Сабақ жоспар Тоғызқұмалық үйірмесі

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Тоғызқұмалық үйірмесі

Бағдарлама бұл оқу-жаттығу және тәрбие жұмыстарының үйірмелерде жүргізілуін анықтайтын негізгі құжат.

Мақсаты-бапкерлердің оқу- жаттығу және үйірмелерде бірыңғай жүйелерді орнықтыру болып табылады.

Міндеттері:

-Балалар ағзасын дұрыс дамыту және денсаулығын нығайту;есте сақтау,логикалық ойлауын дамыту және келешекте тоғызқұмалақпен айналысатын дарынды балаларды іріктеу.

-Бастапқы дайындық кезеңінің негізгі міндеттері ақыл- ой қабілеттерін дамытуға,есте сақтау,логикалық ойлау,сараптаушылық пен интуициялық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған тоғызқұмалақ ойынының спорттық дайындық жүйесіне балалар мен жасөспірімдерді барынша көп тарту,өздігінше ойлау қабілетін тәрбиелеу,жалпы дене дайындығы және тоғызқұмалақ ойынының негізгі техникасын меңгерту,жеке тұлғаның еріктік және адамгершілік- этикалық қасиеттерін арттыру,салауатты өмір салтына үгіттеу,денсаулығын нығайту және жасөспірімдердің денесінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.

Түсінік хат

Спорт түрлерінің елімізде дамуы мемлекеттің маңызды ісі болып табылады.Адамның рухани байлығы мен мәдениетінің дамуына тоғызқұмалақ ойыны көп әсер етеді.

Спорт түрлерінің үйірмелері спортпен әрдайым шұғылдануға мүмкіндік береді.

Спорт үйірмелерінің жақсы жұмыс істеуі үшін бапкерлер мен спорт ұжымының белсенді қызметкерлері төмендегі мәселелерге мұқият назар аудару керек:

-әрдайым жұмыс жасайтын спорт түріне кешенін табу,таңдаған спорт түріне деген қызығушылығын ояту,таңдаған спорт түрімен үнемі айналысу және шеберлігін көтеру:

-үйірме оқушыларын дене шынықтырумен қамту,президенттік тестілерді тапсыруға атсалысу;

-дене шынықтырумен қатар тактикалық және техникалық дайындықтарын қамтамасыз ете отырып,жаттығуларды үнемі жақсартып отыру;

-жаттығушыларда спорттық әдеп,тәртіп және ұжымға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

-жеке және жалпы гигиенаны,дәрігер нұсқауларын сақтауға,денсаулығын нығайтуға дағдыландыру;

-жүйелі түрде жарыстар өткізуге және үйірме жаттығушыларының аудандық,қалалық жарыстарға белсенді қатысуы;

-БЖСМ-нің,ЖСШМ-нің жұмысының жақсара түсуі үшін әр спорт түріне арналған арнайы бағдарлама қажет.

Балалар-жасөспірімдер мектептеріне (БЖСМ) арналған тоғызқұмалақ бағдарламасы ҚР-ның «Дене тәрбиесі және спорт»туралы 2 желтоқсан 1999 ж №490 Заңына және ҚР спорт және туризм Агенттігі Төрағасының 15.07.2003 ж.№06-2/214 бұйрығымен бекітілген «Спорт мектептерінде оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібінің регламентіне сәйкес жасалған.



© 2010-2022