Мектептегі денешынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру

Бұл мақалада Қазіргі кезде орта және жоғары білім мамандарына оқытушы кадрларын дайындаудың деңгейін жақсарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың білімі мен тәрбиесін жаңа бір деңгейге көтеріп, өзіндік еңбек өміріне баулу сияқты талаптар, міндеттер қойылып отыр.          Педагогикалық кадрларының шығармашылық еңбек жұмысын арттыруға, психофизикалық ауытқусыз қызмет жасауға, педагогтардың әлеуметтік белсенділігін кеңейтуге аса үлкен үлесін, пайдасын дене тәрбиесі арқылы алуға болады.Мектептің барлық  педагогикалық ұжымы оқушылардың дене мәдениетіне мән береді. Ұстаздардың бірлесіп, келісіммен  жұмыс істеу арқылы  оқушылардың денсаулығын ныңғайтуға, физикалық мүмкіндіктерін дамытуға, ой және дене еңбегін артттыруға, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуге б...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Н.С.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі







Курстық жұмыс


«Мектептегі денешынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру»



Тексерген: Издибаева Дариға

Орындағын: Сұлтанов Мағжан















Арқалық қаласы, 2014 жыл




Кіріспе

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі: Біздің курстық жұмыста гимнастика жаттығуларының ерекшелігі мен маңызы сөз болады. Гимнастика - қимыл қозғалыс жаттығуы. Бұл - жас жеткіншектердің қимылдық қозғалысқа түсуі мен дене бітімін дұрыс қалыптастыруда, ептілікке маңызы мен пайдасы зор. Сондықтан аталмыш жұмыстың мектеп оқушыларын спорттық жұмыстарға тартуда алар орны ерекше екеніжұмыста толыққанды баяндалады.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Гимнастика саласына арналған және қозғалыс ойындарының 7-8 сынып оқушыларының жас ерекшелігіне арналған әдістемелік көрсеткіштің жасалуы.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Біздің осы жұмысымыздың зерттеу мақсаты мен нысаны - метеп оқушыларын гимнастикалық жаттығу жұмыстарына тарту, жеңіл атлетика мен қозғалыс ойындарымен шұғылдануға, спорт саласына қызығушылығын арттыруға шақыру.

1.Мектеп оқушыларына гимнастикалық жаттығу туралы түсінік беру;

2.Мектеп оқушыларын гимнастикалық жаттығу жұмыстарына тарту;

3.Гимнастикалық жаттығулардың маңызы пен пайдасы;

4.Гимнастикалық жаттығулардың үйлесімділігі;

5. Қозғалыс ойындарына арнап әдістемелік көрсеткіш даярлау.

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Жұмысты жазу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған мектеп бағдарламасындағы «дене тәрбиесі» оқулығы мен республикалық оқу-әдістемелік педагогикалық журналдарға жарияланған ғылыми мақалалар мен әдістемелік нұсқаулықтар пайдаланылды.

Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Бұл курстық жұмысты мектеп бағдарламасындағы денешынықтыру сабағы мен факультативтік үйірмелерде қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстық жарияланымы: Жұмыс «Infourok.ru» ақпараттық педагогикалық порталына «дене тәрбиесі» саласы бойынша . «Мектептегі денешынықтыру сабағындағы гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру» атты әдістемелік мақала ретінде жарық көрді. (Сертификат қосымшада берілген).






































МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Мектеп оқушыларына гимнастикалық

жаттығуларды ұйымдастырудың жолдары, әдістемесі

2. 7-8 сыныптарға арналған қозғалыс ойындарының мысалдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер









  1. Мектеп оқушыларына гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастырудың жолдары, әдістемесі

Қазіргі кезде орта және жоғары білім мамандарына оқытушы кадрларын дайындаудың деңгейін жақсарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың білімі мен тәрбиесін жаңа бір деңгейге көтеріп, өзіндік еңбек өміріне баулу сияқты талаптар, міндеттер қойылып отыр.

Педагогикалық кадрларының шығармашылық еңбек жұмысын арттыруға, психофизикалық ауытқусыз қызмет жасауға, педагогтардың әлеуметтік белсенділігін кеңейтуге аса үлкен үлесін, пайдасын дене тәрбиесі арқылы алуға болады.

Болашақ ұстазға дене мәдениет оның профессионалды бағытына ұйымдастырушылық- педагогикалық, психология-педагогикалық комплексінде тұлғасына әсер етеді. Оның нәтижесінде тұлғасына мына бір жағдайлар қамтамасыз етеді.

  • Біріншіден, тұлғаның дене мәдениетін, әлеуметтік

жағдайын, психофизикалық өзіндік тәрбиесін қалыптастыру арқылы оның педагогикалық қызметінің сәтті өтуіне, салауатты өмір салтын ұйымдастыруға, ой еңбегі мәдениетін жақсартуға болады.

  • Екіншіден, оқушылармен дене тәорбиесі және спорт

тәрбиесіне компонентті түрде қолданып, баулу арқылы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қызықты демалысына, күнделікті түрде дене тәрбиесімен шұғылдануына әсер етуге болады.

Мектептің барлық педагогикалық ұжымы оқушылардың дене мәдениетіне мән береді. Ұстаздардың бірлесіп, келісіммен жұмыс істеу арқылы оқушылардың денсаулығын ныңғайтуға, физикалық мүмкіндіктерін дамытуға, ой және дене еңбегін артттыруға, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуге болады.

Дене тәрбиесінің көптеген қырларын, сондай-ақ профессионалды- педагогикалық білімді жетік меңгерген әр ұстаздың шығармашылық және танымдық белсенділігі артады.Ең бастысы, ғылыми профессионалды деңгейінің дайындығы жоғары түрде дамып, оқытушы кадрлардың профессионалды еңбегінің тұрақты болуына, әрі өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауға, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлуге әкеп соғады.

Сабақ алдында жүргізілетін гимнастика.Дене сауықтыру жұмысының негізгі бөлігі күнделікті мектеп күнінде сабақ алдында гимнастика жүргізу болып табылады.Оқу күнінің басталуы алдында ұйымшылдық қасиеттерді дамыту негізгі мақсаттың бірі болып отыр. Осыған байланысты сабақ басталмай жатып гимнастиканы жүргізсе, онда оқушылардың күнделікті дене тәрбиесінмен айналасуға құлшыныстары артып, сабақ алдында гимнастика жүргізу әдет болып қалыптасып кетеді. Сонымен қатар мұндай гимнастика көптеген сауықтыру қызметтерін атқарады.Мысалы ағзадағы айналым үрдісінің белсенділігі артады, буын жүйесі қатайып, көңіл күйлері жақсарады. Оқушылардың еңбекке деген және сабаққа деген қызығушылықтары артады.

Гимнастиканы таза ауада жасау ағзаны нығайтып, тұмау ауруларына қарсы ағзаның күресуіне әкеп соғады.

Егер де гимнастика таза ауада жүргізілетін болса, онда оқушыларды біраз жүгіртіп, спорттық ойындар өткізуге болады. Гимнастиканың сабақ алдында жүргізілуінің ең басты бөлігі дене жаттығулары болып табылады. Олар өз кезегінде буын тобына арналып бағытталады. Әр комплекске 5-7 жаттығу жатады.

Комплексті бастаған және аяқтаған кезде орында жүру жаттығуын орындау қажет. Жаттығулардың барлығы дене тәрбиесі сабағында көрсетіледі.Жаттығулардың алмасуын аптасына бір реттен кем емес орындау керек.

Дене тәрбиесі минутасы. Ғалымдардың пікірінше, оқушылардың сабаққа назар аудару белсенділігінің жалғасуы әр түрлі болады. Мысалы, бірінші сынып оқушыларының назар аудару белсенділігі 15-20 минутқа созылады. Ал жоғары сынып оқушыларында 20-25 минутқа дейін жалғасын табады. Сабақ кезінде оқушылардың мына дене мүшелеріне салмақ түседі. Олар көз, есту қабілеті, дене буындары, қол буындары, қан айналу үрдісі қиынға соғаы, әсіресе жамбас бөлігі көп зардап шегеді.

Шаршаудың ең бастапқы кезеңінде оқушылар тынымсыз болып, басқа жаққа көңіл аудара береді. Сабақ кезінде сөйлесіп, тұрған орынын ауыстырып, оқытушы сөздеріне аса назар аудара қоймайды. Бұл әлбетте оқушылардың өзін өзі сақтау реакциясы болып табылады. Осындай жағдайда ұстазға оқушылардың атынан белгі беріледі, яғни мұндай әрекеттер оқушылардың аса қатты шаршағанының белгісі болып табылады.

Жоғарыда аталып өткен оқушылардың тынымсыздық деңгейін азайту үшін басқа спорт түріне немесе ұйымдасқан жағдайда дене тәрбиесі минутында дене жаттығуларын жасау аса маңыздырақ болады.

Дене тәрбиесі минутасы сыныпта педагогтың немесе дене тәрбиесі мұғалімінің бақылауында жүргізіледі. Бұндай жаттығулар 1-2 минуттан аспауы тиіс. Осындай дене тәрбиесі минутасын оқушылардың сабақ кезінде шаршау белгілері көрінсе, онда оқушылардың назары төмендеп, белсенділігі жойылған уақытта жүргізген абзал.Сабақты жүргізіп жатқан ұстаз дене тәрбиесі минутасын қашан өткізгісі келсе өз еркі болады. Мамандар дене тәрбиесі минутасын, әсіресе бастауыш сыныптарда барлық сабақтарында өткізу керек деген ақыл - кеңес ұсынады. Сабақ қызметінің түріне байланысты оқушылар жаттығуларды тұрып орындау керек.

Дене тәрбиесі минутасында жүргізілетін комплексті жаттығулар 3-5 жаттығудан құралып, 4-6 рет қайталанады. Комплекске жеңіл, жай, қозғалыстың қиын координациясын қыжет етпейтін жаттығулар кіреді. Бұндай жаттығулар көбінесе буын мүшелеріне бағытталуы керек.Негізінен оқушы отырған қалыпта жұмыс істемейтін буындарға жаттығу жасату аса маңызды. Дене тәрбиесі минутасына еңкею, жартылай еңкею, отыру, жартылай отыру, қолды қозғалту, керілу сияқты жаттығулар кіреді.

Қозғалыстағы қоңыру кезінде оқушылардың белсенді демалуын ұйымдастыратын жалпы басқарма дирекциясы қабылдап, тәрбие жөніндегі меңгеруші іске асырады. Меңгеруші сабақ режимінің атқарылуын бақылап, ұйымдастырушылық сұрақтарын шешуге көмектесіп, белгілі бір бөлмеде қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілу кестесін құрастырады.

Қоңыру кезінде ойындардың тұрақты жүргізіліп тұруына жауапты сынып жетекшілері болады. Дене тәрбиесі мұғалімі сабақтан тыс жұмыстармен айналысатын меңгерушімен бірлесіп, әр сыныпқа қозғалыстағы қоңырау кестесін құрастырады. Педкеңесте айына бір рет қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілуі мен ұйымдастырылуы бойынша сөз қозғалады.

Оқушылардың қозғалыс белсенділігін, денсаулығын арттыру мақсатында таза ауада жаттығулар жүргізілу керек деген пікірге ешқандай ұстаз қарсы болмаған. Сондықтан мектеп ауласында арнайы ойын ауданын белгілеп алу керек. Ол өз кезегінде ауданы 20х 35 м, ұзындығы 16-20 метр болып, еніне белгі қою қажет.Мұнда қоңырау кезінде жиі қолданылатын жаттығулар, ойынджар жүргізіледі.

Қозғалыстағы қоңырауды ұйымдастырған кезде мектеп кеңсесінде жаттығулар спорт залдарында өткізіледі.Оқушыларды тез арада ұйымдастыру үшін қозғалыстағы қоңырауда неше түрлі ойындар ждүргізуге болады. Мысалы гимнастикалық орындықтан, обруч арасынан өту ойынын өткіземіз. Бұндай жаттығулар негізгі ойынды бастар алдында дайындық ретінде жүргізіледі. Оқушыларды санақ бойынша, капитанды өз таңдаулары бойынша топ- топқа бөліп, ойынды бастаймыз. Уақытты көп жоғалтпау үішн туларды, ленталарды, доптарды қолдануға болады.

6-7 сыныптарда топ- топқа бөлу үрдісі 2-3 капитанды таңдаумен жеңілденеді. Ал капитандар өз кезегінде ойыншыларды таңдау құқығына ие болады. Қозғалыстағы қоңыруды жүргізу сынып оқушылармен тәрбиелік жұмысты өткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қоңырау кезінде оқушыларға ойынның шарты түсіндіріліп, ойынға қойылатын талаптар айтылады.

Осындай жағдайда ғана оқушыларға моральды және бостандық қырларына тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуге болады. Ойынды бастамас бұрын мұғалім ойынның атын және ойын шарты мен талаптарын түсіндіреді. Бұндай еске түсірулер қысқа және ұғынықты болу керек. Өйткені бастауыш сынып оқушылары ойынды тез бастап кеткісі келеді.Қозғалыстағы қоңырау кезінде оқушыларға мәлім, не болмаса жеңіл ойындарды жүргізу тиімді. Егер де жаңа ойын, оқушылар білмейтін ойын ойналатын болса, ұстаз ойын шартын түсіндіргеннен кейін, қалай ойнау керектігін көрсетеді. Содан кейін ғана ойын өз шарты борйынша өткізіледі.

Оқушыларға салмақ түсіру ісі былай жүргізіледі: басында салмақ түсіру ақырындап жүргізіледі, қоңыраудың ортасында негізгі тапсырма беріліп, кейін салмақ азайтылады. Қоңырау соңында назар аудару ойындарына көп көңіл бөлу керек.

Апта бойы салмақ түсіру ісі былай жүргізіледі. Аптаның басында жылдамдыққа назар аударылады, аптаның ортасында жылдамдық- күшке, аптаның аяғында беріктілікке көп көңіл бөлінеді. Әр қоңыруда негізні тапсырма, дайындық және қорытынды тапсырмалар өткізіледі.

Қозғалыстағы ойындарды ұйымдастыған кезде дене салмағына бақылау жүргізіліп, оқушының ойлау қабілетіне қандай әсерін тигізетінін ескеру қажет.

Қозғалыстағы қоңырау кезінде дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының мазмұны мынаған сәйкес келеді: әр оүрлі жылдамдықта жүгіру, секіру, керілу, гимнастикалық таяқшалармен жаттығулар орындау т.б. Осы жаттығулар қозғалыстағы ойындарда, сондай- ақ қоңырау басында және аяғында қолдануға болады. Дегенмен ұйымдастырылған қоңырудың негізгі мазмұны- қозғалыстағы ойындар болып табылады. Жаттығуларды орындаған кезде оқушыларда сүйікті ойындары айқындалады. Оларды күнделікті қолдануға болады. Дгенмен оқушыларға қазіргі таңда аса керекті ойындар ұсынылады. Оқушыларға ойындарды ұсынған кезде бұйыру сөздері қолданылмауы керек. Оқушылардың қызығушылығына сәйкес, сөйлесу формасын ұстанған жөн.

Дене сауықтыру, шынықтыру жұмыстарында негізгі оырнды қоңырау кезінде қолданылатын қозғалыс ойындары алады.

Сабақ кезінде және қоңыруда қолданылатын қозғалыс ойындарды жиі қолданған кезде, оқушының сабаққа деген қызығушылығын тудырып, барлық ағзасына әсер етеді. Сабақ кезінде жаңа тақырыпты терең меңгеруге де ықпалын тигізеді. Сонымен қатар жақсы ұйымдастырылған сабақ кезінде және қоңырауда қолданылатын қозғалыс ойындары оқушылардың гиподинамияға қарсы ағзаның күресуі үетіле түседі. Гигиеналық нормаларға сай келетін, температура жағдайы қалыпты ашық таза ауада үлкен қоңырауда қозғалыс ойындарын жүргізу тиімді.

Оқушылардың психика- физиологиялық және жас мөлшеріне қарай белсенді демалысты ұйымдастырған кезде жалпы принциптерге жүгіну керек. Мұнда айқындалған талаптарға сай ойындарды жүргізу қажет. Дне шынықтыру сабақтарында бекіткен бағдарламаға сәйкес және оқушылардың жас сөлшерін ескере отырып қозғалыс ойындарын, спорттықойындардың элементін, кіші спорттық инвентарды қолдана отырып, жаттығуларды орындауға болады.

5-6 сынып оқушылары басқа кіші сыныптардан қарағанда жауапты келеді. Бұл сыныптарда оқушылар арасында шешімін өздері табуға тура келетін ойында аса қызығушылықты тудырады. Дгенмен мұғалім оларға ойындарды ұйымдастыруға көмектеседі. Керек жағдайда әділ- қазының рөлінде болады. 4 сыныптан бастап ұлдар және қыздар арасында қозғалыс ойындары өзгеріп, әртүрлі түрге ие болады. Мұнда ұлдарға және қыздарға арналған бөлек оойындарды өткізу керек. Қозғалыс лойындарын барлық сабақтарда қолдануға болады. Ойындар негізінен сабақтың басы мен аяғында жүргізіледі.4-6сыныптарда бұрын қолданған көптеген ойындар өткізіледі. Мұнда әр түрлі жылдамдықтар іске асырылады және қиындықтар күрделене түседі. 1-3 сыныптарға қарағанда 4-6 сыныптарда ойындардың уақыты ұзақтау болады. Оқушылар ұжымдасып ойнауға үйренеді. Мұнда көбінесе топтық ойындар қолданылады. Орта жастағы оқушылар жарыстарға көп қатысады.Қозғадысы жылдам, секіру орйындарын жүргізуге көп мамандар ұсынады. Физикалық қабілеттерінің күшеюіне байланысты оқушыларға күшті қолдану үшін ойында өткізіледі. Ондай ойындардың уақыты аз болады. Ал мұғалім қарсылыстардың барлық қозғалыстарын бақылап тұрады. Оқушылардың жылдамдығын дамыту үшін лоар қозғалыста болу керек.Оқушыларды шаршатпау үшін ойындарды 15минуттан артық жүргізбеу керек. 4-6 сыныптарда топтық ойындарда рөлдерді дифференциялауға болады.Оқушылар спортқа, спорттық ойындарға көп қызығушылық білдіреді. Сондықтан көптеген қозғалыстағы ойындарға әр түрлі спорттүріне жататын ойынның элементі қолдангылады.

Кейбір ойындарда бағдарлама бекіткендей алғы рөлдерді ойынның басын да аяғын да бір кісі орындауы керек. Осындай ойындарға белсенді, дайындығы мол оқушыларды қатыстыру керек. Осындай оқушыларды таңдаған кезде сыныптастарының пікірін де білу қажет. Себебі өз сыныптасының қабілеті қандай деңгейде екенін біледі. Оқытушы алғы рөлдегі ойыншыға тән қасиеттерді айтып, сол ойыншыны таңдайды. Басқа да таңдау жұмыстарын жүргізуге болады.Қозғалыстағы ойындарда топтық ойындар негізгі орынды алады. Сондықтан оқушыларға топпен жұмыс істеуге үйрету керек. Осыған орай оқушылар эстафета кезінде, жарыстарды шыдамсыз болғандықтан, оларды бір топқа 8-10 адамнан бөлу керек. 4-6 сынып оқушыларында қозғалыс ойындарына ққызығушылығы арта түседі. Оларды ойын нәтижесі емес, оының сапасы толғандырады.

Шаңғымен тебу, жүру, атлетика, гимнастика кезінде дене шынықтыру мұғалімі олардың қозғалысына қатаң талап қойып, бақылап жүреді. Ойын кезінде экономды түрде, тез жылдамдықпен ойнау үшін қозғалыстағы ойындарды қайталай берген кезде жақсы нәтижеге жетуге болады.

Бұл жастағы оқушылар өздерінің сыныптастарымен ақылдасқанды жөн көреді және кейде үлкендермен салыстырғанды олармен көбінде тіл табысып жатады. Сол себепті ұстазға кейбір жағдайларда ұжым арқылы жеке ойыншыға ықпал жасау керек.

Ұжымдылық тәрбиесіне қажырлылық пен жауапкершілік сезімін ояту үшін, септігін тигізетін сыныптастарға көмек келтіретін ойындар жақсы.

Кейбір ойындарға баскетбол белгілеріне ұқсас допты меңгеретін техника элементтері енгізіледі. Олардың орындалуына көңіл аудару қажет, құралған стеротипті қайта құрастыру қиын болғандықтан, дұрыс дағдыға үйрету керек.

Әрекеттегі келісушілікті тәрбиелеу үшін оқушыларды ойнату қажет, себебі, ойын үстінде серіктесінің әрекеттерімен санаса отырып, қарсыласының ойын үстіндегі ой жоспарын болжап шешуге мүмкіндік алады.

Кейде, таныс ойын алдын ала шынықтыру ойынында қолданылады.(сыныптағы бақылау жұмыстарынан кейін, ақырғы сабақтарда оқушылар шаршаған тұста немесе назары шашыраңқы болған уақытта)

Кейбір жағдайларда аз қозғалысты ойындар сабақтардың соңында, оқушыларды мазасыз күйге түсіру үшін және олардың назарын жүйелендіру үшін өткізіледі.

4-6 сынып оқушыларының арасында қозғалыс ойындарын жүргізгенде кезде кедесідей тапсырмалар шешіледі: ойын ережесінде гимнастикалық, жеңіл атлетикалық қозғалыстар, шаңғымен жүру белгілерін бекіту және дамыту; жылдамдықты арттыру; үлкен және кішкене доптарды лақтыру мен қағып алу дағдыларын ары қарай жетілдіру; күштің жылдамдықпен және ептілікпен дамуы, сондай-ақ әрекеттегі келісім; өзара көмекке баулу, шығармашылық қарқындылық, уақыт және кеңістік аралығында дұрыс тоқтамға келе алу.

Қозғалыс ойындары қатысушылардан арнайы дайындықтарды талап етпейді. Ойынның шарттары ойын өткізілетін алаңның жағдайына сәйкестендіріліп, оқушыларға және ұстаздарына қатысты жүргізіледі. Оларда дәл құрылған ойыншылардың саны, ауданның дәл өлшемі және де инвентарь орнатылады: волейбол және баскетбол доптары, скакалкалар, гимнастикалық орындықтар мен таяқшалар, түрлі жалаулар және т.б.

Физикалық сапа тәрбиесінде қозғалыс ойындарының мәні ерекше: жылдамдықта, ептілікте, күште, шыдамдылықта, иілгіштікте. Негізі, қозғалыс ойындарында физикалық сапа кешенді дамиды. Қозғалыс ойындарының көпшілігі қатысушылардан жылдамдықты қажет етеді (жылдам қашу, қуып жету, дыбысты және көрермен сигналдарын сезіну).

Ойындағы жиі өзгеретін ереже, қатысушылардан бір әрекеттен екінші әрекетке жылдам ауысуды талап етеді, ептілікті шыңдауғы тәрбиелейді. Жылдамдылық-күштілік бағытындағы ойындар күшті жетілдіреді. Жиі қайталанатын күйзеліс қозғалысындағы, үздіксіз қозғалғыш әрекетіндегі, энергия мен күшті көп жұмсауға байланысты ойындар, шыдамдылықты шыңдайды. Қозғалыс бағытында жиі өзгеретін ойындар, иілгіштікті тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Әрбір қозғалыс ойындары өзінің мазмұнына, формасына (құрылымы) және әдістемелік ерекшеліктерге ие болады.

Қозғалыс ойындарының мазмұны мыналардан тұрады: сюжеті (бейнелі және шартты байламдар, ойынның жоспары), ереже және қозғалыс қызметтері, ойынға енудегі басты мақсат.

Қозғалыс ойындарының формасы - қатысушылардың әрекеттер ұйымы, көзделген мақсатқа жетуге арналған кең көлемдегі әдістерді қолдана алу мүмкіншілігі. Кейбір ойындарда қатысушылар жекелей немесе топпен қызмет атқарады, ал басқа ойындарда - ұжыммен, өзінің ұжымының және тобының қызығушылығымен әрекет етеді. Сонымен қатар ойынға қатысушылардың түрлі құрамы бойынша ойындар (шашыраңқы, айнала тұру, сапқа тұру).Оның мазмұны мен формасына байланысты. Қозғалыс ойындарының әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар тән:

а) бейнелілік;

б) ережемен шектелген мақсаттарға жету үшін іс әрекеттердің өзіндік мақсаты;

в) ережемен сәйкестендірілген әрекеттегі шығармашылық ынта;

г) ойынның сюжетіне байланысты арнайы рөлдердің іске асуы, бұл ойынға қатысушылардың ұйымның өзара қатынастарын қалыптастырады;

д) ойындағы құбылыстың аяқастылығы, өзгергіштігі, қатысушылардан реакция жылдамдылығын, ынтасын талап етеді;

е) жарысу ойындарының белгілері, күштің толық қалпын талап етеді және ойындағы сезімдік күштерін жоғарылатады;

ж) ойындағы «текетірестерді» шешудегі қарсы жақтың пікірлерімен түйісуі жоғары эмоционалды тонусты қалыптастырады.

Қозғалыс ойындары физикалық мәдениет құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ әдістемесі де болып табылады. Тәрбиелеудегі ойын әдісінің түсінігі, ойынның әдістемелік ерекшеліктеріне көрініс береді, яғни, оны басқа тәрбие әдістерінен әдістемелік қатынасынан ерекшелейді (жарыстың белгілері, сюжеттілігі, көркемділігі, мақсатқа жетудің түрлі әдістері, әрекеттің өзіндік қатынасы). Ойын әдісі күрделі нұсқаланған шарттардағы қозғалыстың кешенді жетілуі басты назарда қолданылады.

Физикалық мәдениет және ойын әдісінің құралы ретіндегі қозғалыс ойындары физикалық сапаның тәрбиеленуіне және жетілуіне септігін тигізеді. Бұдан басқа, қозғалыс ойындарында гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы және басқа да спорт сабақтарында қалыптасқан шынайы әрекеттері және жекеленген дағдысы мен қабілеттілігі жетіледі және бекітіледі.

2. 7-8 сыныптарға арналған қозғалыс ойындарының мысалдары

«ҮКІ»

Дайындық. Ойыншылар арасынан «Үкі» таңдалады. Ойыншылар - «Дала тышқандары» барлық зал қабырғаларында «інде» жайылады. Үкінің «Ұясы» ойын алаңының шетінде орналасады. «Үкі» өзінің ұясында.

Бейнелеу.Ұстаз «Күн!» деп айтады. Барлық тышқандар залдың ортасына жүгіріп шығады: жүгіреді, секіреді. «Үкі» ұясында ұйықтап отырады. Ұстаз «Түн!» деп айтады. Барлық тышқандар орындарында қатып қалады, ал «Үкі» оянады, аң аулауға шығады және ойыншылардың қайсысы қозғалғандығын бақылайды. Егер «Үкі» тышқандардың қозғалғандығын байқап қалса, оларды өз ұясына әкетеді. «Үкі» ұстаз «Күн!» деген бұйрық бергенше тышқандарды аулайды. «Күн!» белгісі берілгенде «Үкі» өз ұясына ұшып кетеді. Ал ұсталмаған тышқандар «Түн!» деген белгі берілгенше жүгіреді. Ұяда 3-5 тышқан ұсталса, жаңа «Үкі» тағайындалады. Осылай бірнеше рет ойналады. Соңында бір де бір ұсталмаған тышқан және басқаларға қарағанда тышқандарды тез арада ұстаған, өте байқампаз «Үкі» аталып өтеді.

Ереже.

  1. «Үкі» ойын алаңына шыққанда, тышқандарға қозғалуға тыйым салынады. «Үкі» байқамаған жағдайда тышқандар үкінің артынан тұрысын өзгерте алады.

  2. Ұсталған тышқандар ойын аяқталып, басқа «Үкі» тағайындалғанға шейін ұяда отырады.

  3. Ұстаздың «Күн!» белгісі бойынша «Үкі» міндетті түрде ұясына ұшып кетуі керек.

«ЕМЕН ЖАҢҒАҒЫ, ІСІК, ЖАҢҒАҚ»

Дайындық... Ойыншылар үштен бөлінеді. Біріншілер - «Емен жаңғағы», екіншілері - «Ісіктер», үшіншілері - «Жаңғақтар». Бір ойын басқарушы.

Бейнелеу.Әрбір үштік: «Емен жаңғағы», «Ісіктер», «Жаңғақтар» шеңбер түзе қолдарын ұстайды. Ойын басқарушы ойын алаңының ортасында тұрады. Ұстаз «Емен жаңғағы» дегенде «Емен жаңғағы» аталған барлық ойыншылар, орындарымен ауысуы қажет, бұл уақытта ойын басқарушы қандай да бір босатылған орынды алуға талпынады. «Ісіктер» мен «Жаңғақтар» орындарымен ауысады. Сол уақытта барлық ойыншылар орындарымен ауысулары қажет.

Ереже.

  1. Ойынды тек ұстаздың белгісімен бастау керек.

  2. Әр ойыншы жүргізуші орынында болуы шарт.

«ҒАРЫШКЕРЛЕР»

Дайындық. Алаңның бұрыштары мен жақтауларында «Ракетодром» деген 5-8 үлкен ұшбұрыштар сызылады. Әрбір ракетодромның ішінде 2-5 «Ракета» жолақшалары салынады. Ракеталардың жалпы саны 5-8 дана ойыншылар санынан аз болу керек. Ал қалған ойыншылар ойын алаңының ортасында шеңберде тұрады.

Бейнелеу. Ойыншылар шеңбер бойынша қол ұстасып «Ғаламшарлар саяхатына, ракеталар тосады, қайсысын біз қалаймыз, соған барып қонады. Ойынның бір жұмбағын балақай тек есіне тоқ. Әрқашанда, әр кезде, кешіккенге орын жоқ» деп айқайлап жүреді. Осыдан сөздерден кейін барлығы ракетадромға жүгіріп, кез келген ракетаға орналасады. Орынсыз қалғандар ұстазға барады немесе залдың ортасына шегінеді.Кейін кешіккендермен қоса барлығы шеңберге жиналып ойынды қайта бастайды.

Ереже.

  1. Ойынды Оқытушы беретін белгі бойынша ғана бастау керек.

  2. «Кешіккенге орын жоқ» сөзі айтылысымен жүгіру керек.

«БІЗ КӨҢІЛДІ БАЛАЛАРМЫЗ»

Дайындық. Ойынның қарама-қарсы жақтарында немесе залда 15-20м аралықта екі «үй» бірінен бірі сызықтар арқылы ажыратылады. Үйлермен қоса ойын алаңында ойын басқарушы тұрады. Басқа ойыншылар ойын алаңының бір жағында, үй сызықтарының артында болады.

Егер ойын үлкен алаңда ойнатылса, оның жақтарын шектеу қажет, ал, сызықтарды 8010м аралықта сызу керек.

Бейнелеу Ойын басқарушы, ойыншыларға ортасында тұрып, «Бір,екі,үш!» деп қатты айтуы керек. Барлық ойыншылар хормен:

«Біз-көңілді балалар, жүгіру мен ойнауды ұнатамыз. Бізге жете алсаң жетіп ал!»

Бұдан кейін барлық балалар қарсы жақтағы үйлердің сызықтарына дейін жүгіріп барады. Ойын басқарушы жүгіргендерді ұстап алады. Барлық балалар жүгіріп келгеннен соң, ойын басқарушы тағы «Бір,екі,үш!» деп тағы да санайды, ал барлығы, төрт жолды өлең айтып, бірінші үйге жүгіреді. Ұсталғандар тағы да шеттетіледі. 2-3 айналып жүгіргеннен кейін ұсталғандар, ұсталмағандардан жаңа ойын басқарушыны таңдайды, ал ұсталғандар ойынға қайта енеді және ойын басынан басталады.

Ойын 3-4 рет өткізіледі, осыдан кейін бірде бір рет ұсталмаған балалар мен көп балалар ұстаған үздік ойын басқарушы белгіленеді.

Ереже.

  1. Тек «Бізді қуып жету» сөзінен кейін ғана басқа жаққа жүгіруге болады.

  2. Үй сызығынан жүгіріп шығып, қайта оралуға болмайды; осы әрекетпен ойнаған ойыншы ұсталған болып саналады.

  3. Ұстап алу- яғни ойыншыға қол тигізу.

  4. Ойын басқарушы үй сызығына дейін жеткен ойыншыны ұстай алады, ал, сызықтан шеттетілген ойыншыны ұсталған деп санамайды.

«ОРЫНДАРҒА ТЕЗ»

Дайындық. Барлық ойыншылар бір немесе екі бағандарға бір-бірден сапқа тұрады жәнеқолдарын алға созады, алдында тұрғандардың иығын қолының ұшымен сәл түртеді.

Бейнелеу Оқытушы белгісі бойынша: «Қашыңдар!» дегенде барлық ойыншылар жан-жаққа қашады. Екінші бұйрықта: «Орындарына тез!»

Барлығы алдыңғы негізгі жағдайға қайта тұрып, алда тұрғанның иығына қолдарын қоюы керек. Кім соңғы орын алса, сол ұтылады. Егер екі бағана ойнаса, онда ертерек реттеліп тұрған топ ұтады.

Реттелу құрылысы әр түрлі бола алады: екі сап бетерімен қарама-қарсы, екі шеңбер, серіктердің иықтарына қолдарын қою.

Ереже.1. Тек қана анықталған белгімен ғана ойынды бастау.

2. Тек қана басқарушының командасымен жүгіру.

3. Бағанаға жылдам реттелу керек, бірақ әңгімесіз және шусыз.

«Тиым салынған қозғалыс»

Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады.

Бейнелеу Оқытушы ойнаушылармен бірге шеңберге тұрады және оларға барлық қозғалысты орындауды ұсынады, бірақ олар алдын ала анықталған «тиым салынған» қозғалысты орындамауы қажет. Кім жаңылады және «тиым салынған» қозғалысты орындайды, ол айып пұл ұпай алады.

Содан соң ойын қайта жүре береді.

Ойын аяқталысымен қателік істемегендер мен ең ықыласты емес қатысушылар белгіленеді.

Ереже: 1. Ойнаушылар «тиым салынған» қозғалыстан басқасының барлығын орындауы міндетті.

2. Айып пұл ұпай алғандар ойынды жалғастырады.

«Пішіндер»

Дайындық. Ойынды бастап жүргізетін ойыншыдан басқа ойыншылар алаң бойынша жүгіреді және кім не қалайды соны ойнайды. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы алаң жағының біреуінде орналасады.

Бейнелеу Жүргізетін ойыншының бірінші белгісімен ойнаушылар тоқтатылады және олардың әрбірі қандай болмасын дене тұрысын қабылдайды. Екінші белгі жалауды қағуымен алаңға ойынды бастап жүргізетін ойыншы шығады. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы қозғалған ойыншы көріп қалып оны қолмен тиеді. Осыдан кейін «Ойнандар!» деген үшінші белгі беріледі. Барлығы жаңадан жүгіреді.

Ойынды бастап жүргізген ойыншы қолмен тигізген ойыншы ойынды бастап жүргізеді, бұрынғы ойынды бастап жүргізген ойыншы бәрімен қайта бірдей ойнайды.

Ереже: 1. Ойынды бастап жүргізген ойыншы бір ойыншыны қайта-қайта бақылап тұруға құқығы жоқ.

  1. Қабылданған дене тұрыстарын алмастыруға болмайды.

«Ортаңғыға доп»

Дайындық. Ойнаушылар 3-4 командаға бөлінеді. Әрбір топойыншылары қолдарың жан-жағына керілген ара қашықтықта шеңберге тұрады. Шеңберлердің сызықтары сызықпен белгіленеді. Әрбір шеңбер ортасына волейбол добымен ойынды бастап жүргізуші ойыншы кіреді.

Бейнелеу Оқытушының белгісімен ойынды бастап жүргізетін ойыншы ойыншылардың біреуіне допты тастайды, ол ойынды бастап жүргізген ойыншыға қайтарып береді. Дәл осылай әрбір ойынды бастап жүргізген ойыншы өзінің шеңбердегі барлық ойыншыларға бреді. Ойынды бастап жүргізген ойыншы соңғы ойыншыдан допты алып, допты жоғары көтереді. Қай команда ойыншылары допты асыра лақтыруды ертерек аяқтаса, сол ұтады.

Ереже: 1. Оқытушының белгісімен ойынды бастау.

2. Ойынды қайта ойнаған жағдайда ойынды бастап жүргізетін ойыншы болып басқа ойыншы тағайындалады.

«Дауыс арқылы біл»

Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады. Бір ойыншы шеңбердің ортасына тұрады және көзін жабады (көзді ормалмен не мойын орағышпен байлауға болады).

Бейнелеу Барлық ойнаушылар шеңбер бойымен жүреді, ортасында көзі жабылған ойынды бастап жүргізетін ойыншы болады.

Ойыншылар басқарушының артынан шеңбер бойымен жүреді, оның қозғалыстарын қайталап, содан кейін тоқтайды және былай деп айтады: «Біз аздап ойнадық, ал қазір біз шеңберге тұрдық, сен жұмбақты тап, кім сені шақырды, біл!» Басқарушы бір ойнаушыларды үнсіз көрсетеді, ол айқайлайды: «біл, мен кім!».

Ойынды бастап жүргізген ойыншы оны дауысы арқылы білуі қажет. Егер ол таңыса, таңылған ойыншы ойынды жүргізуші болады, егер қателесе, онда ойын қайта басынан басталады.

Ереже. 1. «Біл, мен кім!» деген сөзді тек басқарушы көрсеткен бір ойыншы ғана айтады.

2. Ойынды бастап жүргізген ойыншы айтып жатқан ойыншы айтып болғанша көзін ашуға құқығы жоқ.

«Нысанға мерген»

Дайындық. Алаң ортасына сызық сызылады, бойлай 10 күрзілер қойылады.

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді және бір саппен бірінін артынан бірі күрзілерге бетпен алаңның бір жағында тұрады. Алда тұрған саптың ойыншылары кішкентай доптарды алады.

Сап алдында мәре сызығы сызылады.

Бейнелеу Ойыншының анықталған белгісімен бірінші саптың ойыншылары күрзілерге доптарды лақтырады, оларды ұшырып түсіруге талпынады. Ұшырып түсірілген күрзілер саналады және қайта орнына қойылады. Допты лақтыратын балалар жүгіріп оларды алады және келесі команда ойыншыларына береді, ал өздері олардың артында сапқа тұрады.

Оқытушының белгісімен екінші саптың қатысушылары тағы да солай күрзілерге доптарын лақтырады. Тағы да ұшырып түсірілген күрзілер саналады. Дәл осылай 2-4 рет ойналады.

Бірнеше рет көбірек күрзілерді ұшырып түсірген команда жеңеді.

Ереже. 1. Допты тек басқарушы белгісімен ғана лақтыруға болады.

2. Лақтыру барысында мәре сызығынан шығуға болмайды. Сызықтан атап өткен лақтыру саналмайды.

«Сүрлеу жол»

Дайындық. Ойнаушылар 8-10 адамнан топтарға бөлінеді. Әрбір топ қолдарын алып шеңберді құрайды.

Бейнелеу Ойын шеңбер арқылы оң жаққа жүгірумен басталады. «Сүрлеу жол» белгісімен әрбір шеңбердің ойыншылары бағанға реттеліп және отырулары кажет. Басқарушы «төмпешік» белгісін бергенде, әрбір шеңбер 2 шағын топқа бөлінеді, ойыншылар қолдарын қосады және жоғары көтереді. Әрбір орындалған тапсырмадан кейін ойын ойнаушылардың шеңбермен оңға жүгірістерімен ойналады.

Ереже. 1. Басқарушы әрдайым қай топ тапсырманы дұрыс орындайтынын белгілейді де оған ұтымды ұпай есептейді.

2. Ұтымды ұпай жинаған ойыншылар командасы жеңеді.

«Аюдың қылқанды орманында»

Дайындық. Барлық ойнаушылар алаңның бір жағында орналасады. Қарама-қарсы жақта сызық сызылады - «орман жұрындауы». Сызықтан 2-3 қадамнан кейін «аю апаны» орналасады.

Бейнелеу Ойнаушылар «аю апанына» жақын келеді және жидектерді және саңырауқұлақтарды жинауды еліктеп қозғала бастайды, барлығы бірге үкім етеді: «аюдың қылқанды орманында жидек саңырауқұлақтары аламын, ал аю отыр және бізге ырылдайды». Балалар соңғы сөздерін айтқанда, «аю» апанан ырылдап ұтып шығып біреуді ұстап алуға тырысады.

Ереже. 1. Ұсталған ойыншыны апанға апарады. Ойын 3-5 ойыншы ұсталғаннан кейін аяқталады.

2. «Аю» келбетінде кез келген ойыншы бола алады.

«Торғайлар»

Дайындық. 4-6 диаметрлі шеңбер сызылады. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы шеңбердің ортасында тұратын немесе отыратын «мысық» тағайындалады. Қалған ойыншылар «торғайлар» шеңбердің сыртында болады.

Бейнелеу Басқарушының белгісімен «торғайлар» шеңберге секіріп кіреді және шеңберден секіріп шығады. «Мысық» шеңберден секіріп шыға алмаған торғайды ұстап алуға тырысады. Ұсталған шеңберде ортасында отырады немесе сәл отырады. Мысық 3-4 «торғай» ұсталғаннан кейін ұсталмағандардан жаңа «мысық» таңдалады. «Мысықпен» ұсталған «торғайлар» қайта ойынға қосылады. Ойын қайта басынан басталады. Бірде бір ұсталмаған жеңеді. Сонымен қатар тез белгіленген «торғай» санын ұстаған «мысық» та белгіленеді.

Ереже. 1. «Мысық» «торғайларды» тек шеңберде ғана ұстауы мүмкін.

2. «Торғайлар» тек бір не екі аяқпен ғана секіреді. Кім шеңбер арқылы жүгіріп өтсе, ол ұсталған болып саналады да шеңбер ортасына «мысыққа» барады.

3. Ұсталған «торғай» болып саналады, егер «мысық» оны қолымен тисе, ол шеңберде бір аяқпен болған жайдайда да.

«Қояндар бау-бақшада»

Дайындық. Екі сызық сызылады: 6-8м сыртқы диаметрі, 3-4м ішкі (біреуі біреуінде). Ойынды бастаушы - «күзетші» кіші шеңбер «бау-бақшаға» тұрады. Қалған ойыншылар «қояндар» үлкен шеңбер сыртында орналасады.

Бейнелеу Белгі берілгенен кейін «қояндар» бір не екі аяқпен секіріп «бау-бақшаға» кіші шеңберге кіруге талпынады. «Күзетші» үлкен шеңбер сыртына шықпай, «қояндарды» ұстауға, яғни қолымен тиуге талпынады. Ұсталған «қояндар» шетке шығады.

3-5 «қоян» ұсталғанан кейін жаңа «күзетші» тағайындалады және ойын қайта басынан басталады. Бірде бір ұсталмаған жеңеді.

Ереже. 1. «Күзетші» «қояндарды» бау-бақшада да, үлкен шеңберде де ұстауы мүмкін.

2. Ұсталған «қояндар» ойынға қосылмайды, қайта жаңа «күзетші» тағайындалмағанша.

«Доптардың бастың үстімен берілуі»

Дайындық. Ойыншылар бірнеше топтарға бөлінеді және бір-бірден бірі-біріне параллельді бағанға реттеледі. Бағанадағы ойыншылар қолдарын жан-жаққа керілген арақашықтықта орналасады. Алда тұрған бағаналардың доппен.

Бейнелеу Оқытушының белгісімен алда тұрған ойыншылар бастарының үстімен арта тұрған ойыншыларға береді. Олар да осы тәсіл арқылы допты арта тұрғандарға бағана біткенше береді.

Әрдайым бағанадағы соңғы ойыншы допты алғаннан кейін өз бағанасының сол жағымен жүгіріп, бірінші болып тұрады да допты басының үстімен артқа береді. Ойынды бастаған бірінші ойыншы бағанның өзінің алдыңғы орнына келгенше ойын жалғаса береді. Өз орнына келгесін, ол допты жоғары көтеруі қажет.

Бірінші болып жеткен команда жеңеді және ұтымды ұпай алады.

Ереже. 1. Допты тек өзінің көрші тұрған ойыншыға ғана беруге болады. Допты бірнеше ойыншылар үстінен лақтыруға тыйым салынады.

2. Допты құлатып алған ойыншы өзі допты көтеріп, орына тұрып және допты артында тұрған ойыншыға беруі қажет.

3. Әрдайым ең соңғы ойыншы бірінші орынға жүгіріп келгесін, барлық баған артқа жарты қадамға жылжуы керек.

4. Ең көп ұпай жинаған команда жеңеді.

«Бос орын»

Дайындық. Ойынды бастап жүргізетін ойыншыдан басқалары бір-бірінен жарты қадамнан көп емес арақашықтықта шеңберге тұрады және қолдарын арқларына салады. Ойынды бастаушы шеңбер сыртыңда болады.

Бейнелеу Ойынды бастаушы шеңбер бойымен жүгіреді, ойнаушылардың біреу тиеді және осыдан кейін шеңбер бойымен басқа жаққа жүгіреді. Тиген ойыншы қарама-қарсы жаққа жүгіріп, өз орына тез жетуге талпынады. Ойыншылар жолда кездесіп, амандасады: бір-біріне қолдарын береді, бір-бірлерінің алдарында отырады және т.с.с. Бос орынды ала алмаған ойыншы ойынды бастап жүргізеді.

Ереже. 1. Ойынды бастаушы ойыншының қолынан тиісуі қажет, оны жүгіру жарысына шақыру.

2. Ойыншылар шеңберді бойлап жүгіргенде оларға ешкім кедергі тигізбеуі керек.

3. Ойыншылар кездескенде міндетті түрде тапсырманы орындаулары қажет, кім тапсырманы орындамаса, сол ойынды бастап жүргізетін ойыншы болады.

«Екі аяз»

Дайындық. Қарама-қарсы алаң жақтарында 10-20м арақашықтықтағы екі «үй» сызылады. Біреуінде барлық ойыншылар болады, тек екі «аяздан» басқлары, олар ортада тұрады.

Бейнелеу Аяздар сөйлейді: «Біз екі жас ағайындылармыз, ер жүректі екі аяз». Біреуі сөйлейді: «Мен аяз - қызыл мұрынды». Екіншісі: «Мен аяз - көк мұрынды». Және бірге: «Қайсыларының біреулерін жолға шығуға шешім қабылдайды?». Балалар барлығы бірге жауап береді: «Біз қорқытулардан қорықпаймыз және бізге аяз қорқынышты емес!».

Осыдан кейін ойнаушылар қарама-қарсы үйге жүгіреді. «Аяздар» қолдарымен тиген ойыншылар «тоңазытылғандар», келесі жүгіруге дейін орындарында тоқтап тұрады. Дәл осылай келесі жүгірулер өтеді. Жүгірудегі ойыншылар аязбен тоқтатылған ойыншыларды қолдарымен тиіп көмек көрсете алады. Көмек көрсетілгендер барлығымен сызықтан жүгіріп өтеді. Кім көп ойыншы тоқтатса сол ең мықты «аяз» болып саналады.

Ереже. 1. «Бізге аяз қорқынышты емес!» деген сөздерден кейін ғана ойыншылар үйден жүгіріп шығады.

2. Үйден шыққаннан кейін қайта үйге кіруге болмайды.

3. Ұсталған ойыншы «тоңазытылған» жерде тұруы шарт.

«Табандар және шортандар»

Дайындық. Ойыншылар - «тбандар», тек бір ойынды басқарушыдан басқалары 2-3м бөлменің қысқа жағында сызылған сызықтан кейін тұрады. Екінші сызық қарам-қарсы жақтағы оқу орынында белгіленеді. Алаңның ортасында ойынды бастаушы «шортан» орналасады.

Бейнелеу Оқытушының белгісімен «табандар» қарама-қарсы жақтағы сызыққа қарай өтеді. «Шортанмен» ұсталған «табандар» шетке қарай тұрады. Жүгіріс қайталанады. Ұсталған «табандар» бірнешеу болғанда, олар қол ұстасып «ау» құрады, ол арқылы ойыншылар жеңіл өтеді де, кейін олар «себет» құрады, бұл жерде бүкіл «табандар» өтуі керек. «Шортан» «табандарды» «себттен» тыс ұстайды.

Ереже: ойын оқытушының белгісімен басталады.

«Допқа тура тигіз».

Дайындық. Ойыншылар бір-бірінен аралығы 18 м болатын 2 тізбекке тұрады. Алаңның ортасында волейбол добы орналасқан.

Бейнелеу 1-ші қатардағы ойыншыларға кішкентай доп таратады. Оқытушы белгі бергенде, ойыншылар кішкене допты ортада тұрған волейбол добына тигізуі керек. Допқа тигізген кішкене доптар шетке қарай қойылады. Бұл доптарды қарама-қарсы тұрған ойыншылар жинап алып, енді өз кезектеріне кіріседі. Допқа тигізген сайын ол ары қарай жылжиды. Қай команда допты сызытан асырса, сол жеңімпаз атанады.

Ереже. 1. Ойын оқытушының белгі беруімен ғана басталады. 2. Командалардың допқа лақтыруы шексіз болады.

«Нөмірлерді шақыру»

Дайындық. Ойыншылар 2-4 команда болып бөлінеді және бір-біріне параллель тұрады.

Бейнелеу Әр топта ойыншылар санаққа түседі. 2 м аралығында ойыншылар тұрған жерде, мәрі сызығы сызылады. Жол бойы 10-15 м аралығында таяқшалар қойылады. Оқытушы ойыншыларды нөмірлерін атап шақырады, бірақ өз қалауы бойынша. Кейбіреуін екі реттен шақыруы мүмкін. Шақырылған ойыншылар қатардың оң жағынан жүгіріп шығуы керек. әрбір жүгіріп келген ойыншы қайта өз орнына тұрады.

Мәреге бірінші болып жеткен ойыншы өз командасына ұпай әкеледі. Ұпайы ең көп команда жеңіске жетеді.

Ереже. 1. Егер, екі команданың ойыншылары мәреге бірге келсе, онда ұпай ешкімге берілмейді.

2. Егер ойыншы мәреге дейін жетпесе, ұпай оның қарсыласына беріледі.

«Бір төмпешіктен екінші төмпешікке»

Дайындық. Ойыншылар 3-4 топқа бөлініп, сызықтың қасына тұрады. Жүгіру сызығынан мәреге дейін 10-12 шеңбер - «Төмпешік» сызылады. Диаметрі 25-30 см.

Бейнелеу Оқытушының белгі беруімен ойыншылар «Төмпешіктен» «Төмпешікке» секіреді. Мәреге жеткеннен кейін, жүгіріп қатуы керек. Бірінші болып жүгіріп келген ойыншыға ұпай беріледі. Ойын бірнеше рет өткізіледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

Ереже. Ойын оқытушының белгісімен басталады.

«Қарапайым салкалар»

Дайындық. Ойыншылардың біреуі - «Салка». Бұл ойыншы қолына көзге түсер орамал алып, ойынның басталар алдында, алаңның ортасына тұрады. Қалған ойыншылар алаңдағы кез-келген орынға тұрады.

Бейнелеу Ортада тұрған ойынша орамалды көкке көтеріп «Мен - салка!» деп айқай салады. Осыдан кейін ол ойыншыларға қарай жүгіріп, біреуін қолмен тигізуі керек. Егер ол бір ойыншыны жетіп алса, сол «Салка» болады, оған орамал беріледі. Ойыншылардың ішінде «Салка» болған ойыншы жеңіледі.

Ереже. 1. «Салка» болған ойыншы басқа ойыншыны ұстап алар алдында «Мен - салка!» деп айқайлау керек.

  1. Жаңа «Салка» болған ойыншы сол уақытта басқаны ұстауға болмайды.

«Бір аяқта тұрып салка болу»

Дайындық. Ойыншылардың ішінен «Салка» сайланады, қалған ойыншылар кез-келген орынға орналасады.

Бейнелеу «Салка» бір аяқта секіріп, басқа ойыншыны жүгіріп, ұстап алуға тырысады. Жетіп алғаннан кейін олар рөлдерімен ауысады.

Ереже. 1. Ойын оқытушының белгісімен басталады.

2. Уақыт аралығында аяқты ауыстырып отыруға болады, бірақ жүгіріп кетуге тыйым салынады.

«Таңбаланған»

Дайындық. Ойыншылар ішінен ойын жүргізушіні - «таңбаланғанды» таңдайды.

Бейнелеу . Қалған ойыншылар алаң бойынша жүгіреді, ал «таңбаланған» оларды ұстайды. Ұсталған ойыншы «таңбаланған» болады.

Ереже. Егер «таңбаланған» жүгіргенде, ойыншының басқа ойыншы жолын жауып тұрса, онда қуып жүрген ойыншы керісінше ойыншыны ұстап алуы керек.

«Атты-спортшылар»

Дайындық. 2 м аралығында алаңның ұзындығы бойынша «тұрақ» құрады. Олардың саны ойыншыларға қарағанда 3-ке кем болуы керек. Барлығы бір шеңберде тұрады. Әрбір «ат үстіндегі» ойыншы спорттық аттың шығуын суреттейді.

Бейнелеу. Оқытушының айтуы бойынша, «аттың қадамы!» дегенде ойыншылар жүре бастайды, тізесін биікке көтереді, тізесі қолдың алақанына жетуі керек. «Бұрылу» командасында «аттылар мен аттар» дөңгеленіп бұрылады. «Желе жортып» деген командада «аттар» шеңбер бойынша жүгіреді. Бұйрықтар 2-3 рет қайталанады. «Тұраққа!» бұйрығымен барлығы жүгіріп, белгіленген орынға тұруға ұмтылады. «Тұрақсыз» қалып қойған «аттар» жеңіледі.

Ереже. 1. ойында барлығы тізесін биікке көтеріп жүгіреді, ережені бұзғандар жеңілген болып табылады.2. Бір-бірін итеруге тыйым салынады.



Қорытынды

Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.

Мектеп бағдарламасындағы денешынықтыру сабақтарында оқушыларды гимнастикалық жаттығуларды жасауға, жаттығулардың түрлері мен олардың қимылдық ерекшелігін, денсаулыққа пайдалылығын ескерту жұмыстарын жүргізу - мұғалімнің міндеті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің қазақстан халқына жолдаған кезекті үндеуінде: «Спорт - әлем елшісі. Спорт - денсаулық кепілі. Жастар мен өскелең ұрпақты түгелдей спортқа жұмылдыру керек» дегенді. Міне, Елбасы жолдауына қолдау танытып, жас буынның денесін қатайтып, спорттық іс-шаралар мен түрлі олимпиада, байқауларға тарту, оларды ұйымдастыру жұмыстары біздің курстық жұмысымызда түгелдей айтылып, әдістемелік көмекші құрал ретінде қамтылды.

Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету - педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау - білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген. Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды.

Ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені - мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Жүрген жерінің жүрегіне айнала білетін тәрбиелі, білімді, қабелетті, дарынды педагогтардың күн санап өсе түсетіндігіне біз де кәміл сенімдіміз.

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан - жақты дамуында маңыздылығы басым.

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болға адам білімді болады» - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді».

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ . Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.

Тарих көші жылжыған сайын - жаңа ұрпақ пен жаңа қоғамның жаңалықтарға деген сұранысы күн санап арта бермек. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы бүлдіршін мен қазіргі заман баласының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Тіпті, ширек ғасыр демей-ақ, әрбір бес-он жыл сайын ауысып келіп отыратын балдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың сан қырлы сипаттарын санамалап кете беруге болар еді. Өйткені айнала қоршаған ортаның, болашақты тәрбиелейтін қоғам мен заманның күнбе-күнгі өз-герісінде соншалықты шапшаңдық бар.

Дене тәрбиесі үрдісінде болашақ мұғалімдер дене тәрбиесі құндылықтарын денсаулықты нығайту, жоғары кәсіби жұмыс қабілетін, денені жетілдіру мүмкіншілігін ғана емес, оқұшылармен тәрбие жұмысында дене шынықтыруды бойынша кәсіби біліктіліктің жоғарғы деңгейін де қамтамасыз ететіндей дәрежеге меңгеруге тиіс. Мұнда мұғалім жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы ережеде тіркелген шағын міндеттермен шектеліп қалмауға тиіс. Ол дене тәрбиесін ұйымдастуырушы және насихаттаушы төреші ретінде балалардың оқуы мен демалысының гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ете отырып, олардың ауқымын кеңейтуі керек.

Болашақ мұғалімде бұл қызметтің мәніне сенім, оның нәтижесі үшін жауапкершілік, тәрбие үрдісінде әдістемелік негізін меңгеруге құштарлық болса ғана кәсіби дайындықтың осы бағдарламасын орындай алады.

Мұғалімдерді тұтастай кәсіби дайындау қрылымында олардың өз денсаулығына, кәсіптік жұмыс қабілетіне қатысы, дене тәрбиесіне қалыптасқан көзқарасы, сенімі, құнды бағдары тәрбиелік деңгейін көрсетіп, педагогикалық қызметіне, сондай-ақ бос уақытта дене шынықтыру мен спорт құралдарын нақты пайдалануы жалпы мәдени және кәсіби дамуының аса маңызды көрсеткіші болып табылады.













Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Матвеев Л.П. Теория и методика физической. - М : «ФиС», 1991 г. - 336 с.

  2. Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. У- Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 325 с.

  3. Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2006 ж. 272 б.

  4. Уанбаев Е.Қ. Дене тәрбиесінің ңегіздері. -Алматы, «Санат», 2000г - 125 б.

  5. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті мен спорттың ілімі мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2009 ж. 260 б.

  6. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2002 г. - 478 с.

  7. Теория и методика физического воспитания. / Под редакцией Б.А. Ашмарина - М.: «ФиС» 1990 г. - 234 с.

  8. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2001 г. - 143 с.

  9. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. - М.: «ФиС», 1970 г.

  10. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: «ФиС» 1977 г.

  11. 5 - 11 сыныптарға арналған мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы. (С.И. Камысбекова, Ю.Г. Тилеугалиев, С. Тайжанов) - А-Ата , 2000 г. - 47 с.

  12. Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. А-Ата, 1992 г. - 40 с.

  13. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. У-Ка, изд-во ВКГУ, 2001 г. -131с





© 2010-2022