру.Ойын осылай жалғасады.Жеңіске тапсырманы дұрыс,жылдам бітірген команда жетеді.

  1. «Допты торға салып қайт» ойыны.

Шарты:ойыншы допты қолға ұстай сөре сызығынан жүгіре шығып допты баскетбол торына түскенше лақтырады.Торға түскен допты тосып алып жүгіріп кері қайтады. Жеңіске тапсырманы дұрыс,жылдам бітірген команда жетеді.

8 «Жеңімпаз болу шарты сол,еңбектеніп тартысу».

Шарты: команданың ортасында арнаулы сызық болады. Белгі бойынша барлық ойыншылар арқаннан ұстап тартысады.Кімнің командасы ортадағы белгіден асыра сүйреп алса,сол команда жеңіске жетеді.

9. «Айдаһар» ойыны.

Шарты:ойыншылар алдыңғы тұрған ойыншының белінен қапсыра құшақтап тұрады.Әр тізбек бір «Айдаһар». Белгіден соң,бірінші ойыншы тізбектен бөлініп кетпей,оңға-солға тез бұрылып,артындағы тізбекті күшпен сүйрей жүріп,қолын алға соза «құйрығын»,яғни соңғы тұрған ойыншыны ұстап алуға тырысады.

10. « Оймен ойналатын ойындар».

1-топқа: Жолдас атай бір табақ алманы немерелеріне береді.Оларға екеуден берсе,біреуіне жетпей қалады. Бір-бірден беріп еді,бір алма артық қалады. Жолдас атайдың неше немересі бар, табақтағы алма нешеу?

Жауабы: 3 немересі,4 алма.

2-топқа: Бір топ торғай ұшып келіп ағаштың бұтағына қонады.

Бұтақ басына бір торғайдан қонып еді,бір торғайға бұтақ жетпей қалды.

Бір бұтаққа екі торғайдан қонып еді, бір бұтақ артық қалды. Сонда бұтақта нешеу,торғай нешеу?

Жауабы: торғай-4, бұтақта-3.

Қорытынды бөлімі:

Әділқазылар топтардың ұпай санын есептегенше көркем гимнастиканың шебер қыздары өз өнерлерін көрсетеді. Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялау, мараппаттау.

© 2010-2022