Сабақтың тақырыбы: Қысқа қашықтықта эстафета таяқшасын беру

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қысқа қашықтықта эстафета таяқшасын беру
Сабақтың мақсаты: Жеңіл атлетика сабағындағы қысқа қашықтықта эстафеталық таяқшаларды бір - біріне беру, жүгіру техникасын меңгерту. Жеңіл атлетика жаттығулары көмегімен оқушылардың ептілік, икемділік, жылдамдық қабілеттерін дамыту. Қысқа қашықтықтағы эстафеталық жүгіруді ұйымдастыра отырып, оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, жарыс сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, практикалық
Өтетін орны: спорт алаңы
Керекті құрал жабдықтар: доп, ысқырық, таяқшалар, секундомер. т. б.

Сабақтың мазмұны
Кіріспе бөлім.
Оқушыларды сапқа тұрғызу. «Түзел!», «Тік тұр!» Амандасу.
Сәлеметсіздер ме?
Кезекшінің мәлімдемесі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, киімдерін.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру.
Саптағы командалар:
«Түзел!», «Тік тұр!», «Оңға бұрыл!», «Солға бұрыл!», «Кері айнал!», «Еркін тұр!»
1. Дене қыздыру жаттығуларын орындау.
1. Жай жүріспен жүру.
2. Қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру.
3. Қолды белге қойып өкшемен жүру, қолды жанға созып жүру.
4. Жеңіл жүгіріспен жүгіру.
5. Қолды белге қойып оң жақ пен сол жақпен, артпен жүру.
6. Оң және сол жақпен қолды алға - артқа айналдыра жүгіру.
7. Жылдамдықты арттыра жүгіру.

8. Жай жүгіріп тыныс алуды бір қалыпқа келтіру.
9. Қолды белге қойып жартылай отыра, толық отыра жүру.
10. Жай жүру дем басу жаттығуларын орындау.
11. Қолды жоғары көтере терең дем алып, аяқ ұшымен жүру, қолды төмен түсіру, еңкею.

© 2010-2022