Ата - аналардың міндеті

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналарға арналған жаднама

1.Балаңыздың окуына, тәртібін, баланың белсенділігін артуына тек мектеп тәрбиесі мен окуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз.

2.Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.

3. Балаңыздың күнделікті оқыуындағы табысымен ой бөлісіңіз, бүгін қандай жаңа үғым алды, үйренді, т.б. тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз.

4.Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз, керісінше өзіңіз орындап беруге үйретіңіз.

5.Баланы тек үй тапсырмасының жұмысымен қалдырмай,ой-орісінің өсуіне қосымша жаналықтар қамтып, білімін жетілдіріңіз.

6.Балаңыздың сыныптың және сыныптан тыс жұмыстарға қатысуын қадағалаңыз,көмек көрсетіңіз.

7.Мүмкіндігінше баланың айтқан әңгімесіне,өзі жайлы,мектебі туралы,достары туралы т.б. ойымен бөлісіп,баланың көзқарасымен қарауға тырысыңыз.

8.Өз мүмкіндігінізге байланысты мектеп пән мүғаліміңізге көмек көрсетуді ойлаңыз. Ол сіздің балаңызды тәрбиелеудегі өнеріңіздің жоғарылығын көрсетеді.

Ата -аналардың міндеті

1.Бала тәрбиесінің негізі ата-анада жатқанын естен шығармау.

2.Мектеп пен білім беретін мекемелермен тығыз байланыста болу,баланы сабақтан қалдырмау.

3.Балалардың өмірі үшін,оқуы үщін олардың рухани және қауіпсіз дамуын,адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдай жасау.

4.Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету.

5.Мектепте сынып жетекшілермен,мұғалімдермен тығыз байланыс жасап,оқушының оқулықтармен қамтамасыз етілуін ескеру.

6.Оқушы мектепте кешігіп қалмау үшін таңертең уақытылы балаларын үйде шығарып салу.

7.Жыл мезгілдерінің ауа-райына байланысты киімдерін қадағалау.

8.Үйде баланың үй тапсырмасын орындауын қадағалау.

9.Көше ережелерін сақтауға еске салып тұру.

10.Мектепте мәдени шаралар өткізуге,жөндеу жұмыстарына көмектеуге міндетті.



© 2010-2022