Оқушыларға жүріс аралық жүріс «Рентген» тәсілдерін үйрету

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жүріс аралық жүріс «Рентген»

Мақсаты: Оқушыларға жүріс аралық жүріс «Рентген» тәсілдерін үйрету.

Көрнекілігі: Шахмат тақтасы, оқулық, сағат.

Сабақтың түрі: теория, практика

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Жаңа тақырып. 3. Қорытындылау. 4. Үйге тапсырма.

Жаңа тақырып: Комбинация жасау жасау үшін түрлі варианттарды мұқият есептеп шығу керек. Себебі дұрыс есептемеу бүкіл жоспарыңды жоққа шығаруы мүмкін. Мысалы: Ақтар: Кре1, Фе2,Л d1, Кв5, Се4, а2,в2,с2, f 3, g2, һ2

Қаралар : Кре8, Фв6,Лв8, Лһ8, К g7, Сс8,С g8, а5,с5, d7, f 7, g6, һ7

Ақтардың ойы комбинация жасау: 1. Л d6 ... егер қаралар пешкімен ладьяны алған жағдайда, келесі жүрісте ақтар Сс6 - ға жүріп мат жариялау вариантын, ал ферзімен в5 - тегі атты алғанда, ферзілер ауыстырылып, ақтар ладьяны ұтып алады. Қаралар бұл нұсқалардың дұрыс есептелмегенін өз пайдасына шешті. Демек, олар бірінші жүріске берер жауабы: 1... Сс3+ пілдің осы қарқынмен жасаған шабуылына «жүрісаралық жүріс» деп атаймыз. Және қаралар g7 шаршысын өз короліне босатып береді, бұдан кейінгі жүрісінде ладьяны ұтып алып, басымдылыққы ие болады.

Келесі мысал: Ақтар: Кр е2, Ла1, Сс1, Ке4, а2,в2, с3, f 2, f 3

Қаралар: Кр с8, Л d8, С g7, Ке5, а7,в7, , f 4, һ5, һ3

Һ3 - тегі пешкінің ферзіге шығу мүмкіндігі бар ма? Немесе ақтар оны тоқтата ала ма? Осы сұрақтарға жауап іздейік: Бірінші жағдайда пешкі һ2 шаршасына жүрді, бұл кезде піл f4 - тегі пешкіні жеп, тоқтады. Рентген сәулесіне ұқсас, байқалмайтын жүрісті қара жағы жасады! Ол жүріс Л d8- дегі ладьяны d1 -ге жүріп ақтың королін бірінші горизонтальды иелеуге мәжбүрлейді. Бұдан кейін пешкі ферзіге еркін шығады.

Қорытындылау кезеңінде тақырыпқа байланысты жаттығулар жасау арқылы бекіту.

Үйге тапсырма: Жүріс аралық жүріс «Рентген»



© 2010-2022