Творческий работа по физ культуре

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:












Қазығұрт аудандық

Оқу - әдістемелік кабинеті.






5 - 8 сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды пайдалану.

Творческий работа по физ культуре



Т.Рысқұлов атындағы орта

мектебінің дене тәрбиесі пән

мұғалімі: Таженов Сапаралы.


Авторы: Таженов С.

Қазығұрт ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі дене тәрбиесі пән бірлестігі жетекшісі.

Пікір жазғандар:

Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі

Дүйсенов Серік.

Бұл ұсынылып отырған кітапта дене шынықтыру сабақтарындағы пайдаланылатын құралдар мен ашық сабақтар жақсы көрсетілген.

Ұсынылған әдістемелік құрал оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық деңгейін көтеру мүмкіндіктерін туғызатын құрал ретінде ұсынылған. Бұл еңбек оқушылардың қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын, ой - өрісін арттырады. Кітап көпшілік қауымға, мұғалімдерге және оқушыларға арналған.



Қазығұрт аудандық әдістемелік кабинет кеңесінің 2008 жылы мамыр айының күнгі шешімімен баспадан шығаруға келісім берілді.

2


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Дене тәрбиесі оқыту әдістемесі 6 - сынып.


  1. Мектептегі дене тәрбиесі. №5 20007 жыл.


  1. Ұлттық ойындарды пайдалану әдістемелік кітап.

Мазмұны:


1. Алғы сөз 3бет

2. Дене шынықтыру сабағында ұлттық

ойындардың пайдасы 4 - 11 беттер

3. Оқу тәрбие негіздері туралы 12- 13 беттер

4.Сабақтың бөлімдері 14 бет

5. Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет 15 бет

6.Бүгінгі ұстаз келбеті 16-17 беттер

7. Ашықсабақтар жоспары 18-25 беттер

8. Қорытынды 26 бет

9. Пайдаланған әдебиеттер 27 бет.


27

Қорытынды:


Қорытынды ретінде айтарымыз әрбір сөздің мағанасы, мәнін дұрыс пайдаланайық демекпін. Бұрын тіліміз шұбарланған кездегі пада болған термин, ұғымдарды, сөздерді түзеп, дұрыстап алайық. Өйткені ол кезде ғылыми, негізгі пән «дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі» қазақ тіліне аударылғанда, қазақ тілінде дамымады. Ал пәнді, сол саланы ұқпай, терең түсінбей аударылған. Ұғымдар дұрыс болмайтынын бәріміз түсінеміз. Аударма кезінде сөз бен сөз емес, сөйлемнің, ойдың мағанасы аударылатынын бәріміз білеміз. Осы жоғарыда айтылған дене мәдениеті спорт саласында жиі кездесетін нігізгі ұғымдарды дер, кезінде аударып, қазақтың бай сөздерінен байланысын дұрыс тауып алсақ, дене тәрбиесінің, спорттың теориясы дұрыс дамиды, дұрыс бағыт алады, сөздік қоры байи түседі. Одан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз.Аталған істерді қорыта келсек, ол өсіп келе жатқан ұрпақты жан жақты дамыған елу елдің қатарына қосары сөзсіз, жастарымызды отаншыл жандар тәрбиелеуге есебін үлесін қосатын ықпалды құрал.



26

Алғы сөз.

Творческий работа по физ культуре

Таженов Сапаралы Дүйсенқұлұлы 1966 жылы 26 мамыр ОҚО Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келді. 1983 жылы Шымкент физкультура техникумына түсіп, 1984 жылы әскери борышын атқарып, 1986 жылы Шымкент физкультура техникумын жалғастырып, 1987 жылы дене тәрбиесі пәні бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1988 жылы №23 ТУ-де дене тәрбиесі пән мұғалімі болып бастады. 1989 жылы ДЮСШ-да бапкер болып, осы жылы қыркүйек айынан бастап ДОСААФ мекемесінде спорт нұсқаушы болып істеді. 1993 жылдан бері Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде еңбек етіп келеді. Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол оқушылардың жан - жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға даярлауға қызмет етеді. Таженов Сапаралы көп жылғы еңбегінің арқасында жұмыс істеу нәтижесінде практикалық - педагогикалық жетістіктерге қол жеткізіп, қазіргі заман талабына сай жұыс істеп келеді.

Ол үнемі ізденіс үстінде жүреді.

3

Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындардың пайдасы.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстұрі, әдет-ғұрпы, тәрие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланы дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенім артады

Ойынның құрылымы бойынша түрлері өте көп:

  1. Жаттығу ойындар.

  2. Драмалық ойындар.

  3. Шығармашылық ойындар.

  4. Әдеби - музыкалық ойындар

  5. Білім беретін ойындар.

  6. Тәрбиелейтін ойындар.

  7. Дамытатын ойындар.

  8. Жеке тұлғаның әлеуметтендіретін ойындар.

  9. Диагностикалық ойындар

  10. Логикалық ойындар.

  11. Ұлттық ойындар.

Ойын - оқушы білімін, дене бітімін берік етіп қалыптастыру құралы.

Педагогика ғылымда ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның денсаулығынның, өмір сүруінің маңызды бір түрі.

Ойын арқылы кез келген адам зат іс - әрекетке түседі.

4

Негізгі бөлім

Тапқырыбы: «Ұлттық ойындар». Арқан тартыс Бұл ойынды жаздыкүні далада ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан аспағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 метірлік екі ұшы түйілген арқан дайдаланады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады.Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі - сызықтың үстінен келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің кетінен бірі қос қодап тұра қалады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жақа қарай тартады. Команданың ортадағы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығады.

25 минут



















Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болады. Ойыншылар өз ара келісулері бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.

Қорытынды бөлім

Тынысты қалпына келтіру үшін арналған дайындық жаттығулары.

Үйге тапсырмасын беру.

5 минут



25

қ\с

Сабақтың мазмұндамасы

t

Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлім

  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Баяндама қабылдау. Сәлемдесу, тізім бойынша тексеру. Сабақтың тақырыбымен мақсатын түсіндіру.

  1. Саппен баяу жүру.

  • Екі қолды тік жоғары ұстап, аяқтың үшымен жүру.

  • Екі қолды белге қойып, өкшемен жүру.

  • Екі қолды жанына созып, аяқтың сыртқы жанымен жүру.

  • Екі қолды белге қойып, аяқтың ішкі жанымен жүру

  • Екі қолды белге қойып, жартылай отырып жүру.

  • Екі қолды басқа қойып, толық отырып жүру. т.б.

  • Жүгіру, сапқа тұрғызып ж.д.қ жаттығулары.

5





10


10-15 қадам



10-15 қадам



10-15 қадам


10-15 қадам


10-15 қадам


Оқушылардың киіміне, көңіл - күйіне назар аудару

Аяқтың үшымен жүру

өкшемен жүру

ішкі жанымен жүру

жартылай отырып жүру

толық отырып жүру






24

Творческий работа по физ культуре

«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек бұл адамның мінез - құлқын өз басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі.

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін, дене бітімін жетілдіреді.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын "деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ал отырып, бірте - бірте түрлендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттыруы сөзсіз.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой

5


белсенділігімен тіл байлығын, денсаулығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

Дене шынықтыру сабағында кеңінен пайдаланып келе жатқан ұлттық ойындарға тоқталатын болсақ, ұлттық ойындардың пайдасы зор.

Ұлттық ойындарды ойнату сабақта пайдалану барысында бала бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады.

Баланың бойында

Творческий работа по физ культуреТворческий работа по физ культуреТворческий работа по физ культуре

ойлау

тапқырлық

шыдамдылық

Творческий работа по физ культуреТворческий работа по физ культуре

ұйымдастырушылық

Творческий работа по физ культуре

Белсенділік


Әр оқушы өз денесін жан - жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл -қозғалыста болуы керек. Ол үшін әр бір тұлға бос уақытында дене шынықтырумен айналысу қажет ететінін өмір көрсетіп отыр. Дене тәрбиесі арқылы қажетті қимыл қозғалыс түрлерін жасау тәсілдерін үйреніп, оларды сабақтан тыс уақытта өз беттерімен орыдай алатын дәрежеге жету үшін үнемі спорт

6

Ашық сабақ жоспарыы.


8-сыныптар үшін.


Тақырыбы: «Ұлттық ойындар». Арқан тартыс

Мақсаты: 1. Қимыл -қозғалыс шапшаңдығын артыру.

2. Ұлттық ойынға тәрбиелеу.

3. Батылдыққа,күштілікке,ептілікке балу.

Өткізілетін орны: Спорт зал.

Өткізілетін уақыты: 45 минут.

Көрнекілік құралдар: Арқан, жалауша, ысқырық, орта сызық.

Творческий работа по физ культуре


23

Сабақтың мазмұндамасы

t'

Әдістемелік нұсқаулар

Қорытынды бөлім негізгі бөлім Дайындық бөлімі



1.Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Баяндама қабылдау.

Сәлемдесу, тізім бойынша тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

2.Саппен баяу жүру, жүгіру.

- екі қолды тік жоғары ұстап, аяқтың ұшымен жүру.

-екі қолды белге қойып, аяқтың сыртқы жанымен жүру

- екі қолды жанына созып, аяқтың ішкі жанымен жүру.

- екі қолды белге қойып, жартылай отырып жүру.

- екі қолды басқа қойып толық отырып жүру т.б.

Сапқа тұрғызып ЖДҚ жаттығулар

Тақырыбы: "Ұлттық ойын" Тоғыз құмалақ ойыны. Тұздық алуды жетілдіру.

Ойын барысында тұздық алу деген болады. Тұздық алу үшін қарсыласы жүру арқылы ең соңғы құмалақ екі құмалақ жатқан отауына үшінші болып отауға түседі. Тұздықты алудағы мақсат әрбір жүріс сайын сол тұздыққа түсетін құмалақты өз есебіне яғни қазасына салып отырады. Ойын ережесі бойынша тек "маңдайдан " яғни тоғызыншы отаудан тұздық алуға болмайды. Ойын барысында тұздық бір-ақ рет алады. Ойын ережесі бойынша төреші уақыт белгілеп, құмалақтар салынған тоғызқұмалақ тақтасы дайын болса ғана ойнайды.

Тынысты қалпына келтіру үшін арналған жаттығулар.

Үй тапсырмасын беру.

5'

10'

10-15 қадам

10-15 қадам

10-15

қадам

10-15 қадам

10-15 қадам

25'





5'

Оқушылардың киіміне көңіл, күйіне назар аудару

Тек қана аяқ ұшымен

Тек қана аяқ ұшымен

Ішкі жағымен жүру

Жартылай отыру

Толық отыру






22

жаттығушылармен таныс болу керек. Мектеп оқушылары, соның ішінде жас жеткіншек балалар дене шынықтыру пәні сабақтарында қажетті қимыл - қозғалыс түрлерін, гимнастика, жеңіл атлетика жалпы дамыту, акробатика, көркем гимнастика жаттығулары, сонымен қатар спорт жаттығуларының түрлері мен әдіс - тәсілдерін үйренеді. Дене шынықтыру сабағынан басқа бос уақытында қазақ халқының ұлттық ойындарын пайдалану арқылы да өзінің денесін шынықтыруға барлық мүмкідіктер жасауға болады.

Мектеп қабырғасында жүріп дене шынықтыру сабағына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Себебі, дене шынықтыру жаттығуларын жай ғана үйреніп қою жеткіліксіз. Олардың пайдалы екенін түсініп, бос уақытта өздері қалаған спорт түрімен айналысуға бағыт - бағдар беріп отыратын пән мұғалімі және ата - ана болып табылады. Сондықтан мектеп қабырғасында жүрген оқушылар спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысу қажет екенін түсіндіре отырып айту педагогтың алдына қойған басты мақсаты. Спортпен үзбей шұғылданған бала күшті де батыл, икемді де төзімді, сымбатты да сұлу болып өседі.

Болашақта еліміздің намысын қорғап, әлемге атын шығаратын спортшы да мектеп балаларының арасынан шығады. Дене тәрбиесі оқушыларды жан жақты жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. 5-8 сыныптарда


7

жүргізілетін дене шынықтыру тәрбиесі сабағын алдына қоятын мынандай міндеттері бар:

- денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру.

- жаттығулармен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін

керекті гигиеналық талаптарды білу.

  • негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап, балалардың жалпы икемділігін арттыру.

  • Қимыл сапаларын жетілдіріп, дене құрлысын қалыптастыру.

  • өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға үйрету.

  • Сабақтан тыс уақытта жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру.

Бұл мақсаттарға жетуде жеке дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері қолданылады. Олардың ең негізгісі дене шынықтыру сабақтары және сабақтан тыс уақытта ойындарды қолдану болып табылады.

Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өмірге керекті дағдыларды игереді. Өз беттерімен жаттығып, ұйымдасып шығуға машықтанады. Бұл сабақтарда оқушылар әр түрлі қимылдар жасап, денесінен көп ауырлықты түсіріп, епті, күшті шапшаң болуға жаттығады.

Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақыттада ұлттық ойындар ойнату барысында да іске асырылады. Сабақтан тыс

8

Ашық сабақ жоспары.

7 - сыныптар үшін.

Тақырыбы: "Ұлттық ойындар." Тоғыз құмалақ ойыны. Тұздық алуды жетілдіру.

Мақсаты: 1. Батылдыққа, ептілікке,

отансүйгіштікке баулу.

2. Ойлау қабілетін, қимыл - қозғалыс

шапшаңдығын арттыру.

3. Ұлттық ойынға тәрбиелеу.

Өткізілетін орны: спорт зал.

Өткізілетін уақыты: 45 минут.

Көрнекілік құралдар: Тоғыз құмалақ тақтасы, уақыт.


1



2


3


4


5


6


7


8


9

Отау

Отау


9


8


7


6


5


4


3


2


1


21

Қорытынды бөлім

кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз сақасын иірген кезде тәйке түссе онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын алады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады

Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.

Аталған істерді қорта келсек, ол өсіп келе жатқан ұрпақты жан - жақты дамыған отансүйгіш жандар тәрбиелеуге еселі үлесін қосатын ықпалды құрал.

Тынысты қалпына келтіру үшін арналған жаттығулар.

Үй тапсырмасын беру.




5'

Ойын ережелерімен ойнауды талап ету.




20

уақытта ойнатылатын ойын түрлері оқушылардың қимыл - қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып отыр. Ол - сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеуде.

Қазақтың ұлттық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы болып та табылады. Қай жаттығу болмасын, қай ұлттың перзенті болмасын, әр ұлт өзінің ұлттық ойындарын тиімді пайдаланғысы келеді, менің де мақсатым сол.

Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын болсақ, қазақтың ұлттық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады. Сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі, өйткені оқу мен тәрбие егіз, үздіксіз процесс.

Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалану мұғалімнің күнбе - күнгі сабағына әзірлену кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында көрсетіледі. Өздеріңізге белгілі гимнастика сабағы «сапқа тұру және қайта өзгеріп тұру» сабағынан басталады. Осындағы сапқа тұру, қатарда бір - бірден жүру т.б. толып жатқан ұғымдарды

9

бірінші күннен бастап тусіндіре қою қиынға соғатыны белгілі. Мәселен, оның мұғалім үшін қиындығында емес, балаларды меңгеріп алуының күрделілігінде. Сондықтан алғашқы 10-15 минутта мұғалім ұлттық ойындардан бастап, балалардың қимыл бірлігі қалыптасып, бір -біріне жақындаса бастаған кезде, ойыннан сабаққа біртіндеп көшкені жөн.

Алғашқы бірнеше сабақ бойы мұғалім ойыннан негізгі материалға, одан қайта ойынға көшіп, қайтадан негізгі материалды өтеді де, сабақтың аяғын ойынмен бітіреді. Бұл, әрине, мұғалімнің шеберлігіне оқу материалдарын өткізуді күні ілгері егжей - тегжейлі ойластыруына сабаққа мұқият әзірленуіне байланысты.

Зерттеу мен тәжірибелерге қарағанда ұлттық ойындарын сабақтың ортасында пайдалану оқушылардың дене шынықтыру сабағындағы арнайы материалдарды дұрыс түсініп, ұғынуына негізделеді. Осы сабақ үстінде ойнап, жаттыққан жаттығуларын оқушылар сабақтан тыс уақыттарында қайталап отыруына болады. Ол үшін мұғалім үйге тапсырма бергенде тиянақты ескерту керек, соңында келесі сабақта жаттығуларды кім қайталады, оның нәтижесін көріп, бақылауына болады. Бала назары тұрақты болмайды. Көп жағдайларда дене жаттығуларын мұғалімнің көрсетуі бойынша қайталай береді. Ал, мұғалім балалардан жаттығуды өз беттерімен жасауын талап еткенде олардың көпшілігі дұрыс орындалады. Содай-ақ, олардың қимыл бірлігіде бұзылады. Балалардың назарын сабаққа аудару

10

Сабақтың мазмұндамасы

t'

Әдістемелік

нұсқаулар:

Дайын

дық бөлімі



Негізгі бөлім

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Баяндама қабылдау.

Сәлемдесу, тізім бойынша тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

2. Саппен баяу жүру, жүгіру.

- оң жақ қырымен жүгіру

- сол жақ қырымен жүгіру

- артқа қарап жүгіру

- жүгіріп келе жатып жасалатын жаттығу

- бір орнынында тұрып ЖДҚ жат-лары.

Тақырыбы: Ұлттық ойындар. Асық ойыны. "Алшы ойыны"

"Алшы ойынының" ойнаушыларына шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші барлығының сақаларын жинап алып. Ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез - келген жағына жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екі түрлі түссе онда алмайды. Ол атуды тоқтатып

5'

10'

5-6 рет

5-6 рет 10-12рет


25'


Оқушы

лардың киіміне көңіл күйіне назар аудару.

екі қолды алдыға айналдыру

екі қолды артқа айналдыру

басты оң иықтан бұру


әрбір асықшы ойын шартымен ойнау шартты


19

Алшы Тауа Омпа

Творческий работа по физ культуре

Пук Шик Омпа

Ашық сабақ жоспары.

(6 - сыныптар үшін)

Тақырыбы: Ұлттық ойындар. Асық ойыны. "Алшы ойыны"

Мақсаты: 1. Батылдыққа, ептілікке, күштілікке баулу.

2. Ойнау қабілетін, қимыл - қозғалыс шапшаңдығын арттыру

3. Ұлттық ойынға деген құштарлығын ашу.

Өткізілетін орны: Спорт зал.

Өткізілетін уақыты: 45 минут.

Көрнекілік құралдар: асықтар, сызық.

18

үшін мұғалім сабақтың ортасында 5-10 минут қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатып, олардың көңілдерін басқа жаққа аударады да, соның негізінде пайда болған ерік-жігерлерін негізгі материалдарға аударады. Ал, ойынды сабақтың аяғында, көбіне оқушылар негізгі оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Сабақ бітуге 5-10 минут қалғанда біртіндеп ұлттық ойындарға көшкен жөн. Өйткені, оқушылардың үзіліс кезінде байсалды дем алуларына нұқсан келмеу жағын да ескерту орынды.

Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Мектеп табалдырығын алғаш атап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, олардың дене шынығу сабағын сүйіп оқуына, қатысуына жету үшін ұлттық ойындарын тәрбие құралы деп қарауға болады. Ұлттық ойындарды бағдарламаның «Қимыл ойындары» деген бөлімінде ғана падаланылатындай етіп қана қоймай, әр сабақтың мақсатына қарай, соымен бірге мазмұнына сай, сабақ кезендеріне орай пайдалануға болады. Мектеп оқушылары үшін сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойындарын іріктеп оқушының жас ерекшелігіне байланысты ойнауды ұсынған дұрыс. Дене шынықтыру сабағында ұлттық, халық ойындарын пайдалану жас өспірімдердің тек дене тәрбиесіне ғана әсерін тигізіп қоймай, олардың жан - жақты дамуына, сана сезімінің өсіп, жетілуіне оқу үлгеріміне де айтарлықтай әсер тигізеді. Мектептегі оқушыларының сабақ үстінде

11

алатын білімін тәрбиесін жалғастыратын кезең сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері болып табылады.

Оқу тәрбие негіздерінде бір - бірімен ұштасатын дәнекерлердің бірі - ұлттық ойындар. Сабақтан тыс уақытта өтілетін, жүргізілетін, тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөлінбейінше жақсы нәтиже бермейді. Мектептегі сабақпен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсатарының бір айырмашылығы - тек ұйымдастыру әдістемелік жағында ғана екенін естен шығармауымыз керек. Сабақтан тыс уақытта өтілетін тәрбие жұмыстары, ұлттық ойын түрлеріне дәйекті бола бермеиді. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойындарға әр уақытта мұғалім тарапынан қадағаулар, басшылық болып отырулары қажет. Бала ағзасы қимыл - қозғалыссыз тұра алмайды. «Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген». Сондықтан да, мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Оқушылары сабақ уақытында алған тәлім - тәрбиесі, оның саналы игеруі де сабақтан тыс уақытта, көпшілік орындарда қарым - қатынасына, үлкендерді сйлауына байланысты көрініс табады. Мұғалім ойын түрлерін іріктеп алады да, оқушылырды алдымен ойын мазмұнымен таныстырады.

Содан кейін оны қалай ойнаудың жолын үйретеді. Ұлттық ойындарды оқушылар жиындарда, үзіліс арасында, сыныптан тыс, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді, қабілетті оқушылардың

12

біліуіміз қажет. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани қасиеттері мен ақыл - ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық үрдіс, қарым - қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес олардың апта бойына біркүндік жұмыс жасау мүмкіндігі әртүрлі және өзгеріссіз болады. Апта ішінде сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сәтті күндер, ал дүйсенбі, жұма, сенбі күндер ауыр күндер болып есептеледі. Соған сәйкес апталық және біркүндік сабақ кестесін құрып уақытта оқушылардың мектептегі жұмыс уақытына жоғары талап қоя білуіміз керек. Бала шаршамауы үшін пәндер кезектесіп берілуі керек. 1-пәннен 2-сағат, немесе бір - біріне ұқсас пәндер қатар қойылмауы керек. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Дене шынықтыру сабағын қай сабаққак қою тиімді. Ең оңай, керексіз пән деп қалаған күні, қалаған сабаққа, қалаған уақытқа қояды. Тиімді жолы қайсы? Қай кезеңде, қай уақытта өтілуі тиіс? Әрбір оқу күнін 10-15 минуттық спорттық гимнастикадан бастаған дұрыс. Балалардың ойлау қабілетінің жақсы жұмыс істеуіне және шаршауына әсері зор.


17

  • мәселе қою

  • ой бөлісу

  • пікірлер шкаласы

  • бақылау, бағалау

  • соңғы нәтиже

"Өте жақсы" жетістіктерге жету үшін "бүгінгі ұстаз келбеті" қандай болуы керек? ...

Бүгінгі ұстаз келбеті

  • тәлім -тәрбие әдістерін меңгеруші

  • балаға деген сүйіспеншілігі мол

  • ұйымдастырушылық қабілеті зор

  • жан - жақты ізденімпаз

  • білімділігі зор, кең

  • оқушымен үздіксіз қарым -қатынаста болуы

  • жеке ерекшелігімен ерекшеленіп тұруы керек.

Өйткені ұстаз - іздену барысында ғана - "ұстаз". Ұстаз: - үйретеді, үйренеді, іздейді, ізденеді, іздестіреді, біледі, сұрайды, білгенін үйретеді, нәтижесін көреді. Кез - келген ойынның мақсаты, міндеті, сұранысы, нәтижесі болады.

Нәтижесіз жұмыс - білімсіз ұстаздардың жемісі.

Әрбір нәтижелі жұмыс мұғалімнің шығармашылығы, жеке тұлғаның шығармашылығы, ұжымның үздіксіз әрекеті, ұйымшылдығы, бірлігі болмақ. Ал әрбір сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың басты түрі болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту жүйесінде алатын орны ерекше екенін

16

жетекшілік рөлін пайдаланған жөн. Мұғалімдер ұжымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнатуды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында

төзімділік, шыдамдылықпен ұстанымдылық өзін - өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынандай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады.

«Арқан тарту», «Белбеу тастау», «Соқыр теке», «Жаяу көкпар», «Жалау алу» т.б. Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет - ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл ойдың, мидың қабылдау процессіне де әсер етеді. Дене шынықтыру кезінде және сабақтан тыс уақытта ұлтттық ойындар өткізу мынандай кезеңдерден тұрады.

Осы кезеңдерді жеке жеке қарастырып көрсетейк әр ойын 3-4 бөлімнен тұрады. Егер де дене шынықтыру пәні 45 минуттан өтетін болса, ол 4 бөлімнен тұрады.


13

  1. Кіріспе бөлім (5 минут)

Бұл кіріспенің міндеті - ойынның қысқаша мазмұнымен таныстыру. Ойындардың аттарын атап, ережелерімен таныстырып, оқушылармен сәлемдесу, ойынға әзірлеу.


  1. Дайындық бөлім ( 10 минут).

Мұнда оқушылардың дене құрлысын икемге келтіріп, негізгі ойынға дайындау. Бой жазу жаттығуларын жасату. Осы бөлімде ұлттық ойында кездесетін кейбір жеке қимылдарды қайталатқызуға болады.

  1. Негізгі бөлім ( 25 минут).

Бұл бөлімде оқушыларға қазақтың ұлттық ойының үйрету және олардың дайындықтары ескеріледі. Қазақтың ұлттық ойынының әдіс - тәсілдерін үйрету арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу де кездеседі.

  1. Қорытынды бөлім.

Бұл бөлімде ойынды біртіндеп аяқтап, жүктеменің мөлшерін кемітеді. Ойыннан кейін мұғалім оқушыларды бірден демалысқа шығаруға болмайды. Өйткені, ондай жағдайда балалардың қан айналымының бұзылуына себепкер болуы мүмкін сондықтан ойын соңында жай жүгіріп немесе жүріп өту, бұлшық еттерді босатуға арналған жаттығулар жасау керек.

Ойын қорытындыланып, үйге тапсырма береді. Ойын баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болсын ойынмен өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық өзгерістеріне, тұрмыс тіршілігіне, айналысатын кәсіп - шаруашылық ерекшелкіетеріне

14

байланысты. Ұлттық ойындар - халықтық мол қазына.

Сондықтан мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қамтамасыз ету керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.

Баланың әдепті, көрегенді, қарапайым, қацырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты, сонымен бірге сабақта, сабақтан тыс уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты болады. Ойын барысында баланың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз керек. Ол үшін баланың айналасына қолайлы жағдайлар жасауымыз керек.

А) бала ұстаған заттың өз орнында және гигиеналық талапқа сай болуы тиіс.

Ә) баланың талабының қанағаттануы қажет

Б) мұғалімнің жеке басының үлгі - өнегелі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды.

В) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы.

Ұлттық ойындардың кез - келгенін тиімді пайдаланудың нәтижесі қандай болмақ? Жеке тұлғаға бағдарланған әрекеттің соңғы нәтижесі қандай болмақ?

Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет.

  • ұйымдастыру

  • қызығушылықты ояту

  • бағдар беру

  • үлгіні көрсету, түсіндіру

15

© 2010-2022