Жауырынға тұру Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ. (8-сынып)

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі

















Дене тәрбиесі пәні:

Ашық сабақ

"Жауырынға тұру"

(8-сынып)





Пән мұғалімі: К.Б. Қаунова







2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Жауырынға тұру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаттығуды ұқыпты істеуге, икемділіктерін қалыптастыруға үйрету.

Сабақтың өтілетін орны, уақыты: Мектептің сорпт залы.

Көрнекі құралдар: Төсеніш, сырық, доп.

Сабақты өткізетін пән мұғалімі: К.Б. Қаунова

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

І

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Дайындық бөлімі: Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, түгелдеу, салемдесу, спорттық киімдерін тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Залды айнала саппен жүру;

Жүрісті жүгіріске айналдыру;

Оң иықпен адымдап жүгіру;

Сол иықпен адымдап жүгіру;

Кері жүгіріске айналдыру;

Қолды алға ұстап тізені тигізіп жүгіру;

Қолды жанға ұстап аяқты тигізіп жүгіру;

Баяу жүру;

Қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүгіру;

Қолды алға созып өкшемен жүру;

Қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру;

Дене қыздыру жаттығуларын жасату әр оқушыға;

2мин



3мин

3мин

7мин



Жаттығуды дұрыс жасауларын қадағалау

ІІ

Негізгі бөлім. Жаңа сабақ басталмастан бұрын өткен сабақты қайталап алып, жаңа сабақ "Жауырынға тұру"-ды айтып түсіндіру істеп көрсету.

Шалқалап жату қалпынан аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып, бел еденнен көтерілген кезде алақанмен мықынды қаусыра ұстап, қолды белге тіреу керек жіне қолды шынтақтан бүгіп, оны дененің астына қарай көбірек жіберіп, бұдан кейін аяқты жоғары қарай созадыда, шынтақты тірей көтеруі арқылы жауырынға тұру қимылы орындалады. Жауырынға тұру тәсілін орнықтыра түсу үшін аяқпен мынадай әртүрлі қимылдар жасау ұсынылады: аяқты бүгу, аяқты алшақ ұстау, бір аяқты алға екінші аяқты артқа қарай жіберу және т.б.

Жауырынға түсуді оқушыларға бір-бірлеп көрсетіп жалғастырып жасату.

Әрі қарай өз еркілерімен әстеп дайындалып, жаттығуды кері істеп көрсетеді. Қалған уақытты спорттық ойынға жалғастыру, баскетбол ойнау.

15мин





10мин

5мин





Жаттығу барысында қауіпсіздікті ұмытпай, оқушыларды мүғалімнің нұсқауымен жасау.

ІІІ

Қорытынды: Сапқа тұрғызу.

Тынығу жаттығуларын жасату.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Сабақ аяқталды сау болыздар.

Үйге тапсырма беру.









© 2010-2022