Игра на тему Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар туралы түсінік.Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі- ұлт ойындары. Қазақ халқы- материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелердің қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік-экононмикалық жағдайларына байланысты туып, дамыған. Ұлт ойындары-ата-бабамыздан бізге жеткен, өт...
Раздел Физкультура
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық ойындар туралы түсінік.

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі- ұлт ойындары. Қазақ халқы- материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелердің қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік-экононмикалық жағдайларына байланысты туып, дамыған.

Ұлт ойындары-ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».

Әрбір халықтың тұрмыс салты, тіршілігі, айналысатын кәсіптеріне сай өзінің ұлттық ойын түрлері қалыптасқан. Көшпелі тұрмысқа байланысты дала халықтары да өздерінің ойындарын ойлап шығарған. Міне, осындай жұртқа ортақ, жас ұрпақты жан-жақты шынықтырып, көңіл көтеретін ойындар халықпен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келеді. Қазақ халқының да көңіл көтеруге арналған көптеген ойындары болған. Алайда, соларды бәз баяғы күйінде пайдалану міндетті емес, оны уақыт талабына сай өзгертуге, өңдеуге болады.

Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл - күінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт - дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған. Халық ойындары баланың көркемдік - эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Ойын кезіндегі қуанышты көңіл - күй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп оларда туған елдің мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдық сезімі қалыптасады. Халық ойындарының қайсыбірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой - өрісіеің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді.

Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отыпған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін бірі толықтырып байыта түседі.

Ойын бар өнердің бастауы, шынында да көне мәдениетпен әдеби туындылар сол халықтың жиналған уақытта, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір ерекшелігі оған өлең сөздің араласып келіп келіп отырғанында. Егер ойын барысында өлең тақпақ жолдары кездеспесе, онда ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды.

Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпақтыңұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі. Халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып - білу талпынысына нышаныретінде өмірге келген халықтың әлеуметтік - экономикалық айналасы екенін білеміз.

Ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы- ел қорғауға қабілетті болашақ шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондықтан талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатын, аянбай тер төгетінін байқауға болады.

Ойындарды еріккеннің ермегі деп түсіеуге болмайды. Жұмысы жоқтықтан да тумаған. Әр ойынның өзіндік мақсаты, маңызы бар. Олардың көбісі адамның денесін шынықтырып, буынын бекітуге, шапшаңдыққа, алғырлыққа, жүректілікке баулыса, кейбіреулері тіл байытуға, тіл сындыруға, өзін қоршаған табиғатты тануға, тапқырлыққа баулиды. Ел арасында ең көп жайылған әйкөл, қашпа доп, ақ сүйек, айгөлек, ақсерек-көксерек сияқты тағы басқа ойындарда халықтық дене тәрбиесінің негізі жатыр.

Ойынды орынды пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, «Қыз Жібек», «Көксерек» кинофильмдеріндегі сайыс, күрес сияөты ұлттық спорт түрлерімен қатар көрсетілген асық ойындары тым әсерлі, қызықты шыққан. Сондықтан да, көптеген ойындарға соны мазмұн мен жаңа форма беруге атсалысып, халқымыздың ертеден келе жатқан осы қазынасын баға жетпес байлығымызға айналдыруымыз керек.

Халық ойынының келелі бір мақсаты - баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.

Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы: «Қоғи көк» ойыныда қаздар тек кемпірдің: «Олай болса, сендердің біріңді алып қаламын» деген сөзінен ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек.Ойын ықыластықты, шыдамдылықты, ептілікті, кең жерге тез үйрене білуді, ұжымдық сезімін көрсетуді, дер кезінде бір-біріне көмектесуді («бірі-бәрі үшін» және «бәрі - бірі үшін» - қаздар), жауапкершілікті, батылдықты, тапқырлықты (кемпір) талап етеді.

Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады.

Қазақ халқының ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, табандылықты, шапшаңдылықты, ептілікті, байсалдықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдлығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершілдіктің жоғары принциптеріне негізгелденген. Өйткені, ойынға қатынаспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қосылатын атты таңдап алады. Ол атты баптап бағып, күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен ішетін суына дейін белгілі мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленген уақытта күн сайын желгізіп, шапқызып, терін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын бала күн ілгері осы сынақтарға қатысады ( атқа ауыр болмау үшін оған мініп шабатын баланың жасы 11-12-ден аспауы керек). Бәйге ойынынын өзіндік ережелері болады. Осы ойынға қатысқан бала бәйге ойының қыр-сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана маңызды емес, ол-спорт, ол-өнер, ол-шаруашылық, тәжербиелік маңызы бар тәрбие құралы.


© 2010-2022