Кәсіпорын бұл не?

Білімгерлердің экономика негіздері сабағында алған білімдерін бекіту. Кәсіпорын және оның түрлері жайлы мағлұмат бере отырып,әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы алған білімдерін тексеру.    Білімгерлердің  ой өрістерін, білім деңгейлерін бір жүйеге келтіру, шығармашылық және интеллектулдық қабілетін дамыту, ойын технологиясы арқылы  пәнге деген қызығушылығын  арттыру, дүниетанымын  кеңейту.  Алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге, сабақ үстінде инновациялық технологиялармен тиімді жұмыс  ж...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Колледж директорының

______________Г.А.Жанысбекова ОҒӘЖ жөніндегі орынбасары

«_____»_________2013ж. _______ А.И.Муканова

«_____»____________2013ж.











АШЫҚ

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән :Экономика негіздері________________________

Тақырыбы:_Кәсіпорын бұл не?___________________

Оқытушы:_Байдилданова Марал Сейтжанқызы _____
























САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні

Топ

11.12.2013

В-31б


Пән атауы: Экономика негіздері

Сабақ тақырыбы: Кәсіпорын бұл не?

Сабақ түрі: Ойын-сайыс сабағы

Сабақтың

мақсаты

Білімділік:

Білімгерлердің экономика негіздері сабағында алған білімдерін бекіту. Кәсіпорын және оның түрлері жайлы мағлұмат бере отырып,әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы алған білімдерін тексеру.

Дамытушылық:

Білімгерлердің ой өрістерін, білім деңгейлерін бір жүйеге келтіру, шығармашылық және интеллектулдық қабілетін дамыту, ойын технологиясы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік:

Алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге, сабақ үстінде инновациялық технологиялармен тиімді жұмыс жасай білуге, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, нақтылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекті құралдар: слайд, жұлдызша.

Б. Таратылатын материалдар: криптограмма, тест тапсырмалары.

Сабақтың кезеңдері


І.Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен амандасу, түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару

Білім алушы сабақтың басынан бастап өзінің оқуға деген жауапкершілігін сезіну үшін, және тез меңгеру тиімділігін арттыру үшін, яғни сабақтағы мінез-құлық ережесін қабылдау ұсынылады. Келісім мәтіні қағазға және тақтаға жазылады.

Келісім үлгісі:

* Бәріміз де өз оқуымызға жауаптымыз;

* Бір-бірімізді тыңдаймыз, сөз бөлмейміз;

* «Көтерілген қол» ережесімен біреу ғана сөйлейді;

* Тек істің мәні бойынша айтамыз;

* Өз пікірімізді бөлмейміз;

* Мағынасыз сұрақтар қойылмайды;

* Басқалардың сөзін бағалаймыз;

* Уақыт шектеуін сақтаймыз.

ІІ.Өткенкенді қайталау.

«Қас қағым сәт» сайысы. Өткен сабақты қайталау үшін тақта арқылы сұрақтар қойылады. Жауабы дайын топ житонын көтеру арқылы жауап береді. Әр жауап -1 ұпай.

Сұрақтар:

1.Қаржы - бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі.

2.Мемлекеттік қаржы құрамына:

мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведостваның қорлары енеді.

3.Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары:

  • эмитенттер;

  • инвесторлар;

  • кәсіби қатысушылар

  • өзін-өзі реттеу ұйымдары.

4.Салық субъектісі - заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ,

салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлеу қызметтерін атқарушы тұлға белгіленеді.

Салық объектісі - салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).

5. Салық - заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері.

6.Бағалы қағаз бұл - капиталдың ерекше формасы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес бағалы қағаздар - мүліктің құқықты куәландыратын белгілі бір бекітілген формалары мен реквизиттері бар құжат болып табылады.

7. Қаржы негізінде төрт қызмет атқарады:

1. Бөлу .

2. Реттеу.

3. Ынталандыру.

4. Бақылау.

8.Бағалы қағаздардың түрлері:

Акция, облигация, опцион, фьючерс.

9. Салық қызметтері:

Фиксальды (тіркелген ) немесе жұмылдыру, бөлу , реттеуші, ынталандыру, бақылап - есептеу.

Алдын ала үйге тапсырма берілді. Қарсылас топтар бір-біріне сөзжұмбақ даярлап келу қажет.

Экономика негіздері пәні бойынша өткен барлық тақырыптарының терминдерін еске түсіру үшін эстофеталық ойын «Криптограмма». Криптограмма жауабын әр топ мүшелері тақтаға шығып жазады.

Әр жауап - 1 ұпай.

К

Н

Ы

С

Ы

С

А

Р

Б

А

Р

Ұ

Н

Ы

Қ

Ж

А

Л

Ы

Қ

Т

И

Е

Ы

С

Е

Ш

Н

Е

С

Э

К

Ә

К

І

К

М

О

Н

Е

Б

Е

Ю

Н

А

Б

А

Т

Криптограмма жауаптары: нарық, сұраныс, ұсыныс, тиын, салық, несие, меншік, банк, бәсеке, монета, Кэне, қаржы.

ІІ.Жаңа тақырыпты баяндау.

1.Кәсіпорын экономиканың жүйесінің негізгі бір бөлігі

2.Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары

3.Кәсіпорынның қызмет ету механизмі

І. Кәсіпорын бұл өнім өндіріп оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижесін сата алатын заңды құқы бар дербес шаруашылық.

Кәсіпорын экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Себебі кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады.

Кәсіпорындар белгілі бір өнім шығару үшін не болмаса жұмыс атқару үшін әр түрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құралады

Біздің елімізде кәсіпорынның экономикалық өмірі мемлекеттік, акционнерлік, кооперативтік, аралас кәсіпорын және кооперация туралы заңдар арқлы және басқада кооперативтік ұйымдардың жарғылары арқылы реттеліп отырады. Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.

Кәсіпорын бұл не?Кәсіпорын бұл не?Кәсіпорын


ішкі орта сыртқы орта

Ішкі ортаға-еңбек ресустары, техника, технология,бәсекелестік,маркетинг т.б. жатады.

Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және техникалық жағдайлар жатады.

Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығын мен ең жоғарғы сұранысқа ие болу болып табылады.

Кәсіпорын фукцияларына жатады - өндірісте және жеке тұтынылатын өнім шығару. Тұтынушыға өнімді жеткізу және сату кәсіпорындағы материалдық техникалық жабдықтау. Кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару. Кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан жақты ұлғайтып дамыту. Салықтар төлеу мемлекеттік бюджеттеге және басқада қаржы міндетті және міндетті емес төлемдерді орындау. Мемлекеттік заңдарды нормативтерді стандарттарды орындау.

ІІ. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр түрлі ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң органдары анықтайды. Оларға заңды сататус беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемелерге сәйкес оған жауапкершілігі болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және орталық сотта өз мүдделерін қорғайды.

Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорынның мынадай ұйымдық - құқықтық формалары бар:

1. Мемлекеттік кәсіпорын;

2. Серікестік: жауапкершілігі шектеулі серіктестік ЖШС, толық жауапкершілікті серіктестік, аралас жауапкершілікті серіктестік.

3. Акционерлік қоғам: Ашық акционерлік қоғам және жабық акционерлік қоғам.

Мемлекеттік кәсіпорындар - бұл негізгі қорлары мемлекеттің меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады.

Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал кәсіпорын мемлекеттік ұйымның қарамағында болса, ол кәсіпорын қазналық болып есептеледі.

Кәсіпорын түрлі белгілеріне қарай келесідей түрге бөлінеді: Сала түріне байланысты. Шаруашылық іс-әрекеттік түрлеріне байланысты; Құқықтық жағдайына байланысты; Меншік жағдайына байланысты;(мемлекеттік, ұжымдық, жеке шаруашылықтар)

Біздегі көп жылғы экономиканың бір орталықтан басқару, бөлу, бақылау жүйесі кәсіпкерліктің дамуына жол бермей келгені белгілі. Ал қазіргі қоғамдағы кәсіпкерлік нарықтық қатынасқа енумен байланысты жаңа мән-мазмұнға ие болды. Республика көлемінде кәсіпкерлікті дамыту, оның көркейту мақсатымен арнайы заң қабылдап, оны өндірістің қай саласында да, одан тыс салаларда да қолдап, дамытып, қорғауға жол ашып отыр. Кәсіп, кәсіпкерлік, кәсіпкер ұғымдары арабтың ежелгі сөзінен шыққан. Ол пайда табу, кіріс, ұтыс, тіршілік, шаруашылық маңызында пайдаланылады.

Қазақстанда меншік туралы заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі , жеке меншіктегі, аралас меншіктегі кәсіпорындар болады. Бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорындар бюджеттік болса, ол бюджеттен қаржыланады. Ал мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса ол қазыналық болып есептелінеді.

ІІІ.Өндіріс - қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды, өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және басқада мақсатпен жасалатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайынан көруге болады. (Еңбек құралы - техникалар өндіретін; Еңбек заты - шығарылатын өнім.)

Кәсіпорынның құрылымы: өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді.

Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.

Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекеті. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі - жұмыс орны, учаскерлер, цехтар саналады. Кәсіпорынның құрылымын қалыптастыру сыртқы (салалы, аймақтық) және ішкі (өнімнің мөлшері мен сипаты, кәсіпорынның негізгі қорларының ерекшеліктері т.б.)факторларына байланысты болады.

Өндірістік құрылымға әсер ететін негізгі факторлар: Шығарылатын өнімнің түрі мен сипаты, мөлшері; Өндірістің ауқымы (көлемі); Кооперациялау деңгейі.

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы -бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері(жұмыс орны,бөлім,қызмет),олардың ара қатынасы және өндірістік құрылым жұмысын ұйымдастыратын бөлімшелер.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымының негізгі бөлігі болып цех саналады.

ЦЕХ - әкімшілік жағынан оқшауланған жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын. Цехтың үш түрі болады: 1. Негізгі 2. Көмекші 3. Қосалқы

Негізгі цехта сатуға әзірленетін дайын өнімдер шығарылады.

Көмекші цехтарға құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады.

Қосалқы цехтарға қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар және басқада жұмыстар жатады, яғни орау, тасымалдау, түсіру жұмыстары.

2. Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Соның ішіндегі негізгілері:

  • оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;

  • бөлімшелердегі қызметкерлердің саны;

  • жабдықтардың қуаттылығы;

  • өндірістік қорлардың құны;

  • өнім шығару көлемі;

  • мамандандыру және механикаландыру деңгейі;

  • күрделі қаржының құрылымы.

Өндіріс құрылымын ары қарай дамытудың жолдары: Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру; Негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау; Кәсіпорындарды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жасау; Өндірісті ірілендіру арқылы қуатты ғылыми өндірістік ұйымдар ұйымдастыру. Техника мен жоғары сапалы технологияны дамыту; Өндірістің тиімділігін арттыру.

3. Өндірістік процесс шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналуына бағытталған еңбек процестерінің жиынтығы. Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің матиралдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: Технология сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырысын қорғау.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

  1. Өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;

  2. Өндіріс учаскілерінің қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі.

  3. Өңделетін матиралдармен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол.

  4. Өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.

Сонымен өндірістк процесті тиімді ұйымдастыру принциптері-мамандандыру, үйлесімділік, тік дәлдігі, үздіксіздігі, ырғақтылығы, және техникалық қамтамасыздандыру болып табылады.

Шығарылатын өнімнің түріне, өндіріс көлеміне, жабдықтардың түріне, операцияларға жұмсалған еңбек, өндіріс кезеңінің ұзақтылығына және т.б.факторларға байланысты өндіріс жеке дара, сериялы және жалпы болып бөлінеді.

1. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Негізгі қор деп - кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланып өзінің құнын келесі өндірілетін өнімге бірте-бірте аударып отыратын еңбек құралдарын айтамыз.

Негізгі қордың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.

Өндірістікке жататындар: өндірістің, құрлыстың, ауылшаруашылығының, көліктің, сауданың және басқада материалдардық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары жатады.

Өндірістік емес негізгі қорларға: түрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған негізгі қорлар жатады.

Кәсіпорынның негізгі атқаратын функциялары:

  1. Өндіріске және жекеше тұтынылатын өнім шығару;

  2. Тұтынушыға өнімді жеткізу, сату;

  3. Кәсіпорындағы өндірістік материалды техникамен жабдықтау;

  4. Кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;

  5. Кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып ұлғайту.

  6. Кәсіпкерлік

  7. Салықтарды төлеу, қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау;

  8. Мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.

ІV. Ой сергіту кезеңі.

«Домино» ойыны.

Шарты: Мағынасы туыстас сөздерді табу. Дұрыс жауап житон көтеру арқылы айтылады. Дұрыс жауап - 1 ұпай.

Іске сәт!

ақша


монета

микро


Макро

экономия


Кәне

меншік


билік ету

сұраныс


ұсыныс

нарық


Сатушы

банк


несие

Жер


Рента

мерзімді

Кесімді

Бәсеке


жетілген

Рахмет!

V. «Ойымды жалғастыр» .

Шарты: Тақтада көрсетілген мақал-мәтелді аяқтап айту.

Дұрыс жауап - 1 ұпай.

І. «Бәсеке» тобына:

1.Ақша табудан, шашу оңай.

2.Теңге тиыннан құралады.

3. Қор жинаған қор болмайды.

4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.

ІІ. «Табыс» тобына:

1. Сауда сақал сипағанша.

2. Базар ақшалыға базар, Ақшасызға назар.

3. Еңбек адамнаң екінші анасы.

4. Бағаны базар белгілейді.

VІ. Жаңа сабақта бекіту.

«Білім додасы» сайысы.

Шарты:Әр топ берілген тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырманы таңдап, жауап беру керек. Дұрыс жауап ұяшық бетінде көрсетілген ұпай санымен белгіленді.

Кәсіпорын бұл не? тақырыбы бойынша:

Ұпай саны

Берілген сұрақ

Дұрыс жауап

1

2 ұпай

Кәсіпорын басшысы және де кімдер бола алады?

Кәсіпорын басшысы - кәсіпкер.

Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары.

2

3 ұпай

Кәсіпорын дегеніміз не?

Өнім өндіріп оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижесін сата алатын заңды құқы бар дербес шаруашылық.

3

5 ұпай

Кәсіпорын орталарын ата және олардың мәнін ашыңыз.

Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. .

Ішкі ортаға-еңбек ресустары, техника, технология,бәсекелестік,маркетинг т.б. жатады.

Сыртқы ортаға - экономикалыө саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және техникалық жағдайлар жатады.

Экономика негіздері өткен тақырыптар:

Ұпай саны

Берілген сұрақ

Дұрыс жауап

1

2 ұпай

Экономика термині және оның негізгі сұрақтары.

Экономика терминін ең алғаш рет енгізген Ксенафонт болды. Мағынасы «үй шаруашылығы».

  1. Не өндіру керек?

  2. Қалай өндіру керек?

  3. Кімдер үшін өндіру керек?

2

3 ұпай

Сұраныс заңы және сұранысұа әсер ететін факторлар.

Сұраныс заңы- егер тауардың бағасы арзан болса оған сұраныс көбейеді, ал қымбат болса азаяды.

Сұранысқа келесі факторлар әсер етеді:

  • Климаттық не маусымдық өзгерістер;

  • Табыстың өзгеруі;

  • Сатып алушылар саны;

  • Стильдің, моданың, талғамның, дағдының өзгеруі;

  • Болашағы бар күтулер.

3

5 ұпай

Табыс әкелетін факторлар және олардың мәнін.

1.Жер- өндірістің тап осы факторы әкелетін табысты рента деп атайды. Рента меншікке келетін табыстың бір түрі. Капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Жер рентесының екі түрі бар: абсолютті және дифференциалды.

2.Адам еңбегінің ресурстары. Өндірістің осы факторы әкелетін табыс еңбекақы. Еңбекақы бұл қызметкерге еңбегі үшін төлем.

3.Пайда. Кәсіпкердің қызметінің басты нәтижесі және мақсаты.

4.Пайыз. Бұл капиталды пайдаланғаны үшін іс жүзінде төлейтін көлемі.

«Ойлан,ізден, тап» тест тапсырмасымен жұмыс жүрзізу.Бағалану шкаласы 4-6 дұрыс жауап 2 ұпай, 6-8 дұрыс жауап 3 ұпай, 9-10 дұрыс жауап 5 ұпай.

Кәсіпорын бұл не? тақырыбы

бойынша тест тапсырмалары.

1.Кәсіпорын дегеніміз - ...

А) несиемен қамтамасыз ететін мекеме

Б) ақша айналымы

В) экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі

Г) мемлекеттік бюджет

2. Кәсіпорынның орталарын көрсет:

А) әлеуметтік орта

Б) қоршаған орта

В) жай орта

Г) сыртқы орта және ішкі орта

3. Мемлекеттік кәсіпорын бұл - ...

А) негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын кәсіпорындар

Б) негізгі қорлары жеке меншік иелігінде болатын кәсіпорындар

В) аралас кәсіпорындар

Г) коммерциялық банктер

4. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттен қаржыландырылса, ол ...

А) аралас кәсіпорын

Б) қазыналық кәсіпорын

В) жеке кәсіпорын

Г) бюджеттік кәсіпорын

5. Жек меншік құқық негізінде жұмыс істейтін кәсіпорын бұл - ....

А) жеке кәсіпорын

Б) мемлекеттік кәсіпорын

В) аралас кәсіпорын

Г) жауапкершілігі шектеулі қоғам

Д) ашық акционерлік қоғам

6.Кәсіпорын фукцияларына жатады -

А) ақша шығару

Б) өндірісте және жеке тұтынылатын өнім шығару.

В) қалдық шығару

Г) зат шығару

7. Қазақстанда меншік туралы заңға байланысты қандай кәсіпорындар болып бөлінеді?

А) мемлекеттік, жеке, аралас

Б) ішкі, сыртқы

В) үлкен, кішкентай

Г) дүниежүзілік, мемлекеттік

8.Егер кәсіпорын өндірістің тиімсіз тәсілін қолданса, онда:

А) жұмыссыздыққа ұрынады

Ә) шығынға ұшырайды

Б) дағдарысқа ұшырайды

В) барлық жауап дұрыс

9.Кәсіпорындарда тапшылық неден болады?

А) уақыт

Ә) мерзімге байланысты

Б) табиғи ресурстар

В) ақша

10. Кәсіпорының кәсіпкерлік қызметінің мақсаты?

А) өнім сатып алу

Ә) табыс табу

Б) өнімді сату

В) өнім шығару

VI. Үй тапсырмасы

Р.Қ.Ниязбеков, Б.А. Рахметова «Кәсіпорын экономикасы»,

164-167 бет оқу.

VII.Сабақты қорытындылау. Қорытындылау релаксациясын жүргізу арқылы сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатынасқан студенттердің білімдерін бағалау.

Кафедра меңгерушісі:___________М.Л.Кукшибаева

Оқытушы: __________М.С.Байдилданова



© 2010-2022