Оқушыларға тоғызқұмалақты үйрету және оны дамыту жолдары /шығармашылық жұмыс/

Ұлттық ойынымыз-тоғызқұмалақ ойынына тереңірек тоқтала отырып, ойынның тәртібі, мақсаты, спорттық этика туралы мәлімет беру. Оқушыларды ептілікке, шапшаңдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.Қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай-қайсысы болса да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Ал, осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі — қазақтың ұлттық ойындары. Қазақтың ұлттық ойындары өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, мінез-құлықтың ерекшеліктерім...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Шығармашылық жұмыс









Оқушыларға тоғызқұмалақты

үйрету және оны дамыту жолдары









Дайындаған: Мадиева А.Ж.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі











2014-2015 оқу жылы





Мақсаты:ұлттық ойынымыз-тоғызқұмалақ ойынына тереңірек тоқтала отырып, ойынның тәртібі, мақсаты, спорттық этика туралы мәлімет беру. Оқушыларды ептілікке, шапшаңдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай-қайсысы болса да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Ал, осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - қазақтың ұлттық ойындары. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты сонымен қатар байсалдылықты, мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Міне, осындай ерте заманнан келе жатқан, терең ойды талап ететін, халық даналығы қалдырған, ежелгі ұлттық ойындардың бірі - тоғызқұмалақ.
Тоғызқұмалақ ойыны өткен ғасырда ең кеңінен тараған ойын болған. Алғашқы кезінде тоғызқұмалақ ойыны үш отау, бес отау, жеті отаулық шағын үлгілері болған. Тоғызқұмалақ ойынының қазіргі үлгісі 1948 жылы қалыптасты. Ойынның классикалық ережесін жасауда Мұхтар Әуезов пен қазақ сахнасының мақтанышы, КСРО халық әртісі Қалибек Қуанышбаевтың еңбегі зор. Бүгінгі таңда тоғызқұмалақ ойыны жетілген тоғыз отаулық классикалық ережесімен ойналады.

Қазақстанда «Тоғызқұмалақ» ойынынан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық жастар мен жасөспірімдер, сондай-ақ, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізеді.

Бұл сайысқа алыс-жақын шет елдердің тоғыз құмалақшыларының қатысуы оның халықаралық беделінің артып, дәрежесінің өскендігін әрі өміршеңдігін, болашағының зор, қанатын кеңге жайып дамып, танымал ойын бола бастағанын көрсетеді. Осы ойынды №4 орта мектебінде де дамыту үшін менде өз үлесімді қосу мақсатында 2011-2012 оқу жылынан бастап осы тоғызқұмалақ үйірмесін жүргізіп келемін. Аптасына 2 сағат болатын осы үйірменің бағдарламасында оқушыларға ойын ережелерін қамту, ойынды жазып ойнау әдістері, ерекшеліктерімен таныстыру және тәсілдерді ойын барысында пайдалануға үйрету сияқты сабақтар қамтылды.

Осы тоғызқұмалақ ойыны бойынша дайындаған оқушыларым селолық, аудандық, облыстық сайыс-байқаулардың жүлдегерлері. Атап айтсам, 2012 жылы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тоғызқұмалақ» сайысынан Есенғали Парасат І орынмен, Жаңғабылова Альбина Президент күні «Тоғызқұмалақ» сайысынан қыздар арасында І орынмен, «Күзгі каникул-2012» 1998-2000 жылғы туылған жасөспірім қыздар арасындағы тоғызқұмалақ сайысында І орынмен, 1 желтоқсан - Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген сайыста ІІ орынмен, «Көктемгі каникул-2013» біріншілігінде 2000-2005 жылғы туылған жасөспірім қыздар арасындағы тоғызқұмалақтан І орынмен, 2013-2014 оқу жылында «Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы» аясында өткізілген мектепішілік «Денсаулық фестивалінде» 500 метр қашықтыққа жүгіруден І орынмен марапатталса, Бердіхан Индира 2014 жылы «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған ауылішілік үстел теннисі жарысында І орынды, Хайруллаева Арайлым ІІ орынды иеленді.

Мен мұғалім ретінде оқушыларды сайыс-байқауларға дайындап қана қоймай, өзім де тоғызқұмалақ сайысқа қатысып, жүлделі орынға ие болдым. Атап айтсам, 2012 ж. Облыстық мұғалімдер арасындағы ұлттық «Тоғызқұмалақ» сайысының ІІ дәрежелі дипломды иелендім.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» тоғызқұмалақ ойыны-зияткерлік ойын. Олай болса, осы ойынды мектепте оқушыларға үйрету, дамыту,әлемдік мәдениеттен ойып орын алуға тиіс зияткерлік ойынымыздың өсіп, өркендеп, дамуына үлес қосу ұстаздар біздің қолымызда дегім келеді.





© 2010-2022