Тақырыбы: Жеңіл атлетика Ұзындыққа секіру (7 класс)

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеңіл атлетика Ұзындыққа секіру

7 сынып
Сабақ тақырыбы: Жеңіл атлетика Ұзындыққа секіру.

Мақсаты мен міндеттері: 1. а) Аяқты бүгіп ұзындыққа секіру техникасын үйрету.
ә) Кіші 150 гр допты лақтыруды жетілдіру.
б) 60 метрге жүгіруді қайталау, уақытқа жүгіру.
2. а) Аяқ, қол бұлшық еттерін жетілдіру.
3. Адамгершілік қасиетті сезіндіру, бір - бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ысқырғыш, 150 гр кіші доптар.

Сабақ барысы:
Дайындық бөлімі 12мин:
1. Сапқа тұрғызу. Рапорт беру. Сәлемдесу. Сабақ мақсатымен таныстыру (1мин. 30 сек.) Оқушылардың сыртқы келбетіне мән беру.
2. Саптағы жаттығулар: солға, оңға, кері - айнал (30сек.) саптағы жаттығуларды 1 - 2 есепте орындау.
3. Алға адымдап бас(30сек.) ара қашықтық 1 метрден. Спорттық жүріспен желе жүру(30сек.) қол шынтақтан бүгулі.
4. Жүгіру (бір қалыппен сапты бұзбай жүгіру, 2мин.)
5. Спорттық жүріске көшу(30метр, қол дене қапталында).
6. Жәй жүріс(30метр ара қашықтықты сақтап жүру).
1) тыныс алу жаттығуларын орындау: 1 - 2 қолды екі қапталмен көтеру. 3 - 4 түсіреміз(25метр, қолды көтерген кезде демді ішке тартамыз, түсірген кезде демді шығарамыз. Тоқтаймыз. 1 - 2 - 3 санға саналамыз.
7. Орында тұрып қыздырыну жаттығуларын орындау.
Б. т. аяқ йық деңгейінде қол белде тұру.
Басты алға еңкейту, 2 - б. т 3 - басты арқа еңкейту 4 - б. т 5 - сол қапаталға 6 - б. т 7 - оң қапталға 8 - б. т(4рет, арқаны тік ұстаймыз, йықты көтермейміз).
2) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол қапталда тұру. 1 - 4 - білекті айналдыру. 5 - 8 - шынтақтан айналдыру(2 рет алға, бір қалыпты орындаймыз). 9 - 12 - йықтан айналдыру
3) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол кеуде деңгейінде( екі рет артқа, артқа сермегенде жауырын бір - біріне тию керек).
1 - 2 бүгулі қолды артқа серпу, 3 - 4 жазулы қолды серпу( 5, 6 рет, Қолды бүкпейміз оң қапталға бұрыла, сол қапталға бұрыла орындаймыз).
4) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол йықта тұру. 1 - оң аяққа, 2 - ортаға, 3 - сол аяққа еңкею, 4 - б. т.(7 - 8рет, тереңірек еңкейеміз, аяқ бүгілмейді).
5) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол алда жоғары ұстап тұру. 1 - қайшылап сол аяқты оң қолға көтеру, 2 - б. т. 3 - қайшылап оң аяқты сол қолға көтеру. 4 - б. т.(5 - 6 рет, Аяқты көтерген кезде тізені бүкпеу, биігірек көтеру, денені бүкпеу).
6) Б. т. сол аяқ алда бүгулі қол тізеде жартылай отыру. 1 - 2 серпіліп отыру сол аяққа 3 - 4 оң аяққа(5 - 6рет, тереңірек отыру).
7) Б. т. аяқ йық деңгейінде қол артта тұру. 1 - 4 оң аяқпен сол бағытта секіру. 5 - 8 сол аяқпен оң бағытта секіру(4 - 5рет, арқаны тік ұстаймыз).



© 2010-2022