Дене шынықтыру пәнінен дебат сабағы Салауатты ауыл-Саламатты Қазақстан-Ауыл мен Қала

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Пікірталас не үшін керек?

1.Шешендік дағдысын жетілдіру.

2.Талқы үстіндегі мәселеге сын көзбен қарау.

3.Талқыланып жатқан мәселені түсіну.

4.Ойландыру ой-түрткі салу.

5.Фактілерді зерттеу, болжау,баға беру.

6.Жүйелеп сөйлеу.

7.Өзкөзқарасынжүйелеп басқаларға дәлелдеу.

8.Өз бағытын дұрыс ұғыну.

9.Мәселенің өзектілігіне мән беру.

10.Пікір таластаекі жақтың ойын, көзқарасын жалғастырып,ұштастырып беру.

11.Өз ойыңды анық,әсерлі,нақты түрде дәлелдеу.

12.Көп әдебиеттерді оқу.

13.Сайысқа қатысушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу.

14.Сайыста идея қозғаған адамға құрметпен қарау.

15.Идеяны теріске шығаруға нақты дәлел қою.

16.Төрешіні өз көзқарасының дұрыстығына сендіру.

17.Қарама-қарсы сұрақ қоя білу.

18.Уақытты тиімді пайдалану.

19.Мәселені қортындылау және шешім жасай білу.

20.Мәселеге шығармашылықпен қарау.

21.Көзқарасты ашық айтуға қалыптасу.

22.Ашық қоғам құруға үлес қосу.



Сабақтың тақырыбы: Салауатты ауыл-Саламатты Қазақстан-Ауыл мен Қала.

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың өзектілігіне,тақырыптың негізінде мәлімет жинау мен өз ойын ортаға салу, пікір талас арқылы білімін толықтыру,өз ойын еркін, мәдениетті,әдеби тілде жеткізе алуға баулу.

Сабақтың түрі: пікірталас (дебат Карл Поппер әдісімен ).

Сабақтың көрнекілігі: слайд,газет-журналдардан жинақталған мәліметтер,ақпарат арқылы жинақталған материалдар, бейнетаспа т/б.

Пәнаралық байланыс: биология,тарих,қазақ тілі,математика,шет тілдері.

Сабақтың барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Бүгінгі сабағымызда 9 «а,ә,б» сыныптар арасында өткізгелі отырған пікірсайыс сабағымызды бастаймыз. Сайысқа қатысушылар, бәріміз «бір шындық, екі өтірік» айтудан бастаймыз. Менен бастап сағат тілінің бағытымен бір шындық, екі өтірік айтып шығамыз.Бір айтылған шындық пен өтірік екінші қайталанбайды. Сонымен өтірік айтқан оңай ма?, әлде шындық айтқан оңайма? Бірінші палатада (яғни топта) -3 скипер. Олар 9 «б» сынып оқушылары; 1-ші скипер Жұбанғалиев Нұртас. 2-ші скипер Орынбай Сұлтанбибарыс. 3-ші скипер Тұрсынхан Санжар Бұл топ мүшелері жалпы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт ауылдық жерде дамып, қарқын алуда деп ойлайды. Сол мақсатта өз ойларын ортаға салып талқылайды. Екінші палатада (яғни топта) -3 скипер. Олар 9 «а» сынып оқушылары; 1-ші скипер Тажкенова Лилия. 2-ші скипер Зейін Нұрберген. 3-ші скипер Сидахметова Шынар. Бұл топ мүшелері жалпы Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт ауылдық жерде емес, керсінше қалада жақсы дамыған деген ойда. Сол ойларын ортаға салып талқылайды. Бақылаушы және бағалаушы топ; 9 «ә» сынып оқушылары; 1 Жақсығалиева Аружан.

2.Амирова Жадыра. 3.Каримов Абзал. Таим скипер. (Уақыт есептеуші.)

Бірінші топтың бірінші скипері Тұсынхан Санжар қарсылас командасына, бақылаушы,бағалаушы және таим скиперге (уақыт есептеуші) сондай-ақ көрермендерге амандасып болған соң,өз командасы мүшелерін толықтай таныстырып өтті.

Біздің топтың қозғап отырған мәселесі, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша дене тәрбиесі және спорт ауылдық жерде жақсы дамып ,қарқын алуда. Одан әрі өз сөзін «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ел тұрғындарының ауруын ескерту және денсаулығын нығайтуға байланысты» біршама құжаттар қабылданғанын. Соның ішінде« Ел Президентінің Қазақстан халқына арналған жолдауы», «Қазақстан-2030 жылға дейінгі даму стратегиясы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы», «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы», «Қ.Р. медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы. «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық орталықтарын құру туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» құжаттар қабылданғанын іске асып жұмыс жасап жатқандығы туралы толығырақ баяндап өтті. Сондай-ақ шалғай ауылдарға бөлініп жатқан кадр мәселесі туралы атап өтті. Бүгінгі таңда ақысыз,ақылы оқитын оқу орындары көптеп кездеседі. Сол оқу орындарын бітірген мамандар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға барып, үкіметтің берген жеңілдігін пайдаланып, еңбек етуде. Соның бір айғағындай өзіміздің ауданда 22 ЖОББМ, 10НМ, барлығы 32 мектепте 76 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыс істеуде, бапкерлерді санамағанда. Олардың бәрі де өз мамандықтары бойынша еңбек етуде. Сөзінің соңында қарсы команданың үшінші ойыншысы сұрақ қойып, оған жауап қайтарылды.

Екінші топтың бірінші скипері Тажкенова Лилия бақылаушы, бағалаушы және қарсылас командаға сондай-ақ көрермендерге амандасып, өз тобын толықтай таныстырып өтті. Қарсылас тобының бірінші скипері Тұрсынхан Санжардың атап өткен бағдарламаларына толықтай келісетінін айта кетіп, бірақ сол бағдарламалардың ауылда мықты жұмыс жасап жатқандығына қарсы пікір туғызды. Ауылда не спорт алаңы, не спортзалы бүгінгі таңдағы талапқа сай емес екендігі,оқушылардың аздығы, ауылдағы кадр мәселесінің кемшілік тұстарына толығырақ тоқталып, ауылдағы спорттың жағдайының сын көтермейтіндігін нақты фактімен айтып қарсылық білдірді. Сұрақ қойылып нақты жауап қайтарылды.

Бірінші топтың екінші скипері Орынбай Сұлтанбибарыс бірінші скипердің сөзін жалғастырып, толықтырды. Ауылдың балалары жастайынан еңбекке араласады. Еңбекке ерте араласқан оқушы кез-келген жаттығуларды ешбір қиындықсыз,берілген әрбір жүктемені жоғарғы қарқынмен орындайды. Кез-келген үй шаруасы бұлшық ет,буын қозғалыстарын дамытуға ықпал етеді. Ауылда жылқы малы көптеп кездеседі. Балалар жастайынан жылқыға мініп өседі.Атқа мінгеннің пайдасы өте көп.Сондай-ақ ауыл балалары құнарлы тамақпен тамақтанады. Айран, сүт, көже, қатық, май, құрт, ірімшік, қаймақ, қымыз, шұбат т/б құнарлы тамақтармен тамақтанған бала шымыр, шыныққан, әлді болып келеді. Бүгінгі таңда ауыл балалары арасынан көптеген мықты спортшылар шығуда. Соның бір айғағы ретінде ауданымызда өткен жеңіл атлетика жарысынан үздік шыққандар аудан намысын қорғап облстық жарысқа қатысып төртінші орынға ие болды. Атап айтар болсақ өзіміз мектебімізден қатысқан оқушылар Қанатқалиева Қымбат найза лақтырудан екінші орын, Нәсіпқалиев Бибол қол күресінен бірінші орынға ие болды.Ауылдық жерде борпылдақ топырақты жерде жүгіріп дағдыланған оқушы қалаға келіп стадионға түскен кезде емін-еркін жүгіріп еш қиындықсыз мәреге жетеді. Ауыл спортының бүгінгі таңдағы жағдайы өте жоғары дәрежеде деп ойлаймын.Осы бағытта біраз дәлелдемелер, фактілер айтып қорғап шықты. Сұрақ қойылып оған нақты жауап қайтарылды.

Екінші топтың екінші скипері Зейін Нұрберген, Бірінші топтың екінші скипері Орынбай Сұлтанбибарыстың дәлелдемелеріне қарсы дәлелдемелер айтып,өз ойын ортаға салды. Ауыл балалары еңбекке ерте араласқанына сөзім жоқ.Оларда қара күш болғанымен айла,тәсіл, ептілік, спорттың бір түріне деген бейімделу жоқ.Ауылдан шыққан спортшылардың талайы қалаға келіп арнайы жабдықталған спорт ғимаратында, арнайы бір спорт құралдарымен жаттықпаса биік деңгейге жете алмайды. Бұл өмірде нақты дәлелденген.Үкімет тарапынан шыққан белгілі бір бағдарламалар, бөлінген қаражат сөз жоқ алдымен қалаға жетеді.Өз ісінің майталман мамандары қалаға тартылады.Қазіргі таңда ауылдық жерде садақ ату, суда жүзу,мылтық ату, шаңғы жарысы т/б кейбір спорт түрлеріне жаттығу мүмкін емес. Сондықтан ауылдан шыққан дарынды балаларды қалаға жинақтау үшін қалалық жерде спорт мектептері жұмыс жасауда.Өз сөзін қортындылап болған соң,сұрақ қойылып, оған нақтылы тұжырымды жауап қайтарылды.

Бірінші топтың үшінші скиперіЖұбанғалиев Нұртас қарсылас командасының осыған дейінгі сөйлеген екі скиперінің сөзіне нақты тоқтала келе, өз ойын айтып,нақтылы фактімен сөйлеп ойын қортындылады. Бірнеше мысалдар келтіріп спортпен дене шынықтыру ауылдық жерде жақсы дамығандығын дәлелдеп жеткізді.Өз сөзін аяқтап болған соң оған нақтылы сұрақ қойылып, жауап алынды.

Екінші топтың үшінші скиперіСидахметова Шынар өз кезегінде қарсылас командасының осыған дейінгі сөйлеген екі скиперінің сөздеріне тоқтала келіп, өз ойын қортындылады. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде «Әрбір Қазақстандық саламатты өмір салтынсыз тамақты тарта ішпейінше қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмір сүру мүмкін емес екенін білуге тиіс».Бұл өмірдің ащы шындығы.

Өз ойын, өзінің қарсы пікірін слайд арқылы көрсете отырып дәлелдеп шықты.Бірнеше мысалдар көрсете отырып,нақтылы фактімен дәлелдей отырып өз сөзін қортындылады. Нақтылы сұрақ қойылып, оған тұжырымды жауап алынды.

Өз кезегінде бақылаушы, бағалаушы топ екі топтың скиперлерінің сөзіне қортынды баға берді.Қай топтың басым екенін, қай жерде жеткізіңкіремей сөйлегендеріне ескерту айтылды. Мына жерде былай деп айтқанда дұрыс болатын еді, деген өз ойларын,өз тұжырымдамаларын айта кетті.Жалпы дебаттың қызықты өткендігін,тартымды өткендігін айта келіп жиі-жиі болып тұруын қалады. Өз ойларын, өз сөздерін қортындылай келе 9 «а» сынып оқушыларының жеңіске жеткендігін хабарлады.







© 2010-2022