Дене тәрбиесі Стол теннисі

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қармақшы аграрлы - техникалық колледжі











Стол теннисі

  • жарыс









Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы: Г.Шерипова



















2015 - 2016 оқу жылы

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

___________ Г.Аралбаева

Күні: 08.10.2015жыл

Тақырыбы: Стол теннисі

Мақсаты: Студенттерге адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екендігін түсіндіру

Дамытушылық: Студенттерді дені сау, білімді,тәрбиелі, мейірімді,ұстамды,өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып салауатты өмір салтына баулу.

Формасы: спорттық жарыс

Көрнекілік құрал - жабдықтар: Стол теннисі,ысқырық жалауша.уақыт өлшегіш.

БАҒДАРЛАМАСЫ:

І. Кіріспе сөз - мұғалімінің кіріспе сөзі.

ІІ. Негізгі бөлім - стол теннисінің тарихымен таныстыру.

ІІІ.Қорытынды - жеңімпаз студенттерді марапаттау.

Әділқазылар алқасы:

1.Абдулаев Нұрлыбек - дене тәрбиесі пәні оқытушысы

2.Байшылықов Данияр - АӘД пәні оқытушысы

3.Сержанов Нияз - АӘД пәні оқытушысы

І. Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме жарысқа қатысушы студенттер!

Ел Президентінің «Қазақстан 2030»жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты» тармағында, «азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және олардың қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан жақты дамыған, денсаулығы мықты,салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын,егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу деседе болады. «дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған. Олай болса бүгінгі өткізілгелі отырған спорттық жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ. Негізгі бөлім

Студенттерге Теннис ойынының тарихынан қысқаша шолу. (түсіндіру)

Үстел теннисі (Пинг - понг) - белгілі бір ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі.Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз.

Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында ХІХ ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған. Ойыншылар ас үстелінің үстіне тордың орнына кітаптарды қойып,шылымның қорабымен шампанның тығынын соғып ойнаған.

ІІІ.Қорытынды.

Бүгінгі «Салауатты елдің, қорғанысы мықты » тақырыбындағы апталықта стол теннисінен ұйымдастырылған спорттық жарысымыз осымен аяқталды . Қош - сау болыңыздар!







Дене тәрбиесі Стол теннисіДене тәрбиесі Стол теннисі

Дене тәрбиесі Стол теннисіДене тәрбиесі Стол теннисі

Дене тәрбиесі Стол теннисі

© 2010-2022