Көнілді старт 4 сынып

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 4
Пәні: дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы: Көңілді старт.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін түсіндіру, ерекшеліктерін ескерту; Дамытушылық: Спортқа қабілетті балаларды анықтап, олардың спорттық ойындарда көрсеткен икемділігін, ынтасын, дарынын байқай келе онан әрі жетіле түсуіне жағдай жасау, үлкен спорт түрлерінің сол балаға ыңғай келетін түрімен тұрақты шұғылдануына мүмкіндік жасау.

Тәрбиелік: Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару. Оқушыларды ептілікке, икемділікке жылдамдыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: доптар, парта, сақина, шеңбер, секіртпе т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сапқа тұрғызу; Оқушы мәліметін қабылдау. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы «Солға»! «Оңға»! «Кері айнал»! жаттығуларын орындау.
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
1. Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
2. Қол белде өкшемен жүру. Қол белде жартылай отырып жүру. Қол тізеде отырып жүру, секіру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
1. Спорттық жүріс
2. Жеңіл жүріс
3. Тізені көтере жүгіру
4. Өкшені көтере жүгіру
5. Оң қапталмен жүгіру
6. Сол қапталмен жүгіру
7. Тыныс алу жаттығулары
Оқушыларды бір қатар етіп жүргізе отырып топқа бөлу.
I. «Алғырлар» тобы.
Топ құрамында төрт адам
II. «Тапқырлар» тобы.
Топ құрамында төрт адам

Доппен жарысу
Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, орындықты айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді. Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады. Ойынның мақсаты - мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.

Шарды түсірме
Саптың ең алдында тұрған ойыншы шарды екі тізесінің арасына қыстырып алып орындықты айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.


Секіртпемен секіру
Әр бір топ өз тобынан бір ойыншы шығарады. Белгі берілгенде ойыншы бір - бірінен қашықтау тұрып, секіртпемен секіре бастайды. Қайсы топтың ойыншысы бірінші болып тоқтап қалса сол топ жеңілген болып саналады. Бұл ойында ойыншының секіртпемен тоқтамастан секірген саны есептелінеді.

Сақина салмақ
Екі топ араласып отырады. Мұғалім олардың ашық қолына сақина салып шығады, балалар бірден қолын жұмады. Болған бойдан мұғалім; Тұр, сақинам тұр дейді. Қарсылас топтың баласы қасындағы қарсылас топтың баласын ұстап қалуы тиіс. Осылай үш рет сақина салынады.


Қол күрес
Екі топтан бір - бір бала шығып күш сынасады. Бір рет жыққан жаққа бір ұпай беріледі.

II. Қорытынды

1. Сапқа тұру.
2. Демалыс жаттығулары.
3. Бағалау.
4. Үйге тампсырма: 3 - 5 минут секіру жаттығулары.



© 2010-2022