Гимнастика. Жинақталып алға домалап түсу, артқа домалап түсу

Сабақ тақырыбы: Гимнастика. Жинақталып алға домалап түсу, артқа домалап түсу. Жауырынға тұру. Сабақтың түрі: Үйрету сабағы Сабақтың мақсаты: Гимнастикалық қарапайым жаттығуларды жетілдірумен қоса қимыл-қозғалыс әрекеттерін жақсарту. Оқушының бойында икемділік қасиеттерін  анықтау, оқушылардың дене шынықтыруға қызығушылықтарын арттыру. Қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдығын дамыту. Керекті құралдар: төсеніш, ысқырық, секундомер, тиындар. Өтетін орны: спорт зал Өт...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабаққа арналған жоспар


Сабақ тақырыбы: Гимнастика. Жинақталып алға домалап түсу, артқа домалап түсу. Жауырынға тұру.

Сабақтың түрі: Үйрету сабағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Гимнастикалық қарапайым жаттығуларды жетілдірумен қоса қимыл-қозғалыс әрекеттерін жақсарту.

  2. Оқушының бойында икемділік қасиеттерін анықтау, оқушылардың дене шынықтыруға қызығушылықтарын арттыру.

  3. Қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдығын дамыту.

Керекті құралдар: төсеніш, ысқырық, секундомер, тиындар.

Өтетін орны: спорт зал

Өтетін уақыты:

Ұзақтығы: 45 минут

Сабақтың мазмұны

Өлшемі

Әдістемелік нұсқау

1










2

Кіріспе бөлім

Сапқа тұру, сәлемдесу, сабақтың мақсатын түсіндіру.

Сапта бұрылу жаттығулары.

Жеңіл жүгіріс.

  • аяқтың ұшымен;

  • өкшемен;

  • аяқтың ішкі қырымен;

  • аяқтың сыртқы қырымен;

  • жартылай отырып;

  • толық отырып.

Жалпы дамыту жаттығулары.

4 қатарға бөлініп, сап түзеу.

1. Аяқ алшақ , қол белде. 1-2-4 оң жаққа,сол жаққа айналдырамыз.

2. Б.қ. аяқ алшақ қол белде. 1- оңға, 2-солға, 3-артқа, 4-алға иілеміз.

3. Аяқ иық көлемінде, қол иықта, 1-4 алға, 1-4 артқа айналдырамыз.

4. 1-4 қолымызды ашып-жұмып алға, жоғары, жанға тұру.

5. Қол жанда, 4 санға білекке, 4 санға шынтаққа, 4 санға иыққа айналдырамыз.

6. Аяқ иық көлемінде. 1 белімізді оңға, 2 солға, 3-артқа, 4-алға иеміз.

7. 1-оң қолымызды оң аяққа, 2- ортаға, 3- сол аяққа, 4- б.қ. келу.

8. 1- қолымызды шапалақтау, 2 - б.қ. келу.

Негізгі бөлім.

Гимнастикалық жаттығулар.

Гимнастикалық қарапайым жаттығуларда екі қолды жерге тіреп, жүреден отырып алға аунап түсуді үйрену.

  1. Сапта тұрып, отыру.

  2. Сапта тұрып, арқамен жату.

  3. Сапта тұрып, жартылай отыру.

  4. Алдыға айналып түсу.

  5. Жауырынға тұру.

  6. Осының барлығын комплекстік түрде орындау.

Сапқа тұру

«Теңге алу» ойыны

Мақсаты: Қосымша жаттығуларды орындай отырып тура жүгіруді үйрену.

Мазмұны: Оқушылар ек топқа бөлініп, старт сызығында тұрады. Әрбір топтың алдында 10-15 м жерде «теңге» жатады. Ойын алаңының соңында 8-10м жерде кегли тұрады.

«Дайындал! Жүгір!» деп мұғалім команда береді. Оқушылар тоқтамай жүгіріп, жердегі теңгені алу керек.Кеглиді айналып өтіп, орнына барғанда келесі ойыншыны алақанын тигізу керек. Және топтың соңына барып тұрады. Ойын барлық ойыншы жүгіріп болғанға дейін жалғасады. Нәтижесі анықталады.

Қорытынды

  • Баға қою

  • Үйга тапсырма беріледі.

  • Сабақты қорытындылау.



10-12 мин










25 мин




5 мин





5 мин




Оқушылардың формаларын тексеру


Қолды тік ұстау

Кеудені тік ұстау


Денені түзу ұстау

Мойынды толық бұру

Қолды түзу ұстау


Тізені бүкпеу






Топты бақылау






Қателерді түзеу. Бірқалыпты жасау


© 2010-2022