«Көңілді старт» спорттық сайысы

«Көңілді  старт»   /спорттық сайысы/   1Спорттық сайыстың мақсаты: а) көңілді старт ойындары арқылы ата-аналар мен оқушылардың  спортқа  деген  қызығушылығын  арттыру ә) ойын барысында ата-анамен оқушы сыйластығын, ынтымақтастығын арттыра отырып, оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. б) ойынға қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру. 2Спорттық сайыстың міндеті: а) мектеп, аудан көлемі...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі









«Көңілді старттар»

жарыс









Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: А.Б.Курабаев

Жаркент қаласы

«Көңілді старт»



/спорттық сайысы/



1 Спорттық сайыстың мақсаты:

а) көңілді старт ойындары арқылы ата-аналар мен оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру

ә) ойын барысында ата-анамен оқушы сыйластығын, ынтымақтастығын арттыра отырып, оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) ойынға қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру.

2 Спорттық сайыстың міндеті:

а) мектеп, аудан көлеміндегі жарыстарға, қоғамдық жұмыстарға, саяси, мәдени іс-шараларға деген жауапкершіліктерін сезіндіру.

3 Спорт жаңалықтары, спорт туралы, атақты спортшылар туралы қысқаша мәлімет беру.

4 Спорт сайысының өтілетін орны: Мектеп спорт залы.

5 Сайыстың төрешілерін бекіту.

6 Спорт мерекесінің қорытындысын шығару. Қатысушыларды марапаттау.



«Көңілді старт» спорттық сайысының бағдарламасы:



1 Таныстыру. Әр топтан бір адамнан өз топтарын таныстырады.

2 Нысананы көздеу. Тақтаға ілінген нысананы топ басшысы бес рет көздеп атады(1,5-2 метр қашықтықтан).

3 Секіргішпен секіру эстафетасы. Секіргішпен секіре отырып 10-12 метр қашықтықты айналып келу.

4 Өз өнерін көрсету.Топпен, жекелей өнерлерін көрсету.(ән, би, өлең оқу т.б.)

5 Боулинг сайысы. 4-5 метр қашықтықтағы нысанды допты жерге домалата отырып тигізу.

6Арқан тарту. Топпен.

7 Сұрақ-жауап сайысы. Дайындалған сұрақтарға қысқаша нақты түрде жауап беру.

8 Допты себетке лақтыру. Топтың бір мүшесі (баласы) қолына себетті ұстап тұрады, екінші мүшесі (әкесі немесе шешесі) допты себетке дәлдеп лақтырады үшінші мүшесі допты қайтарып әкеледі.(уақыт есептеу арқылы 1-2 мин).

9 Қаппен секіру. Қапты топтың барлық мүшесі кезек-кезек кие отырып берілген аралықты секіріп өтеді.





© 2010-2022