«Ал, қанеки қыздар!» сайысының әдістемелік нұсқауы

Тақырыбы: «Ал, қанеки қыздар!» Мақсаты: оқушылардың жеке басының денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту. Колледж бойынша үздік бөлім командасын айқындау және анықтау. Жасөспірімдер арасында спорттық ойындарды насихаттау. Өтетін орны: спорт зал Қажетті құрал жабдықтар: баскетбол доптары, обручтар, ағаш қалашықтары, арқан, бадминтон ракеткалары, теннис ракеткалары, шарлар, теннис шарлары, маркерлер, музыкалық центр. Сценарий- Қайырлы күн құрметті ұстаздар, кол...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ал, қанеки қыздар!» сайысының әдістемелік нұсқауы

Тақырыбы: «Ал, қанеки қыздар!»

Мақсаты: оқушылардың жеке басының денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту. Колледж бойынша үздік бөлім командасын айқындау және анықтау. Жасөспірімдер арасында спорттық ойындарды насихаттау.

Өтетін орны: спорт зал

Қажетті құрал жабдықтар: баскетбол доптары, обручтар, ағаш қалашықтары, арқан, бадминтон ракеткалары, теннис ракеткалары, шарлар, теннис шарлары, маркерлер, музыкалық центр.

Сценарий

  • Қайырлы күн құрметті ұстаздар, колледж студенттері! Біз сіздерге көптен күткен «Көңілді жарыстар» байқауын тарту екпекпіз. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың белгісі ретінде қолданылады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде :

Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес

Халқының сақтай білген ізгі салтын, деген өлеңі бар. Бұл қыз баланың айрықша әдепті де, көрікті болатындығын аңғартады.


  • «Іске сәт» деп ортамызға қатысатын командаларын шақырайық:

1. _____________________________________________

2.______________________________________________


  • Ал, халайық бүгінгі байқауымыздың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1. __________________________________________________________

2.___________________________________________________________

3.___________________________________________________________

- Байқауымызды бастамас бұрын, оның бағдарламасымен және ережесімен таныстырып өтейін:

1. «Сәлем сөздің анасы» - таныстыру, әр команда өзінің ұранымен, эмблемасымен таныстырады (5 ұпаймен бағаланады)

2. «Спорт денсаулық кепілі» - эстафеталық жарыстар (5 ұпаймен бағаланады)

3. «Мен өнерлі арумын» - әр команда өзінің өнерін ортаға салады (5 ұпаймен бағаланады)

4. «Ару көктем» қабырға газеті - команда капитаны қабырға газетін қорғайды (5 ұпаймен бағаланады)

5. Жанкүйерлер нөмірі (5 ұпаймен бағаланады)

6. «Адамды адам еткен еңбек» - дастархан әзірі, әр команда өз дастархандарын әзірлейді (5 ұпаймен бағаланады)


  • Ал, енді ару қыздарымыздан құралған командалармен танысайық. Сайысымыздың бірінші бөлімі «Сәлем сөздің анасы» демекші, командалар өздерін таныстырады.

  • Қайсысы күйші, қайсысы биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зирек, кім жылдам

Таланттарын табайық, - дей келе «Спорт денсаулық кепілі» атты байқауымыздың 2 бөлімін бастайық.

  • Құрметті көрермендер мен әділқазылар! Халқымызда «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген мәтел бар. Енді сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалап, әділ бағасын берейік. «Мен өнерлі арумын» атты бөлімін бастайық.

  • Бойларыңда от бар екен, байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым, - дей келе, келесі кезекті команда капитандарына береміз, «Ару көктем» тақырыбына салынған қабырға газеттерін қорғайды.


  • Достарым, түсініңдер сөздің парқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын, дей келе, келесі «Адамды адам еткен еңбек» атты бөлімін бастайық. Ару қыздарымыз дастархан әзірлегенше әр команданың жанкүйерлері ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетеді.

  • Аналар-ау менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен асқар-асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім,

Сенің арқаң мына өмірге келгенім - дегендей, ардақты аналар, аяулы апайлар, ақ көңіл жеңгейлер, қылықты қыздар, әрқашан да Сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер. Ал, енді қорытынды сөз әділқазылар алқасына берейік.

Эстафеталық жарыстар:


  1. белгіге барғанша - баскетбол добын аяқтың арасына қысып ұстап қос аяқпен секіру; қайтарда - секіртпемен секіру.

2.белгіге барғанша - гимнастикалық орындықтан сырғанау, обручтан өту; қайтарда - обручтан өту, гимнастикалық орындықтан қос аяқпен секіру.

3.белгіге барғанша - екі ойыншы бір-бір аяқтарын байлап, кедергілерді құлатпай секіреді; қайтарда - түзеу жолмен секіреді.

4 белгіге барғанша - заттардың орындарын аустырады, берілген есепті шығарады; қайтарда - заттарды қайта орнына ауыстырады.

5 капитандар сайысы:

ағаштан жасалған қалашықты тығыздалған допты дәлдеп домалатып бұзу керек.

6 командамен арқан тартыс.

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. С.Тайжанов «Дене мүмкіндіктерін тәрбиелеу» Әдістемелік нұсқау «Мектеп» баспасы 2004 ж.

  2. С.Тайжанов, С.Қасымбекова «Дене тәрбиесі» Әдістемелік нүсқау «Мектеп» баспасы 2004 ж.

  3. С.Д.Жарқынбеков, Қ.А.Ахметов, Б.Б.Жолтаева «Тәрбие жолы сан алуан» Алматы 2003 ж.

  4. С.Қасымбекова, Л. Мырзамед «Сыныптан тыс жұмыстар» Алматы «Атамұра» 2001 ж.

  5. «Мектептегі мерекелер» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал № 6, 2007 ж.

© 2010-2022