«Толағай» көңілді мәре сайысы

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы, Матақ ауылының ЖББ
№1 5 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Тусупбекова Элмира Мекентаева

Тақырыбы: «Толағай» көңілді мәре сайысы
(ҚР 24-жылдығының тәуелсіздігіне орай арналған)
Мақсаты:Оқушыларды шапшандыққа, күштілікке, дәлдікке баулу
Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету,салауатты өмір салтына,әдемілікке тәрбиелеу.Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті:Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу,тәсілдерін меңгеру.
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін,мергендік пен шапшандылық қабілеттерін дамыту.
Түрі:Эстафеталық ойын
Өтілетін орны:Мектеп спортзалы
Көрнекілігі:Эстафета таяқшалары,доптар,секіртпелер,арқан,
жалаушалар,ысқырық,уақыт өлшеуіш т.т.б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім
Құрметті көрермендер! Ұстаздар! Ата-Аналар,оқушылар,
барша спорт сүйер қауым!
Мемлекетіміздің 24-жылдығының тәуелсіздігіне орай,№ 15 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасындағы «Толағай» көңілді мәре сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл
Жақсы азамат боласың
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасан да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып,ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық,қане,халқым!
Жарысқа қатысушы 3,4 сынып оқушыларын
ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз!
3 сынып: Топтың аты «Барыс» жетекшісі Хызай Гүлдариға
Топтың ұраны: Барыстай айбатты боламыз,Елді қорғап тұрамыз!
4 сынып: Топтың аты «Тұлпар» жетекшісі Акимова Сауле Куанышевна
Топтың ұраны: Бәріміз - біріміз үшін,біріміз - бәріміз үшін!

Боламыз біз сегіз қырлы,бір сырлы.
Бүгінгі ойынымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І-кезең
1)Таныстыру (Шарты: топ-команда өздерін таныстыру және ұраны)
2)Эстафета (Шарты: эстафета таяғымен жүгіру)
3)Секіртпемен секіру (Шарты: Секіртпемен секіріп,тапсырманы орындау)
IІ-кезең
4)Мерген (Шарты:допты жерге ұрып жүгіріп,қалқандағы себетке салу)
5) Қапшықпен секіру (Шарты:екі аяқпен капшыққа киіп,мәреге секіріп бару)
6)Паравоз (Шарты: паравоз болып бір оқушы қалған оқушыларды вагон қылып тіркеп жинайды)
ІII-кезең
7)Тарақандар жарысы (Шарты: қолды артқа тіреп,екі аяқтарды алдыға қойып жүгіру)
8)Арқан тартыс (Шарты: команда болып арқан тартысу)
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
- Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылыр алқасымен таныстырайық:
1. Қамсетер Анар Жәкетқызы Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары
2. Үсенов Бауыржан Толегенұлы АӘД пәнінің мұғалімі
3. Елжасов Жанат Кабытаевич дене тәрбиесінің пән мұғалімі

Ойын барысында ескерілетін мәселелер:қауіпсіздік сақтау ережесін сақтау,оқушыларды қатыстыру,екі команданың ұпайын есептеп жеңген команданы анықтау. Әр ойынның қорытындысын айту,марапаттау
Ендеше сайысымызды бастаймыз!



© 2010-2022