Внеклассный урок по физической культуре на тему: Әкем, шешем және мен – спортшымыз шетінен

Әкем, шешем және мен – спортшымыз  шетінен. Мақсаты: Отбасы мен оқушылар арасындағы  қарым-қатынасты  нығайту, балалардың дене қимылдарын дамыту. Шапшандылық, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу.      Сайыс шартары:1. Сәлемдесу2. Үлкен шармен кедергілерден өтіп есеп шығару3. Кедіргілерден өтіп допты торға тастау4. Секірткішпен  секіріп шарды жару5. Әр командадан шешесі шығып ойыншық жинау6. Арқан тартуЖүргізуші: Болашақ үшін қиындыққа қол созған, Үміт күткен ...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әкем, шешем және мен - спортшымыз шетінен.

Мақсаты:

Отбасы мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың дене қимылдарын дамыту. Шапшандылық, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сайыс шартары:

1. Сәлемдесу

2. Үлкен шармен кедергілерден өтіп есеп шығару

3. Кедіргілерден өтіп допты торға тастау

4. Секірткішпен секіріп шарды жару

5. Әр командадан шешесі шығып ойыншық жинау

6. Арқан тарту

Жүргізуші: Болашақ үшін қиындыққа қол созған,

Үміт күткен ел арманың қолдасын!

Бүлдіршінің жүрегіне жолтартқан,

Ізгі, ниет жақсы өнеге тозбасын, - дегендей, бүгін «Әкем, шешем және мен, спортшымыз шетінен» атты отбасылық спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Ортаға «Қыран», «Барыс» «Сұнқар» командылары шығады.

Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріндер!

Әділқазы алқасы!

Әділбаға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық. ТІЖО Р Р Садиров, дене шынықтыру пәні мұғалімдері

Р А Халилов, Т М Бекташев

Кәнекей, ата - аналар, балалар жарысқа дайынсыңдарма?

«Сәлем - сөздін анасы» деген нақыл сөз бар. Екі топ өздерін таныстырып жіберсе.

Балалар мен ата - аналардың сәлемдесуі.

Әділқазылар алқасының бағалары.

ІІ кезең үлкен шармен кедергілерден өтіп есеп шығару.

Үлкен шарға отырып секіріп барып есеп шығарып, қайтып кезеңді келесі адамға береді.

ІІІ кезең кедіргілерден өтіп допты торға тастау

Кедіргілерден өтіп, допты торға тастап, келесі сайыскерге допты береді.

ІV кезең секірткішпен секіріп шарды жару

Секірткішпен секіріп барып, шарды жарып, қайтып барып, секірткішті келесі ойыншыға тапсырады.

V кезең әр командадан шешесі шығып ойыншық жинау

Әр командадан шешесі шығып шембер ішіндегі шашылып турған ойыншықтарды 1 минут ішінде жинау

V Арқан тарту

Әр команда қарсылас командалармен арқан тартысады.

Құрметті әділқазылар, сөз кезегі - өздеріңізде.

Әділқазылар алқасы балалар мен ата - аналарды құттықтап, марапаттау.

© 2010-2022