Волейбол добын жоғарыдан және төменнен қабылдау, шабуылдау, тосқауыл қою әдістері

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:















Дене шынықтыру сабағы

Халық қаһарманы Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп

Ашық сабақ жоспары

10 «А» Сыныбы Мұғалім Омарбаев А.А.

Сабақтың тақырыбы: Волейбол добын жоғарыдан және төменнен

қабылдау, шабуылдау, тосқауыл қою әдістері.

Сабақ өтетін орын: Спорт зал.

Керекті құралдар: Волейбол доптары.

Сабақтың міндеттері: 1. Жаттығу техникасын үйрету.

2. Волейбол ойыны арқылы оқушылардың

денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Р/с

Сабақтың мазмұны

уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1.













2.

Кіріспе бөлімі

Сапқа тұру, амандасу, түгендеу,сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Ықылас салу жаттығулары. Орнында орындалатын жаттығулар. Оңға және солға, шұғыл бұрылу. Залды айналып жүру, жүгіру қозғалыста жасалатын жаттығулар. Оң және сол қырымен жүгіру, екі өкшеге, тізеге алақанды тигізіп жүгіру. Залдың екі бұрышына жылдамдыққа жүгіру. Бір аяқпен секіру. Залды айналып жүгіру, жүру. Орнында орындалатын жаттығулар . Бастапқы жағдай. Екі қол белде мойынды шеңбер жасап айналдыру, басты оңға және солға бұру, алдыға еңкею, артқа шалқайту. Б.Ж. Оң қол жоғары сол қол белде екі қолды артқа сермеу. Б.Ж. Екі қол кеудеде кеудені кере артқа сермеу. Б.Ж. Екі қолды аяқтың ұшына тигізу, екі аяқ алшақ ыйықтың көлемінде. Б.Ж.Белді айналдыру,екі аяқ алшақ ыйықтың көлемінде. Б.Ж.Аяқты оңға және солға созып бұлшық еттерін керіп созу.



Негізгі бөлім.

Оқушылар екі-екіден бөлініп волейбол добын жоғарыдан және төменнен қабылдау әдісін жетілдіреді. Үш-үштен бөлініп шабуылдау және тосқауыл қою әдістерін үйренеді. Бірінші топ шабуылдау әдісін жоғорыдан соғып қолданады, тордың арғы бетіндегі екі оқушы тосқауыл қояды, үшінші ойыншы қорғаушы қызыметін атқарады. Осы әдісті сынып оқушылары әрқайсысы бірнеше мәрте қайталап шығады. Оқушылар екі топқа бөлініп үйренген әдіс-тәсілдерді қолданып волейбол ойынын ойнайды.

10-12 мин.





4-8 рет.





4-8 рет.



28-30 мин.

Формаға көңіл бөлу. Дұрыс жасауын қадағалау. Ара қашықтықты сақтау. Ыйықты айналдыру алдыға және артқа. Залдың екінші бұрышына дейін артқа қарай жүгіргенде қауіпсіздік ережесін сақтау. Тыныс алу жүйесін қалпына келтіргенде өкшені көтеріп кеудені кере кең дем алу және демді шығару. Оқушыларды үш қатарға тұрғызу керек. Жаттығу жасағанда шынтақты бүкпей жасау керек. 1-2 оңға 3-4 солға еңкею. Гимнастикалық орындыққа екі қолды тіреп кеудені көтеру, денені түзу ұстауын қадағалау.

Жалпы дене жаттығулары бұлшық еттерді қыздырумен қатар, денсаулыққа беретін пайдасы өте зор.

Допты жоғарыдан екі қолмен бергенде, алақанмен емес саусақпен беру керек. Допты қабылдағанда екі қылтаны және қолды бүгіп ал бергенде қылта, қолдың буыны жазылып, өкше көтеріледі осы қыймылдың бәрі бір мезетте орындалады. Шабуылдау әдісін және тосқауыл әдісін қолданған кезде торға денені тигізуге болмайды.

3.

Қортынды бөлім.

Сапқа тұрғызу. Сабақтың қортындысын айту, жатығу техникасын жақсы меңгерген оқушыларды атап өту және ойын кезінде жіберген қателіктерін айту. Үйге тапсырма беру.



3 мин.




Үйде жіберген қателіктерін саралап, қолайлы жағдай болса жаттығу техникасын қайталау. Көлденең аспаға тартылу және бір аяқпен кезек-кезек отырып тұру.


































© 2010-2022