Сабақ жоспары Қазақтың ұлттық ойындары

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары

(13.03.15-19.03.2015)









"Қазақтың ұлттық ойындары"спорттық сайыс

Бағдарламасы



1.Асық ату (4-сыныптар) 5ұл

2.Арқан тартыс (5-сыныптар) 5ұл-5қыз

3.Мергендер сайысы (6-сыныптар) 3ұл-3қыз

4.Аударыспақ (7-сыныптар) 4-ұл

5.Бұқа тартыс (8-сыныптар) 6-оқушы



















Жарыстың мақсаты:


1. Білімділік: Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.Оқушыларды жарысқа дайындау.
2. Дамытушылық: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту
3. Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушыларды басқа ұлттың салт дәстүрін, әдет ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру.Достыққа тәрбиелеу.







Ойынның ережелері:

Тартыс - ұлттық ойын
Ойыншылар тепе - тең екі топқа бөлінеді, екі - екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір - біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін - бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір - бірімен орын ауыстырады.

Асық ойыны
«Тас қала»
Ойынның ережесі:
Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 - 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.
Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда сақалар қайта иіріледі.
Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта тұрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бұзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.
10 минут
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту.

Хан талапай
Ойынның ережесі:
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі - «Хан талапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.

ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ
1. Жарысты қорытындылау. Түгел тыңдауын қадағалау
2. Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. Толық сапқа тұруларын қадағалау.
5. Қоштасу .Түгел қоштасуын қадағалау 6.Жеңімпаз болған топтарды марапаттау.
7. Бір саппен спорт алаңынан залдан шығару. Бір саппен шығуын қадағалау.


© 2010-2022