Дене шынықтыру: Сабақ жоспары

Раздел Физкультура
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақ тақырыбы:«Көңілді старт» эстафеталық жарыс.

Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Доп,кедергілер,шар,секірме,таяқша, тақырып жазылған плакат «Спорт-салауатты өмір серігі»


«Көңілді старт» эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр»

Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет..Бүгінгі өткізгелі отырған «Көңілді старт» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сөз кезегін оқушыларымызды жан жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтын баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды шыңдап келе жатқан директор апайға сөз береміз. Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар таныс болайық.


Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.

Қазылар алқасын оқушыларға таныстырып өтіледі.

Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,

Әзірледік сізге орынды төрден біз.

Ұландардың ең құрметті қонағы,

Жанкүйерде төреші де өзіңіз.

Шарттары:

1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек)

2. «Кім жылдам?»кезеңі

( Скакалкамен секіру).

3. «Пингвин»кезеңі

Бірінші оқушы қаппен қосаятап секіріп , межеге барады, қапты қолына ұстап әкеліп, келесі оқушы екі аяқтың арасына допты қысып межеге барып кері қайтады..

4. «Кім шапшаң»кезеңі

Әр команданың алдына бос банка қойылады, команда мүшелері крушкамен суды тасып банкаға құйыды, кімнің қаншалықты көп су құйғанын сызғышпен өлшенеді (барлығы да уақытпен)

5. «Тұсау кесу» кезеңі

6. «Арқан тарту» кезеңі

7. «Доп беру» кезеңі (Мұнда оқушылар бір біріне допты түсіріп алмай беоуі тиіс.)

Команда мүшелері бірінің артынан бірі жіппен байланады, олар бірге адымдап құламай, межеге жетіп кері қайтулары тиіс.

6. Есеп шығару кезеңі

(оқушылар қаппен секіріп келіп берілген есепті асықпай дұрыстап шығару қажет)

100+200+300=

100+200+300=

100+200+30=

100+200+30 =

100+200+300+200=

100+200+300+200=


7. Кім бірінші? сайысы

© 2010-2022