«Жазғы олимпиада» эстафеталық ойын

Раздел Физкультура
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Жазғы олимпиада» эстафеталық ойын

Жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

Құрметті спорт жанкүйерлері бүгінгі «Жазғы олимпиада атты эстафеталық жарысымызды ашуға рұқсат етіңіз.Сайысымызды бастамас бұрын ортаға өз ұрандарымен қатысушы топ бөбектерін қол соғып қошеметпен ортаға шақырамыз!

1-ші

2-ші

3-ші

Жүргізуші:

Жарысымызды бастамас бұрын сайстын ережесімен таныс болайық.

I. «Таныстыру»

II. «Көңілді жалау» сайысы.

III. «Футбол» сайысы.

IV. «Арқан тартыс»

V. «Ауыр атлетика»

VI. «Велосипед» сайысы.

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер-деп

Әділқазылар алқасымен таныс болайық.

  1. МКҚК №50 «Заңғар» бөбекжайның әдіскері:

Сәрсенбаева С. Б.

  1. МКҚК №50 «Заңғар» бөбекжайның психологы:

  2. МКҚК №50 «Заңғар»» бөбекжайның медбикесі




Қонаққа Дәрігер Айболит келеді!

Дәрігер Айболит:

Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар:

амандасады.

Дәрігер Айболит:

Мында не болып жатыр?

Балалар:

«Жазғы олимпиада» атты спорттық жарыс болып жатыр.

Дәрігер Айболит:

Бұл сайысқа сендер дайынсыңдарма балалар?

Балалар:

Иә

Дәрігер Айболит:

Бұл жарысқа денесі шымыр балалар қатысуы қажет, алдымен

мен сендерді бір тексеріп көрейін?

1). Адам ең алдымен дені сау болу үшін нестеу керек?

Балалар: Спортпен шұғылданып, уақытында тамақтану керек.

Дәрігер Айболит:

2). Балалар біздер епті, күшіміз көп, бойымыз өсу үшін қандай дәрумендер қажет болады.

Балалар:

Алма,сәбіз, алмұрт, т.б.

Дәрігер Айболит: барлық балаларды тыңдап тексереді.

Бәрі түгел қаралды

Бәрі түгел жарамды

Дәрігер Айболит:

Балалар енді мен бой сергітіп жаттығу жасап бой қыздырғым келіп тұр.

Спорттық би:

Дәрігер Айболит: Балалармен сендермен қоштасар уақытым да келіп қалды, мен енді басқа бала бақша балаларын да сендер сияқты тексеруім қажет деп қоштасады.

Жүргізуші:

Шынықтырып денеңді,

Күш-қуат жинап бойыңа

Өзіңді сонда нағыз спортшы деп есепта.

Спортшыларға сәтті қадам!

Жүргізуші:

I-ші тур

Спорт - біздің досымыз,
Күш, қайрат сыналған.
Спорт - біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған - деп

І. «Таныстыру»

Ойынның шарты: Балалар қарсылас достарына командаларының атымен таныстырып, жалынды сәлем жолдайды.

Жүргізуші:

II-ші тур

Қалма жұрттың артында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оның да,

Жету үшін мұратқа деп-

2-ші турымызға кезек берелік «Көңілді жалау» сайысы.

Ойынның шарты: Балалар құрсаудан, құрсауға бір аяқпен мәжеге дейін секіріп өтіп, жалауды алып келу.

Нәтижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.

Жүргізуші:

III -ші тур.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші.

Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

3-ші турымызға кезек берелік. «Футбол» сайысы.

Ойынның шарты: Балалар допты кедергілер арасымен теуіп барып қақпаға енгізп, кері допты алып келіп, екінші бала жалғастыру.

Нәтижесі: допты қақпаға енгізу, жылдамдылық.

Жүргізуші:

Бүгін қызық бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Ән де салып, би билеп,

Жалғастырар ойды-ой

Алдарыңызда «Заңғар» бөбекжайының, бүлдіршіндерінің орындауында

ӘН: Балапан.

Жүргізуші:

IV-ші тур

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша.

Міне тұрмыз жараса деп-

4-ші турымызға кезек берелік : IV. «Ауыр атлетика» сайысы.

Ойынның шарты:. Балалар доғаның астынан төрт тағандап өтіп, алда тұрған штанканы 5 рет көтеріп жүгіріп келеді, келесі бала жалғастырады.

Нәтижесі: доғаны құлатпай төрт тағандап өту, штанканы дүрыс көтеру.

Жүргізуші:

V-ші тур

Ұйымшыл әрі жылдамсыңба?

Әлде балбыр боссыңба?

«Велосипед» теуіп көрелік.

Эстафеталық бұл ойында деп-

5-ші турымызға кезек берелік. «Велосипед»

Ойынның шарты: Мәжеге дейін велосипедті шапшаң теуіп бару.

Жүргізуші:

VІ. «Арқан тартыс»

Ойынның шарты: Командалар белгіленген сызық бойына тұрып, нұсқаушының ысқырығы бойынша арқанды тарту. Нәтижесі бойынша білгіленген сызықтан шыққан команда жеңіліске жетеді.

Жүргізуші:

Оысмен бүгінгі «Жазғы олимпиада» атты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар жарыстың жеңімпаздарын анықтағанша шағын музыкалық сәлемдемемізге кезек берелік. :

Алдарыңызда №50 «Заңғар» бөбекжай бөбектерінің сазды сәлемдемесін тамашалаңыздар.


БИ: «Қолшатыр»

Жүргізуші:

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті

Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз.


демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі,

Жеңімпаздарды марапаттау.

Құрметті спорт жан күйерлері,алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Баршаларыңызға денсаулық тілеймін. Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!



© 2010-2022