Ашық сабақ Акробатикалық жаттығулар (5 сынып)

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№11.М.Байзақов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.












Ашық сабақ

Тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар.

Сыныбы: 5 «Ә»





Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сахова Жазира







Тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар.

Сыныбы: 5 «Ә»

Мақсаты: А) Оқушыларға жаңа сабақты толық түсіндіру.

Ә) Жалпы дене қасиеттерін дамыту .

Б) Сенімділікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Сілтеме АКТ арқылы акробатикадан слайдтар көрсету,

Күтілетін нәтиже: Акробатикалық жаттығулар түрін білу, меңгеру

Сабақ түрі: Топтық, жекелей.

1. Топтағы жұмыс: Топтағы жұмыс ережелері

2. Бірлескен жұмыс. 3. Сыни ойлау.

Дерек көздер: «Мектептегі дене шынықтыру» журналы, интернет материалдары. Дене тәрбиесі.

I. Дайындық бөлімі: 15 минут

1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

2. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері бұрылулар.

3. Жүру жаттығулары: Аяқ ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып жүрулер.

4. Жүгіру жаттығулары: Бір қалыпты баяу жүгіру, оң, сол қапталмен жүгіру, арқамен кері қарай жүгіру, тізені көтеріп жүгіру

Тыныс алу жаттығулары

Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау: Сынып оқушыларының спорттық киімдерін қадағалау. Жаттығуларды ережеге сай орындау.

II. Негізгі бөлімі: 25 минут

1.Қазақстандық гимнасшыларға тоқталу. Ернар Ерімбетов және Әлия Жүсіпова туралы көрсетіп алу олардың еңбектеріне ауызша тоқталу.

Ашық сабақ Акробатикалық жаттығулар (5 сынып)

ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы; Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері; Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы; Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан. ҚР үздік спортшысы (2004). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006). Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008). Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2004). «Құрмет» орденімен (2004); «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған

Ашық сабақ Акробатикалық жаттығулар (5 сынып)

2. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету. Ашық сабақ Акробатикалық жаттығулар (5 сынып)Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.

Ашық сабақ Акробатикалық жаттығулар (5 сынып)

Ашық сабақ Акробатикалық жаттығулар (5 сынып)Ашық сабақ Акробатикалық жаттығулар (5 сынып)

Слайдтан көрсетілетіндер:

Акробатикалық жаттығулар түрлері

Акробатикалық жаттығулар жасау.

Әдістемелік нұсқау: Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жаттығу кезінде оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін байқап соны айтып, қайталамауға тырысады.

Ұзақтығы 15 минут.

II топқа бөлу.

Топпен жұмыс жүргізу /10минут/

Сұрақ-жауап:

I топ. Спорттық гимнастикада, акробатикаға жаттығуларға арналған құрал-жабдықтар?

II топ. Қандай акробатикалық жаттығуларды білесіңдер?

Практикалық:

I топ. Қолдың көмегімен «жартылай шатқа» отыру.

II топ. Жауырынға тұру.

Әдістемелік нұсқау: Әр бір жаттығуларды орындауда топ мүшелері келесі топтың дұрыс орындалуына сырттай қарап отыра, кемшіліктерін түзеп отырады. Кемшілігі болса қарсы топ мүшелері сол жаттығу түрін көрсету

III. Қорытынды бөлімі. 5 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу, сапта тыныс алу жаттығуларын орындау. Жақсы, дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау, жіберілген қателіктерді айту.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.

Оқушылармен қоштасу.







© 2010-2022